Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНЫШЫН ӘЛЕМГЕ ТАНЫТҚАН…

23.01.2019
FacebookWhatsappTelegram

Өткен жұма, 18 қаңтар күні Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай «Қазақтың Қанышын әлемге танытқан…» тақырыбында жазушы Медеу Сәрсекемен кездесу өтті. Кездесу мақсаты – жазушының шығармашылығын, Сәтбаевтың ғибратты өмірін оқушыларға кеңінен таныстыру.

Парасат және Құрмет ордендерінің иегері, Семей және Павлодар қалаларының Құрметті азаматы, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің, Шығыс Қазақстан облыстық Серікбаев атындағы мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры, Қазақстан Республикасының Құрметті зейнеткері, Қазақстан Республикасының Құрметті кеншісі, Қазақстан Республикасының Қоғамдық тарих академиясының мүшесі, ҚР және Кеңес Одағы Жазушылар одағының мүшесі, драматург, жазушы Медеу Сапаұлы қазақтан шыққан тұңғыш академик, геолог-ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевты зерттеуге өмірінің 40 жылын арнаған. Ұлы Абай әлем жұртшылығына Мұхтар Әуезов арқылы әйгілі болса, Қаныш Имантайұлының есімі Медеу Сәрсекенің еңбектерімен танымал. ЮНЕСКО жариялаған деректер бойынша Қаныш Сәтбаев туралы ғұмырнамалық дерек әлемнің 112 еліне таралыпты. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген академик туралы ғұмырнамалық кітап 18 рет басылып, тиражы 330 мың данаға жеткен.

Сұхбат түрінде өрбіген кеш барысында Медеу Сәрсеке жазушылыққа қалай келгені туралы сөз қозғап, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

— Абыралы ауданындағы Қайнар орта мектебін 1953 жылы алтын медальмен бітірдім. Студент кезімде дипломдық жұмыспен бірге «Ғажайып сәуле» атты повесть жаздым. Семей цемент зауытында жұмыс істеп жүргенімде әдебиеттің фантазия жанрымен көп әуестендім. Біздің әдебиетте бұл жанрға жататын шығармалар көп жазылмаған. «Ғажайып сәуледен» кейін «Көрінбестің көлеңкесі», «Жетінші толқын» атты повестерім жарыққа шықты,- деген Медеу Сәрсеке оқушыларға әдебиетке қалай келген туралы әңгімелеп берді.

— 1963 жылы Цемент зауытында жұмыс істеп жүріп, кезекті еңбек демалысымның бірінде повесімнің редакциясын қарау үшін Алматыға бардым. Санаторийге орналасып, редактормен жұмыс істеп жатқанымда, маған «Сізді академик Әлкей Марғұлан іздеп отыр» деген хабар түсті. Жұмыс кабинетіне бардым. Әлкей Хақанұлы сөресінен «Жетінші толқын», «Көрінбестің көлеңкесі» атты повестерімді алып шығып, бас көтермей оқығанын айтып, жоғары бағасын берді. Академик менің балаларға арнап жазған кітабымды оқыпты, таң қалдым. Ол кезде жасым 27-28-ге таяп қалған. Мұның астарында бір нәрсе жатқанын сездім. Ол кісі маған фантазия жанрын қоя тұрып, Каныш Сәтбаев тақырыбын қолға алу туралы ұсыныс айтты. Басында жүрексінгеніммен, академиктің тілегін құп алдым,- дейді жазушы ағынан жарыла.

Медеу Сапаұлы Қаныш Сәтбаев тақырыбын 1963 жылдың жаз айында бастап, ғұмырнамалық кітапты баспаға әзірлеуге 13 жыл уақытын арнады. Академиктің табаны тиген өңірлер мен қалаларды, Жезқазғанды, Мәскеу мен Ленинградты әлденеше рет аралап, көзін көрген жандармен сұхбаттасты. «Қазақтың Қанышы» атты ғұмырнамалық дерек 1975 жылы «Жазушы» баспасының «Ғибратты ғұмыр» сериясына басуға берілгенімен, белгілі бір себептермен 14 жылдан кейін, яғни 1988 жылы ғана жарыққа шыққан.

— 1964 жылдың 31 қаңтарында радиодан Қаныш Сәтбаевтың дүниеден өткенін хабарлады. Мен ол кісімен сұхбаттасып та үлгермедім. Академиктің ауыр дертке шалдыққанын кейін ғана білдім. Ең алдымен Қаныш Имантайұлының Семейде тұрған кезеңін зерттеп, бір жылдан кейін 150 беттік материалды Әлкей Марғұланға әкелдім. Ол жазба менде әлі күнге сақтаулы. 13 жыл зерттеу жұмысынан кейін дайын нұсқаны Әлкей Марғұлан, Мұхаметжан Қаратаев және басқа да ғалымдар оқып, екі жылдай түзету енгізді. Кітап 1975 жылы баспаға ұсынылды. Бірақ 14 жыл бойы жарыққа шықпады. Амал жоқ, 1978 жылдан бастап кітаптың орысша нұсқасын әзірледім. Қаныш Имантайұлының ресейлік достарының қолдауымен 1980 жылы Мәскеуде 100 мың данамен жарыққа шықты. Халықтың көбі бұл еңбек туралы сол кезде ғана білді,- дейді М.Сәрсеке.

Әсерлі сұхбат барысында Медеу Сәрсеке «Бекмаханов», «Семей қасіреті» кітаптарының шығу тарихына да тоқталып, кеңірек айтып берді. Кеш соңында қарт жазушы оқушыларға батасын беріп, олармен бірге суретке түсті. Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Бағдан Қайыржанов жазушыға шапан жауып, құрмет көрсетті.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Появление партии Adilet отражает изменение электоральных и идеологических парадигм в стране. На этом фоне партия Amanat, сохраняющая статус правящей до...

Читать далее ...

Перераспределение ролей в новой политической системе

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

В условиях трансформации политической модели и появления новых институциональных элементов, включая должность вице-президента, происходит функциональная перестройка системы государственного управления. В...

Читать далее ...

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

А.Дадебай рассматривается как одно из доверенных лиц Главы государства, что придает его назначению дополнительный политический вес. В этом контексте формирование...

Читать далее ...

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Принятие Новой Конституции обозначает завершение этапа политического транзита и окончательное закрепление отхода от прежней модели общественно-политического устройства. В этой связи...

Читать далее ...

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Назначение А.Дадебая председателем партии выстроено в логике институциональной преемственности реформ. С учетом того, что инициатива конституционных преобразований исходила от Главы...

Читать далее ...

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Создание партии Adilet логически вытекает из институциональных изменений, связанных с принятием Новой Конституции. Ядром новой политической силы выступают члены Конституционной...

Читать далее ...

Новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

14 часов назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

14 часов назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

14 часов назад

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

14 часов назад

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

14 часов назад

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

14 часов назад

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

2 дня назад

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

2 дня назад

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

2 дня назад

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС