Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

КӘСІБІН БАСТАУШЫЛАР НЕНІ БІЛУІ КЕРЕК…

20.11.2018
FacebookWhatsappTelegram

Өткен жұма, 16 қараша күні ШҚО «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалының директоры Анжела Маслова кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ШҚО «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалының директоры Анжела Маслова кәсіпкерлерге екінші деңгейлі банктер арқылы несие алып, кәсіп бастаудың жолдарын түсіндірді. Оның айтуынша, Каспий Банк пен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дан басқа, қаладағы барлық екінші деңгейлі банктер «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірлесе жұмыс          істеуде.

— Біз, негізінен, Халық банк, АТФ банк, Банк Центр Кредит, Сбербанк секілді екінші деңгейдегі банктермен жұмыс істейміз. Егер екінші деңгейлі банктер қолдайтын жобалар болса, сіздерге көмек көрсетуге дайынбыз. Қор тарапынан 2018 жылға бөлінген қаражат таусылып, белгілі бір уақытқа субсидиялау тоқтатылған болатын. Қазір республикалық бюджеттен жыл аяғына дейін 500 млн. теңге бөлінді, — дейді А.Маслова.

Филиал директоры кәсіпкерлерге алдымен екінші деңгейлі банк-терге бармай, «Даму» қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келуге кеңес беріп, Қордың негізгі бағдарламаларымен таныстырды.

— Орта және кіші бизнес өкілдеріне «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келуге кеңес беремін. Себебі әр банктің ұстанымы әртүрлі. Қаржы агенттігінің тәжірибелі мамандары уақыттарыңызды үнемдеп, тиісті банкке бағыттап, құжаттарыңызды реттеп бере алады, — деді А.Маслова.

Филиал директорының сөзіне сүйенсек, қор негізгі бес бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Оның ішінде кәсіпкерлерге арналған 4 бағдарлама бар: «Бизнестің жол картасы – 2020», Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту, «Ақниет» және «Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» жобасы.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының салалық шектеулері бар. Бір жобаға арналған несиелеудің ең жоғарғы сомасы 4,5 млрд. теңгеден 2,5 млрд. теңгеге дейін азайған. Пайыздық мөлшерлемесі Ұлттық Банктің есептік мөлшерлемесіне тең. Яғни кәсіпкер осы бағдарлама аясында несие алуы үшін, банктің пайыздық мөлшерлермесі Ұлттық Банктің 5 пайыздық мөлшерлемесінен аспауы керек. Егер жоба қалада жүзеге асатын болса, Қор сыйақы мөлшерлемесінің 40 пайызын, ауданда жүзеге асса, 50 пайызын мемлекеттік негізде субсидиялайды.

— Кей жағдайда кәсіпкерлердің кепілді қамсыздандыру мөлшерлері жетпей қалуы мүмкін. Ал аталмыш бағдарлама арқылы Сіздер қордың кепілдігіне арқа сүйей аласыздар. Мәселен, кәсіпкерге 10 млн. теңге көлемінде несие керек болды. Ал банк оның мүлкін 6 млн. теңгеге ғана бағалады делік. Бұл жағдайда Қор банк алдында сіздер үшін кепіл бола алады. Екінші деңгейлі банктер мемлекет қаржысына жұмыс істейтіндіктен, міндетті түрде несиені қайтару кепілдігі болуы керек. Ал біз мемлекет ақшасын қайтаруға кепілдік береміз. Қор бизнесі барлар үшін несие мөлшерінің 50 пайызына, енді бастағандарға 85 пайызға дейін кепілдік бере алады,- деді А.Маслова.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту — ең кең таралған бағдарламалардың бірі. Бағдарламаға, зейнеткерлерді қоспағанда, жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, сондай-ақ бизнесі барлар да қатыса алады. Негізінен,  кіші бизнес өкілдеріне арналған бұл бағдарламамен несие алудың ең жоғары мөлшері 15 млн. 600 мың теңгені құрайды. Пайыздық мөлшерлемесі – 6 пайыз.

— Кәсібіңізді неғұрлым аз мөлшерден бастасаңыз, шығындарыңыз көп болмайды. Бірақ саудамен айналысатындар Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында несие ала алмайды. Егер құрал-жабдық, ғимарат алуға байланысты мәселе болса, қолдау табады,- дейді А.Маслова.

Аймақтық «Ақниет» бағдарламасы 50 пайыз қор, 50 пайыз бюджет қаржысы негізінде жүзеге асырылады. Биыл облыстық бюджеттен 1 млрд. 300 млн. теңге бөлінген.

— 400 млн. теңге Семейдегі, 600 млн. теңге Өскемендегі Халық банк филиалдарына және 300 млн. теңге ВТБ банкіне салынды. Пайыздық мөлшерлемесі – 8,5 пайыз. «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы мен «Ақниет» бағдарламасының пайыздық мөлшерлемесі төмен болғандықтан, бұл екі бағдарламада субсидия жоқ. Банктер бұл бағытта жұмыс істеуге дайын,- деді  А.Маслова.

«Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» жобасын БҰҰ мен Ғаламдық экологиялық қор Семейде, пилоттық жоба ретінде, ҚР–мен бірлесе жүзеге асырып жатыр. Жоба электр қуатын үнемдеуге және қоршаған ортаға бөлінетін улы газ мөлшерін азайтуға арналған жобаларды субсидиялауға арналған.

— Мәселен, аурухананың жарық жүйесін ауыстыру керек . Энергетикалық қызмет көрсететін компания ауруханаға келіп тексеріс жүргізеді.  Бұл орайда энергетикалық компания банктен несие алса, пайыздық мөлшерлеменің жартысынан көбін мемлекет субсидиялайды. Мәселен, компания несиені 19 пайыздық мөлшерлемемен алса, оның 10 пайызы субсидияланады. «Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» жобасына Семей өңірі бойынша 10 жоба келіп түсті,- дейді ШҚО «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалының директоры Анжела Маслова.

Кәсіпкерлер Қордың аймақтық филиалы директорына сауалдарын қойып, көкейлеріндегі сұрақтарына нақты жауаптар алды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, {jcomments off}«Семей таңы»

Связанные новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Появление партии Adilet отражает изменение электоральных и идеологических парадигм в стране. На этом фоне партия Amanat, сохраняющая статус правящей до...

Читать далее ...

Перераспределение ролей в новой политической системе

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

В условиях трансформации политической модели и появления новых институциональных элементов, включая должность вице-президента, происходит функциональная перестройка системы государственного управления. В...

Читать далее ...

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

А.Дадебай рассматривается как одно из доверенных лиц Главы государства, что придает его назначению дополнительный политический вес. В этом контексте формирование...

Читать далее ...

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Принятие Новой Конституции обозначает завершение этапа политического транзита и окончательное закрепление отхода от прежней модели общественно-политического устройства. В этой связи...

Читать далее ...

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Назначение А.Дадебая председателем партии выстроено в логике институциональной преемственности реформ. С учетом того, что инициатива конституционных преобразований исходила от Главы...

Читать далее ...

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Создание партии Adilet логически вытекает из институциональных изменений, связанных с принятием Новой Конституции. Ядром новой политической силы выступают члены Конституционной...

Читать далее ...

Новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

6 часов назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

6 часов назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

6 часов назад

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

6 часов назад

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

6 часов назад

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

6 часов назад

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

1 день назад

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

1 день назад

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

1 день назад

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

1 день назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС