Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ — РУХАНИ КЕМЕЛДЕНУ КІЛТІ

27.11.2018
FacebookWhatsappTelegram

22 қараша, бейсенбі күні Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде қаланың зиялы қауым өкілдері Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талдады. Дөңгелек үстел басында өткен жиынға белгілі жерлес жазушы Медеу Сәрсеке, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің директоры Татьяна Стромская, Шәкәрім университетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы Арай Жүндібаева, Электротехникалық колледж директоры Азат Сарпеков, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов және басқалар қатысты.

Мемлекет басшысы мақаланың «Тарихи сананы жаңғырту» атты екінші бөлімінде: «Ұлы дала әл-Фараби мен Яссауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді. Сондықтан біз, біріншіден, атақты тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек» деп атап өткен болатын. Осыған орай жазушы Медеу Сәрсеке Қазақстанның өз «ЖЗЛ» баспасын ашу жайлы ұсыныс тастады.

— Мен Елбасыға Ұлы даланың ұлы есімдерін танытатын баспа ашу туралы ұсыныс хат жазудамын. Бұл тәжірибемізде бар. Мәселен, «Ғибратты ғұмыр» сериясы 10 дана кітап басып шығарды. Басшысы дүниеден өткен соң, баспа жұмысы тоқтап қалды. Жаңа баспаның атауы туралы әлі ойланамын. Егер ұсынысым қолдау тауып жатса, Абылай хан, Ағыбай батыр, Кенесары хан, Шәкәрім, Абай, Қаныш Сәтбаев және басқа да көптеген ұлы тұлғаларға арналған кітаптарды шығаруға болады,- деді Медеу Сәрсеке.

— Өткен жылы облыс әкімі Даниал Ахметов «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Абай әлемі» сериясымен кітаптар шығару идеясын қолға алғысы келетінін айтқан болатын. Бірақ аймақ басшысы айтқан тізім көңіліме қонбады. Өлкетанушы Молдабек Жанболатов пен профессор Арап Сіләмұлы үшеуіміз Даниал Кенжетайұлына хат жазып, Қазақстанға танымал 62 тұлғаның есімін ұсындық. Көп ұзамай аймақ басшысы мені Өскеменге шақырып, біз ұсынған тізімнен 16 тұлғаның есімін және менің 2 томымды сол серияға енгізді және осы іске басшылық жасауды маған тапсырды. Бір ай бұрын сол 16 кітап жарық көрді. Қазір бұл кітаптар Абай кітапханасында тұр. Жуырда Абай театрында тұсаукесері болады,- деді М.Сәрсеке.

Невзоровтар жанұясы атындағы ШҚО бейнелеу өнері мұражайының директоры Татьяна Стромская «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында музей қоры жаңа туындылармен толығып жатқанын айтады.

— Невзоровтар жанұясы атындағы ШҚО бейнелеу өнері мұражайы мен Шығыс Қазақстан өнер музейінде екі жылдан бері «Арт Заман» атты заманауи шығармалар жобасы жүзеге асуда. Аймақ басшысы Даниал Ахметов — өнерге жақын адам. Сол кісінің демеушілігімен ХХ ғасыр суретшілерінің шығармаларын сақтап қалу мақсатында 30 шығарма сатылып алынды. Бұл – Б.Табиев, М.Аманжолов, Ә.Қастеев сияқты талантты суретшілердің алтын қорда сақталуы тиіс классикалық шығармалары. Жуырда «Алтай – Қазақстанның інжу маржаны» атты пленэрі өтіп, республиканың 20 өңірінен келген суретшілер сол жерде салған шығармаларын музей қорына табыстады. Нәтижесінде музей қоры 100-ден астам туындымен толықты. 30 қараша күні музейде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында фотокөрме, ал 20 желтоқсанда Семей қаласы суретшілерінің кезекті есеп беру көрмесі ұйымдастырылады,- деді Т.Стромская.

Елбасы мақаласында: «Мақсатты мемлекеттік тапсырыс ұйымдастыру арқылы қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласындағы және бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет. Сондай-ақ бұл жерде, классикалық қалыптан тыс, баламалы жастар өнерінің креативті әлеуетін де пайдаланудың мәні зор. Осыған орай бұл іске тек отандық қана емес, сонымен бірге шетелдік шеберлер мен шығармашылық ұжымдарды да тартқан жөн»,- деп айтып өтті. Музей директоры Татьяна Стромская жастардың креативті шығармаларын қолдау керектігін, бұл орайда ҚР Ұлттық музейі Оңтүстік Кореяда, Америкада, Берлинде, Лондонда классикалық шығармалар мен жастар шығармаларының көрмесін ұйымдастырғанын тілге тиек етті.

– Жауапкершілік те, жұмыс та көп. Ал галерея жасауда асықпағанымыз жөн деп ойлаймын. Себебі өткен ғасырларда өмір сүрген көптеген суретшілердің бейнелері сақталмаған. Оларды құрастырудың өзі қыруар қаржыны қажет етеді,- дейді Т.Стромская.

Дөңгелек үстел барысында өзге де зиялы қауым өкілдері пікірлерін білдірді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, {jcomments off}«Семей таңы»

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

7 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

7 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

7 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС