Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТОЛАҒАЙДАЙ ТАУ ТҰЛҒА

01.03.2019
FacebookWhatsappTelegram

12 жыл шырайлы шығыстың 3 ауданын — Катонқарағай, Зайсан, Үржарды басқарып, танымастай құлпыртқан Серік Зинабекұлы Зайнулдин туралы жазбаға осындай тақырып қойсам артық болмас. Бұрынғының тау көтерген Толағайы аңыз арқылы ардақталса, біздің Серік тындырған ісімен тау тұлға деуге әбден лайық.

2014 жылы ақпанда, Серік Зинабкұлы 50-ге толғанда, «Достық» газетінде ол жөнінде «Нартұлға» деген мақалам жарияланды. 2013 жылы мамырда атқарған ауқымды істерін тізбелеп «Бүгінгіміз баянды, еңбегіміз жемісті, келешегі келісті Зайсанымызбен мақтанамыз» деген тақырыппен көлемді жазбам берілді.

Серік Зинабекұлымен мен тонның ішкі бауындай доспын деп айта алмаймын. Қызмет бабында шәлкем-шалыс келген тұстарымыз болды. Келіспесек те кетіскеніміз жоқ. Аман-сәлеміміз түзу. Көргенде: «Жағдайыңыз қалай?»- деп жылы жүзбен қарайды. Үржардан менің халімді сұрастырып, сәлем айтқанын естіп жүрмін. Оны замандас, іскер басшы, азамат ретінде сыйлаймын, құрметтеймін. С.Зайнулдиннің Зайсандағы жарқын істері жөнінде көп айтылды, жазылды. Мұны көзбен көрген Зайсан елі жақсы біледі. Мен де жаздым. Оны қайталамай, тек бір деректі ғана осы мақалаға қостым.

Серіктің бастамасымен 2011 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында әрқайсысы 400-450 беттік үлкен «Ұстаз – елдің тірегі, мектептің   жүрегі», «Қазақтың құт қонған Зайсаны» атты кітаптар шығарылды. Онда аудандағы өркенді өзгерістер, толағай табыстар, алдағы мақсат, бағдарламалар әйгіленді.

Кітап – рухани байлықтың бастысы, ғасырдан-ғасырға қалатын мұра, естелік. Жылдар өтер, келер ұрпақ қазіргіден де зор жетістікке жетер. Осы шежірелер шеруінде С.Зайнулдиннің басшылығымен 21-ші ғасырдың бас кезінде шығарылған қос кітап Зайсанның тыныс-тіршілігін, елдің ерен еңбегін жарқыратып тұрар. Маған «Қазақтың құт қонған Зайсаны» атты кітапты құрастыру тапсырылды. 6 ай ауырып-сырқап жүріп әзірледім. Кітапты шығаруға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қазбек Биқадамов басшылық жасады. Зайнулдиннің өзі де әлсін-әлсін қарап, ақырғы нұсқасын оқыды. Ұсынылған жазбалардың ешқайсысын қалдырғанымыз жоқ. Бірқатар жазушы, журналистердің өмірдеректері бар. Бәрін қамту мүмкін емес, бәрінің көңілінен шыға алмайсың.

Кітапты атақ, марапат алайық деп жазған жоқпыз. Халық оқысын, елдің тарихын, еңбегін білсін, болашаққа барсын дедік. Осындайда Серік Зинабекұлының ерен, жанкешті еңбегін елемеуге бола ма? Болмайды. Өйткені ел үшін еткен ұшан-теңіз еңбек жазылуы, айтылуы керек. Оған деген халықтың ыстық ықыласы, құрметі қаламға сұранып тұрады. Зайсанға келген облыс әкімі Б.Сапарбаев Серікке қарап: «Демалуды ұмытқан шығар. Жатса-тұрса ойлайтыны — аудан жайы, халықтың қамы, басқарған өңірді алға оздыруға бар күш-жігерін тамшысына дейін аямай жұмсайтын тынымсыз екенін сіздер де, біз де көріп жүрміз. Соған қуанбайсыздар ма»,- деген еді. Өзінің де: «Туып-өскен ауданымды өркендету үшін күн-түн демей жұмыс істеудемін. Артымда ел айтып жүретін із, іс қалсын деймін. Зайсанның атақ-данқы, намысы бәрінен қымбат»,- дегені бар. Тек Зайсаны ғана емес, Катонқарағай, Үржарды өркендетті. Оның ерен еңбегін, іскер басшылығын облыстық, республикалық газеттер, телеарналар тамсана жазды. Зайсанға келіп-кеткендердің таңданысы тіпті бөлек.

С.Зайнулдин Зайсанға әкім болып келгенге дейін (2010 жылғы шілде) аудан әкімшілігінің үйі, айналасы қандай еді?! Жадау-жүдеу, айналасын арамшөп, қурай басқан. Ауданның «ақ үйі» сондай болғанда, қала, ауыл көркінің қандай екендігін елестетуден ұяласың.

Серік Зинабекұлы абаттандыруды қызмет орнынан, әлгі «ақ үйден» бастады. Көп ұзамай айналасы әсемделді, іші-сырты көз тартарлықтай етілді.

Аудан әкімдігі алдындағы алаңға «Бәйтерек» монументі, субұрқақ орнатылды, ішкі жолдары жөнделіп,  көріктендірілді. Ал 2-3 жылда аудан танымастай өзгерді. «Ерең еңбек бәрін жеңбек», «Еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген осы.

Үш ауданды гүлдендіріп, алға шығару — табандылықтың, ғажап еңбекқорлықтың жемісі. Аудан тізгінін мықты ұстап, бір сәт те босаңсымаған, өзгеге де, өзіне де қатаң талап қойып, қамшылай білетін жігерлілігі, өмір өзегін жетік білетіндігі, шешендігі, аңғарымпаздығы, есте сақтау қабілеті оның әбден ысылған, шыныққан азамат екенін дәлелдеп келеді. Оған демеу, сүйеу болған, баулыған, баптаған әке-шешесі, еңбек ұжымдары қызметте өрлеуіне көп ықпал жасағанын білеміз. Ең бастысы – қарапайым халықпен қоян-қолтық етене жақындығы. Елбасының, облыс әкімдерінің, аудандар халқының сенімдерінен шыға білуі, үкілеген үміттерін ақтауы бедел биігіне көтерді. Бұған жету оңай болған жоқ, тар жол, тайғақ кешуді бір кісідей көрді.

Серік мақтаудан кенде емес. Бірақ өзі мақтанбайды. Әрқашан қол жеткеннің бәрі халықтың еңбегінің, береке-бірлігінің жемісі деумен келеді. Халқына арқа сүйеу, асып-таспау, менменсімеу сияқты жақсы қасиет-терін аңғардық. «Қайраны жоқ көлден без, қайыры жоқ  елден без», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Жақсының артынан сөз ереді» деген. Зайсан — қайыры көп, тарихы терең, әділдікті ту еткен, өзінде бәрі бар ел, жақсы, жамандықты, қуаныш, қайғыны көтере біледі.

Осындайда 2012 жылы Сарытеректен жоғарылау орналасқан Бестеректегі облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қолдауымен, аудан әкімі С.Зайнулдиннің бастамасымен, ұйымдастыруымен ашылған «Бәйтерек» сауықтыру орталығын атай кеткен жөн. 280 миллион теңге жұмсалған бұл орынды аудан мақтанышы, танымал кәсіпкер Болат Нұрасыл басқарған «Зайсан» құрылыс компаниясы» ЖШС көз тоймастай етіп жасаған. Серік Зинабекұлы құрылысы біткен соң ардагерлерді апарып демалдырамын деп жүруші еді. 25 тамызда 50 ардагерді өзі бастап, шерулетіп алып барды. 5 күн сонда думандаттық, тынықтық, «Бәйтеректегі» 5 күн Елбасыға, облыс, аудан әкіміне алғыс нөсерлеген күндер болды. Қызметтің барлық түрлері көрсетілді. Күн сайын концерт. Ардагерлердің өздері де құралақан емес. Қуанышбек Әшімхановтың тамаша әнші екенін сонда көрдік. Рахима Төлеуова шырқаған «Сары бидай» әні, Сәния Ілгекбаева апайымыз әуелете салған ән көңілімізді кернеді. Сол жылы 28 тамызда жүрген жері әзіл-қалжың, әнші Совет Сәлиев 73-ке толған. Аудан әкімі Серік Зинабекұлы арнайы келіп құттықтап, иығына шапан жауып, домбыра сыйлады. Советтің туған күнін ардагерлер думандатып, әндетіп атап өтті.

«Бәйтеректе» естен кетпес тағы бір оқиға болды. Зайсандағы М.Әуезов орта мектебін ҰБТ-да 119 балл алып, үздік бітірген, Астанадағы заң институтына грантпен қабылданған Ерназ Ыдырышев орталықта демалып жатқан атасы Сәбиев Талдыбайды іздеп келіпті. Концерт алаңында аталы-немерелі екеуін ортаға алып құттықтадық. Мұқан Зайтынов бата берді. «Бәйтеректі» басымызға көтеріп, әй бір дуылдастық. Бауырмал, көпшіл, балажан, мейірбан екенімізді әйгіледік.

Бұл — Серік Зинабекұлы Зайсанды басқарған кездегі қуанышты сәттің бірі ғана. Ондай сәттер көп болды. Өмірдің, басшылықтың тар жол, тайғақ кешулерінен сүрінбей, мойымай, бәлсінбей өтіп, міне, 55 жасқа толыпты. Абай айтқандай, «Биік мансап – биік жартас. Ерінбеген жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады». Серікті қыранға балаймыз. Қырандай самғай бер. Әрқашан орның биікте, төрде болсын. «Нар жолында жүк қалмас» демекші, көтерген жүгің ауыр, жауапты.

Текті, рухты әулеттің ұлы. Еліне жолбасшы, ауданның ағасы, жағасы. Көпті көрді, көңілге түйді. Достың да, қастың да қандай болатынын біледі. Аудандарды басқару оңай емес. Жоғарыдан да, төменнен де бақылаушылар көп. Басқан ізің, сөйлеген сөзің аңдулы.

Алдыңда әлі талай асулар тұр. Бұлтарыс, шатқалдары да болады. Одан өтуге ақылың да, күш- қайратың да жетеді.

«Алдымен, ел ағалары, сендер қателеспеңдер. Сендер қателессеңдер, соңдарыңнан ерген ел қателеседі» деген ғұлама Ахмет Байтұрсыновтың сөзі есте болсын. 55 жыл артта қалды, халыққа қызметтің алдыңғы шебінде аянып қалмау керек, шегінетін емес, тек алға! Жүз жақсылықты бір қателік, кемшілікпен бастыра салушылар табылар. Дегенмен халық, Жаратушы бәрін көріп жүр. Еңбегің ескерусіз қалмайды.

Елу бес деген — екі бес,

Өмірде жота — бір белес.

Бітірген ісің болмаса,

Әркімдерге құр елес.

Серікке 55 құр елес емес. Қыруар іс тындырды, алғыс, құрметке бөленді, Зинабек аға мен Бикамал апайдың ұлы ғана емес, халықтың ұлы, арқасүйер басшысы болды.

Осынау даңқты жолың ұзақ болсын. Жанұяңа, балаларыңа, ағайындарыңа жақсылық, қуаныш тілеймін!

50-ге толғанда:

Алдыңнан асқар алпыс шақырады,

Жетпістің де желкілдер атырабы.

Сексен, тоқсан, жүзің де жатырқамас,

Жайнай берсін өмірдің жасыл бағы!-

деген едім. Соны бүгін де қайталаймын. Бәріміз де аман болып, салтанат, мерейтойларға жеткізсін деп Жарату-шыдан тілейік.

Бекен ЖАПАРОВ, Зайсан ауданы. {jcomments off}

Связанные новости

Где заканчивается доверие и начинается мошенничество

30.06.2025
Где заканчивается доверие и начинается мошенничество

В современном мире вопросы экономической безопасности все чаще становятся не только темой для профессионалов, но и сферой, в которой важно...

Читать далее ...

Бесплатный сыр теперь в онлайн формате

30.06.2025
Бесплатный сыр теперь в онлайн формате

В рамках реализуемой по поручению главы государства концепции «Закон и Порядок» в области Абай прошел форум «Цифровые триггеры XXI века»....

Читать далее ...

От идеи к действию: как развивается женское лидерство

30.06.2025
От идеи к действию: как развивается женское лидерство

В области Абай прошел семинар-тренинг по повышению лидерства женщин в обществе. Участие в нем приняли представительницы самых разных профессий –...

Читать далее ...

Аким области посетил село Жанай

30.06.2025
Аким области посетил село Жанай

В рамках рабочей поездки в Урджарский район аким области Берик Уали посетил село Жанай. В населенном пункте на личные средства...

Читать далее ...

В селе Таскескен проходит фестиваль «Ауыл – ел бесігі»

30.06.2025
В селе Таскескен проходит фестиваль «Ауыл – ел бесігі»

В селе Таскескен Урджарского района стартовал традиционный культурно-спортивный фестиваль «Ауыл – ел бесігі». Мероприятие проходит 27-28 июня при поддержке акимата...

Читать далее ...

Уплата транспортного налога находится под строгим контролем

30.06.2025
Уплата транспортного налога находится под строгим контролем

В области Абай усиливаются меры в отношении неплательщиков транспортного налога. Об этом на пресс-конференции на площадке Региональной службы коммуникаций сообщила...

Читать далее ...

Новости

Где заканчивается доверие и начинается мошенничество

3 дня назад

Бесплатный сыр теперь в онлайн формате

3 дня назад

От идеи к действию: как развивается женское лидерство

3 дня назад

В Мақаншы акиму области представили концепцию Генерального плана развития Алаколя

3 дня назад

Аким области посетил село Жанай

3 дня назад

В селе Таскескен проходит фестиваль «Ауыл – ел бесігі»

3 дня назад

Уплата транспортного налога находится под строгим контролем

3 дня назад

От зависимости к свободе: кто может помочь на нелегком пути?

3 дня назад

Забота о природе – общее дело: в области Абай прошла акция «Чистый берег»

6 дней назад

В области Абай стартовала «Неделя Закона и Порядка». Жители получили юридическую помощь

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС