Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖҮРЕГІНДЕ ОТЫ БАР, МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!

29.01.2019
FacebookWhatsappTelegram

«Бүгінгі күн – ертеңгі тарих» деп бекер айтылмаса керек. Тек халық дейтін әділ сыншы мен уақыт дейтін қатал төрешінің елегінен өткен елеулі сәттер ғана тарих бетінен өзіне тиісті орнын алары хақ. Өз басым тарихи уақиға деп көпшіліктің жүрегін елжіретіп, сол елжіреген жүректердің жанарына ыстық жас, көңіліне сенім мен үміт ұялататын тебіреніс пен толғанысқа толы шабытты сәттерді айтар едім. Дәл осындай ғаламат сәттердің бірі бүгін орын а{jcomments off}лды.

Иә, менің ойымша, дәл бүгін қазақ тарихының бетінен өзіне тиісті орнын ойып тұрып алатын мән мен мағынаға толы тағылымды іс-шара өтті. Ол — Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев пен еліміздің жанарында от, жүрегінде жалын, бойында тау қопарар арыны бар дарынды жастардың кездесуі. Тарихи кездесуді мектебіміздің жиын залында жоғарғы сынып оқушыларымызбен бірлесе отырып тікелей эфирде тамашаладық. Әркімнің өз пікірі бар, сондықтан мен де кездесуден алған әсеріммен бөліссем деймін. Сонымен, өкшемізді басып келе жатқан кейінгі толқын ұрпақтың бойынан мен нені көрдім және не түйдім, сол жайында бір-екі ауыз сөз.

Ең алдымен, елімізде жас болса да бас болып, өз кәсібінің нәсібін көріп жатқан және көптеген отандастарымызды еңбекпен қамтамасыз етіп отырған жаңашыл кәсіпкерлердің өсіп келе жатқаны қуантты. Олардың бастаған кәсіптерін одан әрі дамытуға, қазақ қоғамына пайдасын мейлінше көп тигізетін тетіктерді табу жолын ғылыми негізде зерттеп, зерделеп, білімдерін жетілдіре түсуге деген құлшыныстары мерейімізді өсіреді. Соның ішінде менің биылғы түлектеріме айрықша әсер еткен екі бейне болды. Олар Алматы қаласындағы НЗМ оқушысы Иван Крепак пен 13 жасар Қазақ-Британ техникалық университетіндегі өнертапқыш Абзал Мырзаш. Жас өнертапқыштардың қажырлы еңбегі мен терең білімі көптеген өрендерге өнеге ғана болып қоймай, олардың да жүрегіне бір ерекше үміт отын ұялатады деп түйдім. Себебі сол мезеттердегі залда отырған оқушылардың жанарларынан «мен де осындай жетістікке жетсем» деген ұшқын көрінгендей сезілді.

Екіншіден, төл әдебиетіміз бен  мәдениетімізді жаңғыртатын, әлемге паш ете алатын Мерей Қарт, Айшолпан Нұрғайыпқызы секілді бауыр-қарындасымның жұмыр жүректерінің лүпілі күллі әлемдегі исі қазақтың рухын бір көтеріп тастағандай болды. Иә, расымен де, Алтайдағы аз ғана қазақтың аманатын арқалап келген бүркітші қарындасымыздың жан тебірентер сөзі барлығының жанарына жас үйірді деп ойлаймын. Қарындасымыздың Елбасын «Ата» деп зор құрметпен атауы — жат ел, жат жерде жаутаңдап жүрген талай қандас бауырларымыздың қасиетті атамекенге деген адам айтқысыз сағынышы мен ел Президентіне деген кіршіксіз көңілдерін сездіргендей болды. Бұл сәт мен үшін «қадірліңді қастерлей біл» деген сабақтай болды.

Тәлімі терең, тұрпаты тұшымды тағылымды кездесуден менің түйгенім мынау: қазақтың қарадомалық Абзалының 1 минутта 1200 кітапты Кирилл әліпбиінен латынға аударатын өнертуындысын әлемге паш етер болсақ, қаршадай батыр Айшолпан қарындасымыздың әлемнің мүйізі қарағайдай Oxford, Harvard сынды білім ордасынан арнайы шақырту алғанын ескерер болсақ, сондай-ақ Ивандай Назарбаев Зияткерлік мектептің ойы ұшқыр білімді шәкіртінің әлем өнертапқыштары алдындағы мәртебесінің биіктігін айтып, осы дарынды жастардың іс-әрекеті мен еңбек жолын өскелең ұрпаққа үлгі етер болсақ, онда дәл осы жастарға ұқсап баққысы келетін бүгінгі заманның білімі кемел кемеңгері өсіп-жетілері сөзсіз. Елбасымен кездесу құрметіне ие болған әрбір жас дарынның сөзіне ден қояр болсақ, тек табанды еңбек пен ізгілікті білімнің құдіреті адамды шын құрметке бөлейтінін аңғару қиын емес. Сондықтан еркін еліміздің еңсесін одан әрі биіктетіп, қазақ деген ұлттың терезесін әлемнің дамығын елдерімен тең етуге үлес қосқымыз келсе, артымызда өлмейтін сөз не іс қалдыруды мұрат тұтар болсақ, онда кемел білімге ие болуға еңбек етейік, адамгершілік қасиеттерімізді дамытудан бастайық. Ал ол қолымыздан келетін іс деп білемін.

Нартай ШОЛТЫҚ,

Семей қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің

математика пәні мұғалімі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

4 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

4 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

5 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

6 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

6 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

6 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС