Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

СӘЙГҮЛІК БАПТАҒАН БОЛАТ

07.12.2018
FacebookWhatsappTelegram

Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты.

Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды.

Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар, атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі.

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: …біз айтқалы отырған зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды»,- деп атап көрсетілген. Міне, сол зор мәдени жетістіктер қатарында атқа міну мәдениеті де бар.

Атақты Қадыр ақын: «Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған сүйетұғын қазақ осы, қараңдар»,- деп бекер жырламаған. «Жылқы мінездес халықпыз» деген бабалардан қалған даналық сөз және бар. Өмір сүру салты аттың жалында, түйенің қомында қалыптасқан халықтың бүгінгі ұрпақтары да атқа міну мәдениетін заман талабына сай дамытып келеді. Осы пікірімізге дәлел ретінде Тарбағатай ауданындағы Екпін ауылының белгілі кәсіпкері Болат Қойбағаровтың ат спортын дамытудағы тірлігін айтуға болады.

Үлкендерден: «Алла Тағала істеріңді берекелі, аттарыңды бәйгелі, өздеріңді әйгілі қылсын!» деген бата алған Болат Қойбағаровты осы аймақтағы атсүйер қауым, ат спортының жанкүйерлері, әсіресе атбегілер жақсы біледі. Ел ішінде қандай да бір жарыс болса, аламан бәйге, құнан жарыс, тай жарыстардың басы-қасында жұртқа танымал атбегілермен бірге Болат та жүреді.

Болаттың жекеменшік ат спорты мектебі бар. Кәсіпкерлік, ат спортын дамыту жөніндегі жоспарлары облыс және аудан басшылары тарапынан қолдау тапқан Болат бұл іске білек сыбана араласқалы екі жыл болды.

— Ат спорты мектебінің басты мақсаты – жасөспірімдерді атқа мінуге, ат спорты өнеріне баулу. Жұмысымыз бір арнаға түсіп, қалыптасып қалды. Он екі бәйге атымыз бар. Он бес бала оқуға тіркелген. Ауылда атқа мінем, шабандоз болам деген бала көп. Серікбол, Алмас, Дәурен, Алмат және басқа шәкірттеріміз жақсы шабандоз ретінде танылып отыр. Оларға ат баптаудың қыры мен сырын жиенім Айдар Байнұрқашев бастаған жаттықтырушылар үйретеді. Басты мақсаттарымыздың бірі бәйге аттарын шығару болғандықтан, басқа жақтың асыл тұқымды, қаны таза жылқыларын әкеліп, жерсіндіру, өзіміздің табиғат жағдайына бейімдеуге де көңіл бөлдік. Кавказдан, Ростовтан, Мәскеуден әрқайсысын бес миллионнан жиырма шақты жылқы сатып алдық. Қазір олардан алынған құлындар мықты болып қалыптасып келеді. Жалпы, жергілікті жылқылар ыстыққа да, суыққа да шыдамды келеді. Ат жарыстарындағы табыстарымыз да жаман емес. Түрлі бәйгелерде екі рет жеңіл автокөлік ұтып алдық. Басқадай бағалы жүлделер де жеткілікті. Соңғы он-он бес жылда Ақсуаттан ондай бәйгелер шыққанын естімедік. Ауданның абыройын асырған ондай жетістік — осы ат спорты мектебі жұмысының нәтижесі. Изор атты бәйгеміз жарыстың алдын бермейді.

Балалар сабаққа аптасына үш күн келеді. Олар сәйгүліктерге күн сайын таңғы уақытта мініп, аттың тынысын ашу, сергіту үшін бес-он шақырым жер жүріп қайтады. Ат қораларды талапқа сай таза ұстап, жүйріктерге жемін, суын беріп, уақтылы күтуде Сержан, Әлібек сынды азаматтардың еңбегі ерекше.

— Атбегілік — атадан берілетін қасиет, осы істі қалай бастадың, ата-ананың ықпалы болды ма?- деген сауылымызға Болат:

— Ат бәйгесі десе ішкен асын жерге қоятын қазақтың баласымыз ғой. Әкеміз Қари мұғалім болды, шешеміз Күлпаш алғашқы комбайншылардың бірі еді. Кішкентай күнімізден атқа мініп өстік. Еркежирен, Елікжирен, Қозыкүрең, Кердауыл сияқты бәйге аттарының жарыстардағы шабысын құмарта тамашалап өстік. Содан да болар, осы ат баптау, жүйрік жарату ісіне қызықтым. Оның үстіне баламыз Бақытжан өзге құрдастары сияқты атқұмар болды, бәйгеге құмартты, шабандоз болды. Бәрін бастаған сол балам десем де болады. Оған қоса ауданымыздың әкімі Ділдабек Тәжібайұлы Оразбаевтың ақыл-кеңесі де маған көп ой салды. Үлкен шаруашылығымның бар екенін алға тартып, Ақжардағы сияқты бір ат спорты мектебін осы жақтан да ашу жөнінде пікірін білдірді. Сенім деген ғажап нәрсе ғой. Аудан басшысы сенім білдіріп тұрған соң осы шаруаға нар тәуекел деп білек сыбана кірістім. Облысымыздың әкімі Даниал Ахметов ауданымызға келген бір сапарында қабылдауында болып, шаруашылық жайын, ат спорты мектебін ашқанымды, жергілікті басшылардың кәсіпкерлік саласын қолдап отырғанын айттым,- дейді Болат Қойбағаров.

Болаттың қазықы дәстүрді, атқа міну мәдениетін жаңғырту бағытында жасап жатқан жұмыстарынан біраз ақпарат бердік. Енді Болаттай іскер азамат шыққан әулет туралы аз-кем айта кеткеннің артығы болмас. Болаттың әкесі мұғалім, анасы комбайншы болғанын жоғарыда айттық. Болат отбасындағы он баланың бірі екен. Үлкен ағасы Ермұхамбет бұрынғы Ақсуат ауданының алғашқы әкімдерінің бірі болған. Нұртас ағасы — жеке кәсіпкер. Бақытгүл – педагогика ғылымдарының кандидаты, Самат – академик. Бұл әулеттің басқа балалары да өмірден өз орындарын тапқан. Ал Болаттың зайыбы Гүлбаршын — Екпін ауылындағы 70 орындық жекеменшік балалар бақшасының меңгерушісі. Болат пен Гүлбаршын екі қыз, бір ұл тәрбиелеп, ержеткізген. Жетінші сынып оқып жүргенде ат жалын тартып мініп, шабандоз болған ұлдары Бақытжан болашақта мал дәрігері болуды қалаған екен.

Міне, сәйгүліктері бәйгенің алдын бермей келе жатқан Болат Қойбағаровтың бүгінгі жеткен жетістігі осындай.

Х.СӘТИЕВ, «Семей таңы»

Связанные новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Появление партии Adilet отражает изменение электоральных и идеологических парадигм в стране. На этом фоне партия Amanat, сохраняющая статус правящей до...

Читать далее ...

Перераспределение ролей в новой политической системе

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

В условиях трансформации политической модели и появления новых институциональных элементов, включая должность вице-президента, происходит функциональная перестройка системы государственного управления. В...

Читать далее ...

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

А.Дадебай рассматривается как одно из доверенных лиц Главы государства, что придает его назначению дополнительный политический вес. В этом контексте формирование...

Читать далее ...

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Принятие Новой Конституции обозначает завершение этапа политического транзита и окончательное закрепление отхода от прежней модели общественно-политического устройства. В этой связи...

Читать далее ...

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Назначение А.Дадебая председателем партии выстроено в логике институциональной преемственности реформ. С учетом того, что инициатива конституционных преобразований исходила от Главы...

Читать далее ...

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Создание партии Adilet логически вытекает из институциональных изменений, связанных с принятием Новой Конституции. Ядром новой политической силы выступают члены Конституционной...

Читать далее ...

Новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

8 часов назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

8 часов назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

8 часов назад

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

8 часов назад

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

8 часов назад

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

8 часов назад

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

1 день назад

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

1 день назад

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

1 день назад

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

1 день назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС