Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚОҚЫС ШЫҒАРУ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕ БОЛЫП ТҰР…

04.01.2019
FacebookWhatsappTelegram

Өткен аптада қалалық әкімдікте қоқыс шығарушы ұйымдар арасындағы даулы мәселеге қатысты жиын өтті. Қоқыс шығарушы ұйымдардың қатты тұрмыстық қалдықтарды полигонға шығаруға келісімшарты болмай, бұл м{jcomments off}әселе үлкен дауға айналып, жағдайды шешуге қала әкімі Ермак Сәлімов араласты.

29 желтоқсан күні жергілікті қоқыс полигоны иесі мен тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын сервистік ұйымдарының қатысуымен жиын өткен болатын. Жиында көтерілген негізгі мәселе – қаламыздағы қоқыс шығаратын ұйымдардың тек үшеуінде ғана қатты тұрмыстық қалдықтарды полигонға шығаруға келісімшарты бар, яғни, 2019 жылдың басынан бастап көптеген сервистік ұйымдар полигонға кіре алмайды.

Міне, осы мәселенің түйінің шешіп беру үшін «Мельник» ЖК иесі Алла Мельникова қала әкімінен көмек сұрады.

— Келісімшарттың жоқтығынан, қаңтардың екісінен бастап біз қоқыстарды шығара алмаймыз. Бұған дейін біз қалалық ТҮКШ бөліміне жүгіндік. Олар бізге келісімшарт жасалады деп уәде берді. Бірақ жағдай өзгермеді. Бұл мәселенің түйінін тарқатуға көмектесуіңізді сұраймыз,- деді «Мельник» ЖК иесі Алла Мельникова. Өз сөзінде кәсіпкер бірнеше қатаң мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, «Рафаэль Хазипов» ЖК басқа қызмет көрсететін ұйымдардың құқықтарын және елдің монополияға қарсы заңдарын бұзып, тек еншілес компаниялармен ғана келісімшартқа отыратын көрінеді.

Ал шаһардағы жалғыз қоқыс полигонының иесі Рафаэль Хазипов болса өз сөзінде биылғы жылдың қаңтар айында күшіне енетін Экологиялық кодекстің жаңа нормаларын алдыға тартты.

Айта кетейік, Экологиялық кодекске қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және сұрыптау туралы жаңа талаптар 2016 жылы енгізілген болатын. Бірақ коммуналдық ұйымдардың өтінішімен, дайындыққа 2 жыл уақыт берілген. Соған қарамастан, көптеген қызмет көрсететін ұйымдар ешқандай шара қолданбаған.

— 2016 жылы біздің серіктесіміз «ЭкоВосток» фирмасы сұрыптау желісін сатып алды. Ол қазір жұмыс істеп тұр. Желіде қалдықтар сұрыпталып, қайта өңдейтін ұйымдарға жіберіледі. Біз Экологиялық кодекстің жаңа талаптарына сай жұмыс істеу үшін алдын ала дайындалдық. Басқа сервистік ұйымдар қандай дайындық жасады? Монополияға қарсы комитетке барып, менің атыма шағым түсірді. Біз сұрыптау желісін сатып алуға 35 млн. теңге қаржы жұмсадық. Ал олар дайын асқа тік қасық болғысы келеді. Неге тек біз ғана шығын шығаруымыз керек? — деді Р.Хазипов.

Жаңа талаптарға сәйкес, қатты тұрмыстық қалдықтарды алдын ала өндеусіз көмуге тыйым салынады, сонымен бірге жаңа жылдан бастап сынған әйнектерді, тамақ қалдықтарын, пластмасса өнімдерін, яғни қайта өңдеуге болатын барлық заттарды қоқыс төгетін орындарға көмуге болмайды. Рафаэль Хазипов Экологиялық кодекс талаптарының бұзылуы қоғамға, қоршаған ортаға елеулі зардаптарын тигізіп жатқанын айтты.

— Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын сервистік ұйымдардың төлқұжаттарындағы қоқыстарды көмуге арналған санаты заңда көрсетілген талапқа сай келмейді, содан кейін мұндай ұйымдармен қалай келісім жасасуға болады? Сонымен қатар өтінімдер жаңа жыл басталардан бір ай бұрын ұсынылуға тиіс болатын, ал олар 24 желтоқсан күні және алдын ала өңдеуге келісімшарт жасамай жіберіп отыр. 2019 жылдан бастап қатты тұрмыстық қалдықтарды көметін орындар 40 пайызға қысқарады. Мысалы, 2018 жылы ол 51 мың тоннаны құраса, 2019 жылы — 30 мың тонна. Біз 2020 жылы тек 8 мың тонна қоқыс көмуге мүмкіндігіміз бар. Бұл дұрыс, себебі қатты тұрмыстық қалдықтардың көп бөлігі қайта өңделуі керек,- деді Рафаэль Хазипов.

Қала басшысы Ермак Сәлімов бұл мәселе турасында өз пікірін білдірді.

— Бұл жағдайды жаңа жылдың қарсаңында емес, ертерек қолға алу керек болған. Барлық мәселе қоқыс шығарушы ұйымдардың өз міндеттерін дұрыс атқармағандықтан туындап отыр. Бүгінгі күні қалада қоқыс жинау тарифі өте жоғары, бірақ біз бұл ұйымдардың кірістері мен шығындарын білмейміз. Сонымен бірге біз ешқандай алға жылжуды көріп отырған жоқпыз. Қоқыс контейнерлері жаңартылмағалы көп уақыт болды және қалдықтарды сұрыптап жинауға жағдай жасалмаған. Жылдар бойы жаңа қоқыс жинау техникалары сатылып алынбады,- деді қала әкімі қоқыс полигонының иесі Р.Хазиповқа. — Қатты тұрмыстық қалдықтар тарифін қыркүйек айында бір адамға 200 теңгеден 384 теңгеге, ал кәсіпорындардан бір шаршы метріне 285 теңгеден 400 теңгеге дейін көтеруді сұрадыңыз. Алайда кірістер мен шығыстардың ешқандай сметалық құжаты ұсынылмады. Сол себепті тариф бағасы бұрынғы қалпында қалады және тіпті 5% — ға төмендеуі де мүмкін,- деп атап өтті Ермак Сәлімов.

2019 жылдың 2 қаңтарынан бастап қала әкімі Ермак Бидахметұлы тұрмыстық қалдықтарды шығаруды жүзеге асыратын сервистік ұйымдардың жұмысын тексеріп, рейд өткізетін болады.

Қуандық НӘДІРБЕКҰЛЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Появление партии Adilet отражает изменение электоральных и идеологических парадигм в стране. На этом фоне партия Amanat, сохраняющая статус правящей до...

Читать далее ...

Перераспределение ролей в новой политической системе

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

В условиях трансформации политической модели и появления новых институциональных элементов, включая должность вице-президента, происходит функциональная перестройка системы государственного управления. В...

Читать далее ...

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

А.Дадебай рассматривается как одно из доверенных лиц Главы государства, что придает его назначению дополнительный политический вес. В этом контексте формирование...

Читать далее ...

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Принятие Новой Конституции обозначает завершение этапа политического транзита и окончательное закрепление отхода от прежней модели общественно-политического устройства. В этой связи...

Читать далее ...

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Назначение А.Дадебая председателем партии выстроено в логике институциональной преемственности реформ. С учетом того, что инициатива конституционных преобразований исходила от Главы...

Читать далее ...

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Создание партии Adilet логически вытекает из институциональных изменений, связанных с принятием Новой Конституции. Ядром новой политической силы выступают члены Конституционной...

Читать далее ...

Новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

10 часов назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

10 часов назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

10 часов назад

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

10 часов назад

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

10 часов назад

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

10 часов назад

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

2 дня назад

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

2 дня назад

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

2 дня назад

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС