Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

07.12.2018
FacebookWhatsappTelegram

Бейсенбі, 29 қараша күні қалалық әкімдік ғимаратында мәслихаттың кезектен тыс, ХХХ сессиясы өтті. Күн тәртібінде 10 сұрақ қаралды. Сессияға қала әкімі Ермак Сәлімов, қала әкімінің орынбасарлары Николай Ушаков пен Қайрат Ерембесов, сондай-ақ депутаттар, салалық бөлімі басшылары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында алдымен Семей қаласының алдағы екі жылға арналған бюджеті туралы шешіміне өзгерістер енгізу жайлы мәселе қаралды. Бұл туралы экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлжан Алтынбекова баяндама жасады. Гүлжан Алтынбекованың айтуынша, 2018 жылға арналған қала бюджетінің көлемі меншікті кірістерді қысқарту есебінен 400 млн. 884 мың теңгеге азайтылады. Осы орайда қалалық мәслихат депутаты Қайрат Мирашев жобалық-сметалық құжаттарды жасауға бөлінетін қаражаттардың тиімсіз жұмсалатынын айтты.

— Біріншіден, бүгінгі қала бюджетінде ірі қара малдарының өлексесін жерлеуге 8 млн. астам қаражат бөлініп отыр. Біз бұған он жыл бойы ақша бөліп келеміз. Бірақ әлі де бір қалыпқа түсіп, реттелмей келеді. Осы жылы ірі қара малдарының өлексесін жерлеуге арнайы орын дайындаймыз деп ойлаймын. Екіншіден, біз бюджеттен әсіресе білім беретін мекемелерге жобалық-сметалық құжат жасау үшін көп қаражат бөлеміз. Бұл туралы өткен жылы биылғы бюджетті қарастырғанда айтқан болатынбыз. Ғимараттарды, мектептердің шатырларын жөндеуге, терезе ауыстыруға өте көп қаражат бөлінеді. Алайда қаражаттың мекемелерге дұрыс бөлінбеуіне байланысты жоспарлы жұмыстар жүзеге аспай қалады. Себебі келесі жылы жобалық-сметалық құжат пен сараптама күшін жояды. Сондықтан осы мәселеге экономика бөлімінің назар аударуын сұраймын, — деді депутат Қ.Мирашев.

Бұдан кейін пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық және бірыңғай жер салығының мөлшерлерін арттыру туралы мәселе қаралды.

— 2017 жылғы 25 желтоқсанда ҚР «Салық және басқа да бюджеттің міндетті төлемдері туралы» Салық кодексінің 386, 444, 509 және 704-баптарына өзгерістер енгізілген болатын. Базалық салық мөлшерлеріне өзгерістер енген жоқ, тек Салық кодексінің баптары өзегеріске түсті. Енді, 509-шы және 704-ші баптарға сәйкес, жергілікті өкілетті органдардың ұсыныстары негізінде жергілікті атқарушы органдар ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын жерлеге салық мөлшерін 10 есеге арттыруға құқылы. Яғни малдары жоқ шаруа қожалықтарының егістік, шабындық, жайылымдық жерлері пайдаланылмайтын болса, 10 есе артық салық саламыз. Артық салық салу ескертуді білдіреді. Егер де жер бұдан кейін де пайдаланылмаса, заң жүзінде өзімізге қайтарып аламыз, — деп баяндады жер қатынастары бөлімінің басшысы Құдайберген Сейілханов.

Осы ретте халық қалаулысы Қайрат Мирашев жер мәселесіне қатысты сұрақтарын қойды.

— Қоғамдық ұйымның мүшесі Николай Исаев Азаматтық форумда болғандықтан, бұл сұрақты менің сіздерге жеткізуімді сұрады. Николай Николаевич Азаматтық форумда да бұл сұрақты қойған екен. Бірінші сұрағым: Орталық автовокзалдың аумағындағы жер неліктен сатылып кеткен? Екіншіден, өткен семинарда белгілі болғандай, жекеменшік үй салудың кезегінде 24  472 адам тұр екен. Бірақ белгісіз себептермен 2006-2009 жылдары кезекте тұрғандардың 2300-ден астамы тізімнен жойылып кеткен екен. Неліктен мұндай жағдай орын алды? Үй саламын деп тағатсыздана күтіп жүргенде кезектен шығарып тастауға бола ма?- деді Қ.Мирашев.

Бұл жағдайға қала әкімі Ермак Сәлімов түсініктеме берді.

— Тізім қалай болса солай жасалған, жалпы саны 36 кітапты қамтиды. Бүгінде жауапты бөлім электронды нұсқасын жасап жатыр. Тұрғындардың барлығына хабарладық. Талдау бойынша 36 адамның қайтыс болғаны, 138 тұрғынның жер телімдерін алғандығы анықталды,- деп жауап берді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Шаһар басшысы тізімдегілер құжаттарымен келіп, өзінің кезегін бекітуге болатынын айтты.

Ал жер қатынастары бөлімі басшысының айтуынша, автовокзал айналасындағы жерімен бірге жекенің қолына аукцион арқылы сатылған. «Ғимарат жер учаскесінсіз болмайды ғой. Сондықтан заң шеңберінде берілген»,- деді Қ.Сейілханов.

Сонымен қатар күн тәртібінде тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу және оны көрсету тәртібінің ережесі бекітіліп, әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін бекіту мәселесі қаралды. Сонымен қатар көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі айқындалды, сондай-ақ қалалық терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамы құрылды.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ, {jcomments off}«Семей таңы»

 

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

7 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

7 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

7 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС