Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АҚЫН МЕН ӘКІМНІҢ ЖАРЫ

06.03.2019
FacebookWhatsappTelegram

Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Тәжібайұлы Оразбаевтың зайыбы Шахизада Қостайқызына «Әкімнің жары болу оңай ма?» деген сұрақты қоюға дайындалғанда, ақын Нарша Қашағанұлының «Әйел болу оңай емес әкімге» деген өлеңі еске түсті.

Сол өлеңінде ақын:

Әкім болу оңай емес, әрине,

Жағу қиын бай, жарлының бәріне.

Жазатайым жаза бассаң, беті аулақ,

Ұшырайсың тарих, халық кәріне,-

деп келеді де, тағы бір жерінде:

Әкім болу оңай емес десек те,

Әкімге әйел болу одан қиындау,-

деп бір тұжырымдап тастайды.

Шахизада Қостайқызы жоғарыдағы сұрақ бойынша сұхбат беруге бірден келіспеді. «Ыңғайсыз емес пе?»- деді. Ауданның даму деңгейі жоғары екенін, Ділдабек Тәжібайұлының ел игілігі үшін атқарып жатқан жұмыстарының нәтижелі болғанын, ел алғысына бөленген тәжірибелі басшының қол жеткізген табыстарында ол кісінің жары ретінде өзінің де лайықты үлесі барын айтқанымызда ғана келісімін берді.

— Біз осы ауданға көшіп келгелі алтыншы жылға аяқ басты. Одан бері талай шаруа атқарылды. Ділдабек Тәжібайұлы жанын сала жұмыс істеді десем, артық айтқаным емес. Ерте тұрып кетеді, кеш оралады. Бірде жұмыстан көңілді қайтады. Жайдары жүзінен барған жеріндегі шаруалардың дұрыс жүріп жатқанын бірден аңғарамын. Бірде үйге қабағы қатулы келеді. Бұл — бір шаруаға көңілі толмағанының белгісі.

Қазақтың қай келіні болмасын ерінің қас-қабағына қарайды ғой. Мен де Ділдабек Тәжібайұлының көңіл-күйіне қараймын. Жағдайын жасауға тырысамын. Әрине, ел басқарған, елдің жүгін арқалаған азаматқа жар болу оңай емес. Қуанса, бірге қуанып, ренжісе, бірге мұңаясың. Десе де жылдар бойғы тертөкті еңбек өз нәтижесін беріп жатыр. Бұл күндері Ділдабектің елден еститіні — алғыс. Соған тәубе дейсің.

Әсіресе қарт әжелер, ақсақалдар келіп алғыс сезімін білдіріп, батасын беріп жатады. Ақсуаттың алыста жүрген қыздары еліне келгенде, ажарланған ауылын көріп, Ділдабекті іздеп келіп, алғысын айтады. Елдің көтеріңкі көңіл-күйін, жақсарған тұрмысын, жемісті еңбегін көргенде мерейіміз өсіп қалады. Ділдабек басқарған осы аудандағы жетістіктерді естіген балаларымыз, немерелеріміз алыста жүрсе де мақтанып, шаттық сезімдерін білдіріп тұрады, бізбен бірге қуанады.

Осыдан бірер жыл бұрын Ділдабек екеуіміз стадионға бардық. Бір топ бала бізді қоршап алды.

— Аға, біз доп ойнайтын алаңға сеткі орнатып беріңізші,- деді балалар.

— Сендер мені танисыңдар ма? – деді Ділдабек.

— Танимыз. Сіз аудан әкімі Ділдабек Тәжібайұлысыз ғой,- деді балалар.

— Жарайды, айтқандарың болады,- деп жатты Ділдабек те.

Одан бері де біраз уақыт өтті. Қазіргі стадион адам танымастай өзгерген. Доп ойнайтын жасыл алаңы бар. Соны көргенде әлгі балалардың сөзі есіме түседі. Енді ойлап отырсам, үлкендер ғана емес, балалар да Ділдабекті танып, осы кісі айтқанымызды орындайтын шығар деп сенген екен ғой,- деді Шахизада Қостайқызы.

Әңгімелескен Х.СӘТИЕВ.

Меруерт САЯТОВА: жас ақын, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Мерей Қарттың зайыбы:

— Ақынның жары болу кез келген нәзік жандыға бұйыра бермейтін бақ деп ойлаймын. Бақ болғанда да, қызығы мен қиындығы қатар жүретін ерекше өмір. Ғажайыбы да, қиындығы да бар. Біздің үйдің отағасы Мерей: «Ақынға жарды Жаратқан таңдап береді», — деп жиі айтады.

Расында да, бізді өлең қосқан, тағдырымызға өнер әсер еткен. Алғаш таныстығымыздан бастап табысқанымызға дейін әр сәтті өлеңмен өрнектеп, арамызда сезім құпиясы мен сенім патшалығы салтанат құрып келеді.

Соңғы кезде ақындардың жарының естеліктерін оқып жүрмін. Кей сәттерде ұқсастықтар тауып, күліп те аламын. Бір-біріне ұқсайтын миллиондаған тағдырларға қарағанда, ақынға жар болып ғұмыр кешу қызығырақ. Бұл әлемнен бөлек, үй ішінде, көңіл түкпірінде тағы бір жарық әлем құшағын ашқандай болады. Артықшылығы осы.

Ақынның жары болудың бір қиындығы кей сәттерде ақын жанын түсінбеушілігіміз ден ойлаймын. Көбіне өлең жазуға отырғанда еш бөгет болмағанын қалайды, сол сәтте осалдық танытып алатынымыз бар.

Ақын да адам. Ақынға жар болудан ешкім қашып құтыла алмайды. Алланың қалауы қалай түссе, солай болады.

Ал ақынға жар болу бақыты бұйырып жатса, өлең жазып, өмір келбетінің келісті болуына атсалысқаныңыз жөн. Ақын ақиқатты, шынайы сезімді жырлайды. Сондықтан өлеңге ғашық болып өмір сүрген абзал.

Ақын жігіт сөз салып жатса, жүрегіңіз қаласа, қолына қонып, айдынында жүзіңіз. Өкінбейсіз!..

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Появление партии Adilet отражает изменение электоральных и идеологических парадигм в стране. На этом фоне партия Amanat, сохраняющая статус правящей до...

Читать далее ...

Перераспределение ролей в новой политической системе

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

В условиях трансформации политической модели и появления новых институциональных элементов, включая должность вице-президента, происходит функциональная перестройка системы государственного управления. В...

Читать далее ...

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

А.Дадебай рассматривается как одно из доверенных лиц Главы государства, что придает его назначению дополнительный политический вес. В этом контексте формирование...

Читать далее ...

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Принятие Новой Конституции обозначает завершение этапа политического транзита и окончательное закрепление отхода от прежней модели общественно-политического устройства. В этой связи...

Читать далее ...

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Назначение А.Дадебая председателем партии выстроено в логике институциональной преемственности реформ. С учетом того, что инициатива конституционных преобразований исходила от Главы...

Читать далее ...

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Создание партии Adilet логически вытекает из институциональных изменений, связанных с принятием Новой Конституции. Ядром новой политической силы выступают члены Конституционной...

Читать далее ...

Новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

22 часа назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

22 часа назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

22 часа назад

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

22 часа назад

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

22 часа назад

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

22 часа назад

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

2 дня назад

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

2 дня назад

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

2 дня назад

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС