Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТАРИХТЫҢ ЖАҢА ПАРАҒЫ ТАРБАҒАТАЙДА АШЫЛДЫ

15.01.2019
FacebookWhatsappTelegram

Алтай мен Алатауды жалғастырған бабамыздың барқыт белі — таңғажайып Тарбағатай. Алтайдың шалғынды, орманды саялы белдері солтүстігін алып жатса, оңтүстігі — Алатаудың миуалы бақтарындай алмасы төгіліп, жеміс-жидектері үзіліп жататын өнімді өлке. Зайсан көлі қазан шұңқырынан аса алмай, сабынды толқындарын сапырып, Тарбағатайдың қарлы шыңдарына сәлем жолдап жатқандай. Осындай өлкеде өскен өрендердің шығайын десе белі бар, түсейін десе көлі бар, бұл — ауданның әр азаматының мақтанышы. Паналы таудың қорғанды қойнауы неше жұртқа мекен болды. Жартастарындағы таңбалы тастар, алқабындағы қорғандар мен обалар құпиялы сырын бүгіп, шерлі шежіресін жасырып, терең тарихын сақтап тұр емес пе?!

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ерекше атап өтілген Ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, «Алтын адам» секілді ұлы даланың үш қыры біздің тарихы тереңнен тамыр алатын Тарбағатай ауданына тікелей қатысты деуге болады. Бұлайша мақтанышпен айтуымыздың себебі — биыл жазда қазба жұмыстары кезінде ауданымыздың Елеке сазы жайлауынан «Алтын адам» табылды. Археологтер құнды жәдігерге: «1969 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан Алматы облысындағы Есіктегі «Алтын адамнан» кейінгі тоналмай, бүтін күйінде сақталған екінші «Алтын адам». Ер кісі, оның жасы шамамен 17-18-дерде, өмір сүрген кезеңі — біздің заманымызға дейінгі 7-8 ғасыр. Құнды жәдігер бұған дейін жұмбақ күйінде қалып келген қаншама тылсым сырды ашуға мүмкіндік береді. Біріншіден, сол заманда материалды өңдеу технологиясы өте жоғары болған. Алтыннан көзге әрең көрінетін бұйымдар жасау оңай шаруа емес. Мұның артында үлкен өндіріс жатыр. Екіншіден, 7-8 мың жыл бұрын өмір сүрген халықтардың тұрмысы, діни нанымы, жерлеу рәсімі, немен қоректенгені, ауа райы қалай болғаны туралы құнды мағлұматтарға қол жеткіземіз»,- деп жоғары баға берген болатын. Бір ғажабы, Президент Н.Назарбаев өз мақаласында жазғандай, Тарбағатайдан табылған «Алтын адамның» өн бойы — бас киімі, оның құлақшыны, үстіндегі киімнің өңірі, оң жақ беліндегі қанжарының қабы, сол жақ беліндегі қорамсағы — түгелдей бұғы, барыс, қабылан, яғни аң стиліндегі алтын әшекейлермен безендірілген.

«Бойыңды мақтаныш сезімі кернейді. Біздің бабаларымыз қандай болған? Олар ұшы-қиырсыз кең далада көшіп қана жүрмеген, үлкен білім, парасат иесі болған. Мал бағуға емес, ең әуелі білімге, ғылымға ерекше мән берген. Сол замандағы жоғары технологияны меңгерген. Тоналмай, бүтін күйінде бізге жеткен «Алтын адам» — соның айқын айғағы. Тарихтың жаңа парағы ашылды деуге болады»,- деп тебірене сөйлеген еді облыс әкімі Даниал Ахметов Өскемендегі тарихи-өлкетану музейінде өткен «Алтын адамның» таныстырылымында. Мемлекет басшысы атап өткен «Ұлы даладағы ежелгі металлургияға» бұдан артық қандай дәлел керек?! Қазір аймақ басшысының тапсырмасымен «Алтын адам» табылған Елеке сазы жайлауына тәулік бойы күзет қойылды. Жалпы, бұл жерде 7 қорым, 300-ден аса обалардың бар екендігін, олардың ерте сақ және сақ, үйсін, көне түркі кезеңдеріне жататындығын 2011 жылы осында археологиялық барлау жұмыстарын жүргізген тарбағатайлық археолог Ерден Оралбай анықтап, ғылыми айналымға енгізген болатын. Бұл алқапта бір жарым мың жылдық мерзімді қамтитын әр дәуірдің элиталық, ақсүйектік ескерткіштері топтасқанын, сондықтан Елеке сазы жайлауын, Берел мен Шілікті жазығы іспетті, «Патшалар алқабы» деп айтуға толық негіз барын айтқан еді.

Шығыс Қазақстанда археологияны дамытудың өңірлік бағдарламасы аясында келесі жылы да Елеке сазында қазба жұмыстары жалғасады. Археологтер осы жерден әлі де ғажап, құнды жәдігерлер табылады деп болжап отыр. Сондықтан бұл мекен алдағы уақытта туристер көптеп келетін тарихи орынға айналуы бек мүмкін.

Елбасы өз мақаласында атақты тарихи тұлғаларымызды насихаттау керектігіне де айрықша тоқталып, «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуды және «Ұлы дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік серияларды шығаруды тапсырған-ды. Еліне пана болған атақты тарихи тұлғалар біздің Тарбағатай ауданында да аз емес. Солардың бірі де бірегейі – әулие Ырғызбай Досханаұлы. Ел аузында Ырғызбай әулие атанған бабамыз 1787 жылы дүниеге келіп, 1850 жылы 63 жасында қайтыс болған екен. Қайтыс боларының алдында: «Мені осы құба белге жерлеңдер, зиратымды көтермеңдер, ұрпақтарым көтереді»,- деп өсиет қалдырыпты. Ұлы Абайдың әкесі Құнанбайды ауыр дерттен жазып алған атақты тәуіп туралы халық жадында жатталған жақсы лебіз, тылсымға толы әңгіме мол.

Ырғызбай өзі молда, өзі тәуіп һәм әулие кісі болған. Дала зертханасында дәрілерін сайлап, алдын ала өзіне келе жатқан адамды, жанына батқан ауруы мен оның емін біліп отырған. Тарбағатай тауларында өсетін алтынтамыр, ермен, жалбыз, бірсалар іспетті елу түрлі шөптен дәрілер жасаған. Қытай емшілерімен байланыста болып, тәжірибе алмасқан. Бір ерекшелігі — ем-домына ақы алмаған. Аурухана жоқ, ешкім ота жасамайтын заманда адамдарға көп шипасы тиген. Өзі өсиет етіп қалдырғанындай, әулие 1920-шы жылдары Шыныбай есімді ақсақалдың түсіне кіреді. «Ей, Шыныбай, менің басымда қозы-лақ ойнап жүр, зиратымды көтер, саған Алла Тағала береді»,- дейді. Шыныбайдың сол кезде малын барымталап кетіп, қиналып жүрген кезі екен. Ол қара сиырының күшімен сүйреткімен тас тасып, әулиенің жатқан жерінің алғашқы сандықшасын қойыпты. Шыныбайдан кейін 1956 жылы Кіндікті ауылының ақсақалдары мен ұрпақтары әулиенің мазарын көтерсе, он жыл өткен соң мазардың жанынан зиярат етуге келушілер қонатын тас үй салыныпты.

Соңғы жылдары Ырғызбай ата кесенесі Бәделхан Камалханұлы есімді тарбағатайлық меценат азаматтың әулетінің көмегімен Баянауылдың қызыл гранитінен қайта өріліп, кешен аумағында жалғыз мазар ғана емес, кітапхана, мұражай, қонақ үй орын тепті. Жыл сайын Ақсуат ауылында әр елдің палуандарының қатысуымен қазақ күресінен Ы.Досханаұлы атындағы халықаралық турнир өткізу дәстүрге айналды.

Жалпы, адамдар әулиенің басына 1903 жылдан келе бастаған екен. Бір қуанарлығы, әулие кесенесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шығыс өңірінің киелі жерлер картасына еніп, мемлекет қарамағына алынып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Облыс әкімінің көмегімен 35 шақырым жерге электр жарығы тартылды. Мұның бір игілікті тұсы — шалғайдағы бірнеше шаруа қожалықтарының да жарыққа қол жеткізуіне септігін тигізбек. Бұл мекен қазір туристік орынға айналған. Кесенеге тәу етіп келетін жұрт қатары аз емес. Біз өз тарапымыздан ауданымыздағы Елеке сазы, Ырғызбай Досханаұлы кесенесі, Бөрітастаған секілді киелі орындарды үнемі назарда ұстап, жұртшылыққа насихаттау, туристерді тарту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізетін боламыз.

Ділдабек ОРАЗБАЕВ, Тарбағатай {jcomments off}ауданының әкімі.

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

4 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

5 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

6 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

6 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

6 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС