Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«БАҚЫРШЫҚТЫҢ» БОЛАШАҒЫ ЗОР

14.12.2018
FacebookWhatsappTelegram

11 желтоқсан күні елордамыз Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жалпыұлттық телекөпір өтті. Биылғы шараның тақырыбы «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» деп аталды. Әдеттегідей, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру күні аясында онлайн режимде еліміздің әр аймағындағы бірқатар индустриялық, инфрақұрылымдық, аграрлық және цифрлық жобалардың тұсауын кесіп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Телекөпірде Жарма ауданындағы «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-нің кен байыту фабрикасы да Елбасының пәрменімен салтанатты түрде іске қосылды.

Өңірлік кәсіпорын телекөпірде алғашқылардың бірі болып Елбасы алдында өз жобаларын ұсыну мәртебесіне ие болды.

— Құрметті Президент! Заманауи тау-кен байыту кешені жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы іргетасынан бастап салынды. Осынау бірегей кешен енді толық қуатымен жұмыс істеп, жылына орташа есеппен 10 тонна алтын концентратын өндіретін болады. Жобаны жүзеге асыру құрамында алтын бар кенді 9 жыл бойы ашық тәсілмен, ал одан кейін жер астынан өндіруге мүмкіндік береді. Тау-кен байыту кешенінің өнімділігі жылына 2 млн. тонна кенді құрайды және қазірдің өзінде 3 тонна алтын концентратын өндірді,- деп атап өтті шара барысында «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-нің бас директоры Юрий Овчинников.

Телекөпір барысында аталған кәсіпорынның бас геологінің орынбасары Серік Қонақбаев та сөз сөйлеп, Елбасының қолдауымен ондаған мың жастың сапалы кәсіби білім алғанын ерекше атап өтті.

— Құрметті Елбасы! Менің жасым 29-да, Семей қаласының тумасымын, қарапайым отбасынан шыққанмын. Жастайымнан геолог болуды армандадым. Сол арманыма қол жеткізгеніме қуаныштымын. Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз әрбір еңбек адамы елдің тірегі деп үнемі айтасыз. Сіз өзіңіз де металлург болғандықтан, қолмен еңбек етудің қандай екенін жақсы білесіз. 10 мыңдаған қазақстандық жастардың кәсіби білім алуына көп қолдау көрсеттіңіз, әлі де қолдап келесіз. Жас буын армандарын ақиқатқа айналдыруына және индустриялы Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосуларына мүмкіндік жасап отырғаныңыз үшін шексіз алғысын білдіреді,- деді кәсіпорынның бас геологінің орынбасары.

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-нің кен байыту фабрикасы Елбасының пәрменімен іске қосылған сәтте кәсіпорын жұмысшыларымен бірге болды.

Аймақ басшысы бұл күні аудандағы бірқатар маңызды нысандарды аралап, жағдайымен танысып шықты. Облыс әкімі сапары барысында ең алдымен Жаңғызтөбе кенті аумағында күн электр станциясы құрылысын жүзеге асырып отырған «Жангиз Солар» ЖШС-нің құрылыс алаңында болды. 2017 жылдан жобалық негізде қаралып келген бұл жұмыс үстіміздегі жылы қытайлық инвесторлардың қаржыландыруымен жүзеге асуда. Жобаның мүмкіндігімен таныстырған инвесторлар станцияның құрылғыларын монтаждау жұмыстары келер жылдың бірінші жарты жылдығында жүзеге асырылатынын  жеткізіп, жалпы қуаттылығы 30 мегаватт болатын күннен электр қуатын өндіретін бұл орынды 2019 жылдың шілде айында іске қосу жоспарланып отырғанын айтты.

Баламалы энергия өндіруге негізделген жобаның жалпы құны 17,5 млрд теңгені құрайды. Ал өндірілген энергияны серіктестік “KEGOK”, “ШҚ РЭК” АҚ арқылы ел аумағына таратады.

— Жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп, барлық сметалық құжаттар, техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Күн панельдері қойылатын 66 гектар аумақ қоршалып, электр магистраліне ток беретін қосалқы стансаның іргетасы қалануда,- деді жоба жетекшісі Хуадже Ян.

Жел өтімділігі мен күннің мол түсетін табиғи ерекшелігі жел электр станциясы құрылысын салушылардың да қызығушылығын тудырып отыр. Бұл бағытта жобалар да бар. Екіншіден, өндірілген электр қуатын таратуға бұл елді мекен аймағы өте қолайлы. Олай болатыны — мұнда облысқа электр қуатын таратып тұрған торап бар.

Облыс әкімі Даниал Ахметов аймақта «жасыл экономиканы» игеруге бағытталған бұл жобаның өзіндік маңыздылығын ескере отырып, оны жүзеге асыруға қатысты бірқатар мәселелерді пысықтады

Мейірхан ОСПАНБАЕВ, {jcomments off}«Семей таңы»

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

7 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

7 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

7 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС