Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

Шығыс Қазақстан: Қайырымдылық акциясы жалғасуда

15.02.2019
FacebookWhatsappTelegram

СЕМЕЙ

Семей қаласының белсенді азаматтары, жастары, білім беру ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктер, әлеуметтік желі қолданушылары көпбалалы аналарға көмек көрсетуді жалғастыруда. Семей қалалық әкімдігі де бұл шаралардан тысқары қалып отырған жоқ. Материалдық көмекке мұқтаж көпбалалы отбасылардың тізімі жасалып, апта басында қала әкімі Ермак Сәлімов әкімдік қызметкерлерімен берге осындай бірнеше отбасылардың үйлерін аралады.

Шаһар басшысы отбасы мүшелері мемлекеттен алып отырған әлеуметтік көмектің мөлшерін, балалардың жағдайын, табыс көзін сұрастырып, мұқтаждықтарын білді. Қала әкімі көпбалалы аналарға көмек көрсету тек акциямен шектеліп қалмай, кең ауқымды қамтуы тиіс екенін баса айт-ты. Сондықтан мұндай отбасыларға материалдық көмек қана емес, заңгерлік қолдау көрсетіліп, жұмыспен қамту, әлеуметтік және тұрғын үй бағдарламаларына қосылуға мүмкіндік беріледі.

ЖАРМА

Жарма ауданының қайырымдылық қоры жалғыз басты анаға баспана сыйлады. «Харекет» қайырымдылық қоры осымен алпыс сегізінші мұқтаж отбасыға пәтер сыйлап отыр. Бұл жолы ондай бақытқа Жарма ауданының Қалбатау ауылында тұратын жалғыз басты ана Жанар Тұрсынбекқызы ие болды.

— Несін жасырайын, осыған дейін бес балаға төленетін 10500 теңге жәрдемақыны пәтер жалдауға жұмсап келген едім. Жалғыз менің табысым олардың тамағы мен киім-кешегінен аспайтын. Жазда тіпті жалдап тұратын үй таппай қалған да кездеріміз болды. Сол кездегі жағдайымызды «Харекет» қорының өкілдері көріп, қайырымды жандарға үндеу тастаған болатын. Алты айдың ішінде қаражат жиналып, бүгін үйге кіріп отырмыз. Үй жылы екен. Бес баланың үлкені — студент. Қуанышымызда шек жоқ. Көмек қолын созған жомарт жандарға, «Харекет» қорына балаларымның атынан алғыс айтамын,- дейді Жанар Тұрсынбекқызы.

Бес балалы ананың қуанышына әкімдік қызметкерлері мен  қор өкілдері ортақтасып, пәтер кілтін табыстау рәсімін салтанатты түрде өткізді. Аудан орталығынан берілген үй үш бөлмелі, пешпен жылытылады.

Қор өкілі Ш.Сыдықова қайырымдылық шараларының жалғаса беретінін айтады.

Қалбатау ауылының Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының ұжымы І топтағы мүгедек А.Омаржановтың көпбалалы отбасын азық-түлікпен, 6 баланың анасы А.Талдыбаеваның балаларын киім-кешекпен қамтамасыз етті. Георгиевка орта мектебінің ұжымы көпбалалы, жеке баспаналары жоқ Алдановтар отбасына киім-кешек, азық-түлік, оқу құралдарымен көмек көрсетті.

Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің ұжымы көпбалалы отбасылар Е.Имангалиев, А.Кабдулаева, Г.Сарбасова, Ж.Тугушевтың балаларына көмек қолын созып, азық-түлік, киім-кешекпен және оқу құралдарымен қамтамасыз етті.

ТАРБАҒАТАЙ

Тарбағатай ауданы Жаңаауыл ауылдық округінде ауыл әкімі Дәуітбек Ниязбековтің ұйымдастыруымен соғыс ардагеріне, Чернобыль АЭС-індегі апаттан кейін ол маңды залалсыздандыруға барған азаматқа, тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсету жұмыстары одан әрі жалғаса түсуде.

Жуырда ауыл әкімдігінің жұмысшы, қызметкерлері ауылды абаттандыру, тал-теректердің артық бұтақтарын алып тастау, жаңалап көшет отырғызу кезінде жиналып қалған ағаш кесінділерін көмек қажет етіп отырған он шақты үйге отын ретінде түсіріп берді. Бұл жұмысқа Жақсыбек Үсенов, Қаныбек Сахиолдин, Мерей Мамырбеков және Ерлан Шалкенов белсене қатысты.

Әкімшілік қызметкерлері ауылды жиі аралап, тұрғындардың хал-жағдайларымен жете танысып, кімге қандай көмек керек екенін қадағалап отырады.

ЗАЙСАН

Қайырымдылық пен қамқорлық жасауға шақыратын «Жүректен — жүрекке» акциясы Зайсан ауданында кеңінен қолдау тауып, бүгінде жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі іс-шаралардың біріне айналды. Аудан әкімінің бастамасымен, меценаттар мен кәсіпкерлер, мекеме, кәсіпорын басшыларымен қатар, қарапайым адамдардың өзі тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларға көмек қолын созып, қолдау білдіріп келеді. Акция аясында Қарабұлақ ауылдық округінің кәсіпкерлері Ғалия Оспанова, Сәуле Бекбаева, Шынар  Асылханова және   ауыл тұрғындары 5 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті. Көпбалалы отбасылар Еркінбек Нәбиев, Асылбек Сәбіхан, екі бірдей баланы өз бауырына басқан Айжан Жангулова, жалғыз басты қария Муслима Зағияева, мүмкіндігі шектеулі Үміт Каримханованы азық-түлікпен қамтамасыз етті. Игі шара ауданға қарасты барлық ауылдық округтерде жалғасуда.

Аудандық жұмыспен қамту орталығының ұжымы Зайсан қаласының 2 көпбалалы отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті. Жеке кәсіпкерлер Бақытгүл Мұқашева, Аяш Еңсебаева, Мөлдір Әміренова қыстың қытымыр аязында Зайсан қаласының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі азамат Фархаттың жанын жылуға бөлеп, 2 тонна көмір түсіріп беріп, азық-түлікпен қоса 40 мың теңге ақшалай көмек көрсетті. Жеке кәсіпкер Бақыт Сырымбаева көпбалалы ана Раушан Мұстабекованың отбасына азық-түлік себетін табыс етті. Облыстық мәслихаттың депутаты Болат Нұрасыл басқаратын «Зайсан Құрылыс компаниясы» ЖШС он шақты аз қамтылған отбасын өздерінің зауытында шығарылатын сапалы ұнмен және күнделікті қажетті азық – түлік түрлерімен қамтамасыз етсе, Серік Оразбеков басқаратын «ҚазТрансГазаймақ» АҚ Шығыс Қазақстан филиалының ұжымы көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларға 200 мың теңге көлеміндегі қаражатқа отын, балаларға киім-кешек тарту етіп, үлкен қуаныш сыйлады.

АЯГӨЗ

Аягөз ауданында көпбалалы отба-сыларға қолдау көрсетуге арналған «Жүректен — жүрекке» акциясы жалғасуда. Аудандық әкімдіктің Жастар ресурстық орталығының мамандары Аягөз қаласының кәсіпкерлерімен бірлесе отырып көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуде. Игілікті іске «Архат», «Арман», «Ерсан» және «Құрманбай» дүкендерінің иелері демеушілік жасады.

КӨКПЕКТІ

9 ақпанда Көкпекті ауданының білім беру мекемелерінде «Жүректен — жүрекке» қайырымдылық акциясы бастау алды. Шараның мақсаты — әрбір азаматты қайырымдылық жасауға шақырып, көмекке мұқтаж балалар мен жасөспірімдерге көмек қолын созу.

Акция барысында көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, ерекше білім беруді қажет ететін балалар киім-кешекпен, ең қажетті заттар — кітап, дамытушы ойындар, ойыншықтар, спорттық құралдармен қамтамасыз етілетін болады. Қайырымдылық шарасы 31 мамырға дейін жалғасады.

Акция аясында Самар ауылдық округінің жастар саясаты бойынша маманы Е.Сауыхтың бастамасымен агротехникалық колледж студенттері Самар ауылындағы көмекке мұқтаж жандар — Егіншіновтер мен Рахмановтардың отбасына материалдық көмек көрсетіп, аулаларын қардан тазартып берді.

АБАЙ

Абай ауданында «Жақсылық жаса» акциясы кәсіпкерлер мен белсенді жастар арасында қызу қолдауға ие болып отыр. Жас кәсіпкер Ерік Дүйсенбек ауданның Өмірбек Бекбаев, Сырым Рахымжанов, Тілек Сағынбаев, Нұрлан Бейсенбаев, Әли Түгелжанов сияқты белсенді жастарына бастамашы болып, тұрмысы төмен көпбалалы екі жанұяға азық-түлік таратты.

«Жақсылықты бірге жасайық!» деген ұранмен мектеп оқушыларынан құрылған еріктілер тобы жалғыз басты қарт адамдардың үйлеріне барып, аулаларын қалың қардан тазартуда.

Ауданның белсенді жастары «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесіп акцияны абыроймен жалғастыруда.

«Семей ақпарат»{jcomments off}

Связанные новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Появление партии Adilet отражает изменение электоральных и идеологических парадигм в стране. На этом фоне партия Amanat, сохраняющая статус правящей до...

Читать далее ...

Перераспределение ролей в новой политической системе

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

В условиях трансформации политической модели и появления новых институциональных элементов, включая должность вице-президента, происходит функциональная перестройка системы государственного управления. В...

Читать далее ...

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

А.Дадебай рассматривается как одно из доверенных лиц Главы государства, что придает его назначению дополнительный политический вес. В этом контексте формирование...

Читать далее ...

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Принятие Новой Конституции обозначает завершение этапа политического транзита и окончательное закрепление отхода от прежней модели общественно-политического устройства. В этой связи...

Читать далее ...

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Назначение А.Дадебая председателем партии выстроено в логике институциональной преемственности реформ. С учетом того, что инициатива конституционных преобразований исходила от Главы...

Читать далее ...

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Создание партии Adilet логически вытекает из институциональных изменений, связанных с принятием Новой Конституции. Ядром новой политической силы выступают члены Конституционной...

Читать далее ...

Новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

19 часов назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

19 часов назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

19 часов назад

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

19 часов назад

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

19 часов назад

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

19 часов назад

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

2 дня назад

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

2 дня назад

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

2 дня назад

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС