Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖЕТЕКШІ ПАРТИЯНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

08.02.2019
FacebookWhatsappTelegram

Қазақстанның ең ірі, жетекші саяси партиясы «Нұр Отан» биыл 20 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған орай, кеше, 7 ақпан күні Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің бас ғимаратында «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының конференциясы өтіп, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Иван Клименко, қала әкімі Ермак Сәлімов, «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зүлфия Жамалтдинова, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

Елбасының жетекшілігімен 1999 жылы негізі қаланған партия өз қатарына миллиондаған қазақстандықты жинады. 20 жыл ішінде «Нұр Отан» Қазақстан халқын топтастырудың негізгі тетігіне айналып, еліміздегі саяси және экономикалық реформалардың негізгі бастамашысы және іске асырушысы болып келеді. Қазақстандағы қолдаушыларының саны көп саяси партия ретінде «Нұр Отан» әрдайым халықтың пікіріне сүйене отырып, тұрғындардың әлеуметтік проблемаларын шешуде барынша белсенділік көрсетуде.

Конференция барысында «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зүлфия Жамалтдинова «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы». Жасампаздық пен әлеуметтік даму кезеңі» атты баяндамасын оқыды. Өз сөзінде З.Жамалтдинова 2019 жыл «Нұр Отан» партиясы үшін айрықша маңызды жыл екенін атап өтіп, 20 жылда партия тарапынан атқарылған істерге шолу жасады.

— Биыл «Нұр Отан» партиясының ел үшін қызмет етіп келе жатқанына 20 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында ауқымды жұмыстар атқарылды.  Қазақстандағы саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, ел экономикасын дамыту мен халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту жолында зор үлес қосты. Партия бірнеше парламенттік сайлауда жеңіске жетіп, еліміздің басты саяси күшіне айналды. 20 жыл ішінде партия қатары саны жағынан өсіп, сапасы жағынан шыңдалды.

Тоқсаныншы жылдар тәуелсіздігін енді алған ел экономикасы үшін қиын кезең болғанын жақсы білеміз. Қазақстан «алдымен — экономика, екінші – саясат» деген ұстанымды басшылыққа алды. Тарихшылар сол тоқсаныншы жылдарда Қазақстанның бірінші жаңғыруы басталды деп бағалауда. Ел Президенті 1997 жылы «Қазақстан — 2030» Стратегиялық бағдарламасын ұсынғанда көпшілік бұл құжаттың маңыздылығын түсінген жоқ және оның жүзеге асуына күмәнмен қарады. Осындай тұста Қазақстанда саяси партиялардың қажеттілігі туындады,- деді З.Жамалтдинова.

1999 жылы «Отан» саяси партиясын құру туралы шешім қабылданып, 12 ақпанда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуден өтті. Осылайша, тәуелсіз Қазақстанның тарихында жаңа партия қызметі өз жұмысын бастады. 1999 жылғы 1 наурызда партияның І құрылтай съезі өтіп, онда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  Төраға болып сайланды. Сол уақытта партия қатарына 164 мың адам ғана тіркелсе, оның 90-ы Семейден болды. Осы съезде «Отан» республикалық саяси партиясының Қазақстан халықтар бірлігі партиясы, Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстанның либералдық қозғалысы және «Қазақстан – 2030» қозғалысымен бірігуі туралы қарары қабылданды. Кейіннен өзге партиялар да «Отан» партиясының құрамына қосылды.

Партияның Х съезінде көпшілік дауыспен Қазақстанның жетекші саяси күшін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы деп өзгерту туралы шешім қабылданды.

Конференцияда сөз алған қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауының Семейде іске асу барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, 2019 жылдан бастап қаламызда азаматтық қызметкерлер мен  техникалық қызметкерлердің жалақысы көтерілген. Бұл бастаманы шаһардағы ірі және орта кәсіпкерлік өкілдері де қолдаған.

— Кәсіпкерлік жаңа жұмыс орындарының ашылуына негіз болады. Сондықтан осы саланы қолдау мен дамытудың маңыздылығын әр кез айтып келеміз. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, Семей қаласы кәсіпкерліктің дамуы бойынша ШҚО-да екінші орынды иеленді. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 22 млн. теңгеге 9 жоба қаржыландырылды. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында шаһарда электрондық төлем жүйесін дамытуға баса назар аударылып келеді. Қаладағы 5 сауда базарында 384 терминал орналасқан. Тағы 106 сауда нүктесін жабдықтау көзделіп отыр, — деген Надежда Васильевна қаланың өнеркәсіп, ауылшаруашылық салаларындағы жетістіктеріне тоқталып, келесі жылы Семейде «АгроПортал» ет өңдеу комбинаты ашылатынын жеткізді. Сондай-ақ шаһарда білім беруді дамыту, халық денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында пайдалануға берілген нысандар жайлы да айтып өтті.

Конференция соңында сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Иван Клименконың айтуынша, ҚР Парламенті Мәжілісінің 4-ші сессиясында 83 заң жобасы қаралған.

— Мемлекет басшысының тапсырмасымен дәрі-дәрмек бағасын тұрақтандыру бағытындағы заң жобасын әзірледік. Енді Қазақстан аумағындағы барлық дәрі-дәрмек белгілі бір бағамен сатылатын болады. Мемлекет басшысы қол қойды, жауапты министрлік үш ай ішінде дәрі-дәрмектерге тиісті баға белгілеуі тиіс. Халыққа ыңғайлы болуы үшін, денсаулық сақтау министрінің ресми сайтында әр дәрі-дәрмектің бағасын жариялау қызметі ұсынылды. Сонымен бірге аталмыш заңды орындамағаны үшін салынатын айыппұл мөлшері де ұлғайтылды.

Сессияда қаралған екінші маңызды мәселе – тегін медициналық көмек көрсету көлемін ұлғайту. Әрбір қазақстандық медициналық қызметтің қайсысы тегін немесе ақылы көрсетілетінін анық білуі керек. Елбасының бұл тапсырмасын жүзеге асыру аясында үш жүйеге бөлінетін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілді. Оның ішінде кепілдік қызмет барлық қазақстандықтарға тегін көрсетіледі, сондай-ақ базалық және қосымша қызмет деп аталатын түрлері бар, — деген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» партиясы мүшелерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтап, алғысын білдірді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Появление партии Adilet отражает изменение электоральных и идеологических парадигм в стране. На этом фоне партия Amanat, сохраняющая статус правящей до...

Читать далее ...

Перераспределение ролей в новой политической системе

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

В условиях трансформации политической модели и появления новых институциональных элементов, включая должность вице-президента, происходит функциональная перестройка системы государственного управления. В...

Читать далее ...

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

А.Дадебай рассматривается как одно из доверенных лиц Главы государства, что придает его назначению дополнительный политический вес. В этом контексте формирование...

Читать далее ...

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Принятие Новой Конституции обозначает завершение этапа политического транзита и окончательное закрепление отхода от прежней модели общественно-политического устройства. В этой связи...

Читать далее ...

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Назначение А.Дадебая председателем партии выстроено в логике институциональной преемственности реформ. С учетом того, что инициатива конституционных преобразований исходила от Главы...

Читать далее ...

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Создание партии Adilet логически вытекает из институциональных изменений, связанных с принятием Новой Конституции. Ядром новой политической силы выступают члены Конституционной...

Читать далее ...

Новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

18 часов назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

18 часов назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

18 часов назад

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

18 часов назад

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

18 часов назад

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

18 часов назад

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

2 дня назад

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

2 дня назад

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

2 дня назад

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС