Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАПОНИЯМЕН КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

02.11.2018
FacebookWhatsappTelegram

Сәрсенбі, 31 қазан күні Семей қаласының Ядролық медицина және онкология орталығы мен Жапония еліндегі Нагасаки медициналық университеті арасындағы академиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Шараға қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова, Нагасаки медициналық университетінің патолог профессоры Накашима Масахиро, профессордың ассистенті Жанна Мұсажанова, Семей қаласының Ядролық медицина және онкология орталығы директоры Марат Сандыбаев және медицина қызметкерлері қатысты.

Өткен жылы ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен онкологтердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында Семей өңірі бойынша 3 жылдық білім беру бағдарламасы әзірленген болатын. Жоба аясында 2017-2019 жылдар аралығында 30-дан астам онколог мамандардың Батыс Еуропа мен Жапонияның жетекші клиникаларында біліктіліктерін жетілдіру жоспарланған.

Келісімге қол қоймас бұрын қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова Семей өңірінің медицина саласын дамытуға қосқан үлесі мен тұрғындардың денсаулығын жақсартудағы елеулі еңбегі, кәсіби шеберлігі үшін Нагасаки медициналық университетінің патолог профессоры Накашима Масахиро, профессордың ассистенті Жанна Мұсажановаға алғыс хат табыс етіп, қала әкімі Ермак Сәлімовтің құттықтауын жеткізді.

— Құрметті Накашима Масахиро мырза, қонақжай Семей қаласына қош келдіңіз! Бұл — Абай Құнанбав, Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Мұхтар Әуезовтей ұлы тұлғалардың дүниеге келген жері. Семей қаласы — Қазақстанның рухани астасы.

Кейінгі жылдары облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен медицина саласында бірқатар жобалар дайындалып, іске асырылып келеді. Мамандар шет мемлекеттерде білім алып, ауруханалар мен емханалар заманауи құрылғылармен жабдықталуда. Осы бағдарламаның аясында бүгін мамандар арасында шеберлік сыныбы өткізілуде. Дәрігерлер сындарлы диалог құрып, кәсіби білімдерін арттырып, пікір алмасты. Бұл денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің біліктіліктері мен қызмет көрсету сапасын жақсартуға ықпал етеді деп сенемін,- деді қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова.

Жоба аясында Семей қаласының Ядролық медицина және онкология орталығының төрт дәрігер патоморфологі Жапония мемлекетінің Нагасаки медициналық университетінің молекулалық патология кафедрасында «Адам бойындағы қатерлі ісіктердің морфологиялық диагностикасындағы жаңа аспектілер, молекулалық онкопатология негіздері, ісік және ісікалды аурулардың цитологиялық диагностикасы, иммуноцитохимия» тақырыбында 2 ай оқып, біліктіліктерін арттырды.

— Облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен медицина саласының мамандары шет мемлекеттерде кәсіби шеберліктерін арттырып, тәжірибе алмасуда. Өткен жылы 100-ге жуық медбике мен дәрігер білімдерін жетілдірді. Медициналық бағытта 20-дан астам семинар-тренингтер өткізілді. Оның ішінде басты назар аударылған сала жүрек-қан тамырлары мен онкологиялық аурулар, ана мен бала орталықтары болды. Бағдарлама биыл да жалғасын тауып, мамандар шетелдерде білім алуда. Бұл бағытта облыстан 1 млрд. теңге бөлінді. Өткен жылы Жапония елімен меморандумға қол қойған болатынбыз. Бүгін академиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойып отырмыз,- деді Семей қаласының Ядролық медицина және онкология орталығы директоры Марат Сандыбаев.

Нагасаки медициналық университетінің патолог профессоры Накашима Масахироның айтуынша, бүгінде медицинаның онкология саласы күннен-күнге дамып келеді.

— Ядролық медицина және онкология орталығымен достық қарым-қатынасымыз бірнеше жыл бұрын басталған. Онкологиялық орталықтың кәсіби білімін жетілдіруге ынталы 4 дәрігері – цитолог, патолог, биотехнолог — біздің елге келіп тәжірибе алмасты. Онкология саласы жылдан-жылға қарқынды дамып, жаңа медициналық технологиялар мен құрылғылар қолданысқа еніп келеді. Бүгінде Жапонияда онкологиялық  молекулалық-генетикалық зерттеу жүргізіледі. Бұл — техникалық-диагностикалық әдіс. Осы әдіс арқылы ісіктің ең бастапқы түйіршік кезіндегі түрін де көруге болады. Екінші әдіс — эндоскопия. Жапонияда да, Қазақстанда да асқазан обыры ауруы жиі кездеседі. Бүкіл әлемде Жапония елі эндоскопиялық әдісті қолдану бойынша бірінші орында тұр. Осындай жаңа технологиялармен жұмыс істеуді үйрету біз үшін өте маңызды. Себебі бұл қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды емдеуге септігін тигізетіні сөзсіз,- деді Нагасаки медициналық университетінің патолог профессоры Накашима Масахиро.

Шара соңында Семей қаласының Ядролық медицина және онкология орталығы директоры Марат Сандыбаев пен Жапония елінен келген Нагасаки медициналық университетінің патолог профессоры Накашима Масахиро Ядролық медицина және онкология орталығы мен Нагасаки медициналық университеті арасындағы академиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

7 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

7 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

7 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС