Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТАРБАҒАТАЙДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ — ПАВЛОДАРҒА ҮЛГІ

12.03.2019
FacebookWhatsappTelegram

Тәжірибе алмасу іскерлікті жетілдіру мақсатын көздейді. Бұл шара кез келген сала үшін маңызды. Тәжірибе алмасу арқылы мамандар бірінің білмегенін бірінен үйренеді. Бір ауданның тың бастамасы, тәжірибесі екінші аудан үшін де тиімді болуы әбден мүмкін. Міне, осындай игілікті іс Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында жүзеге асырылды.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың тапсырмасымен осы облыстың Аққулы, Тереңкөл, Баянауыл, Шарбақты аудандарының әкімдері Абзал Балғабаев, Ернұр Айткенов, Оразгелді Қайыргелдинов және Әзілхен Әбеуов облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрлан Садыбековтің жетекшілігімен тәжірибе алмасу мақсатында Тарбағатай ауданына келіп қайтты. Арнайы іссапармен келген павлодарлық делегация мүшелерін Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев және оның орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, өндіріс мамандары қарсы алып, аймақтың маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан нәтижелі жұмыстармен таныстырды.

Павлодарлық делегация мүшелері Боғас бекетіндегі Қабанбай батыр ескерткішінің алдына тоқтап, мұндағы абаттандыру, жарықтандыру жұмыстарымен танысты. Сәтбаев ауылдық округіне қарасты «Ықыбай» шаруа қожалығының 4000 бас малды бордақылауға арналған алаңы ірі өндіріс орталығы болмақ. Алаңды аралап көрген павлодарлықтарға қожалықтағы жұмыстың жай-жапсары мен мақсат-міндеті туралы аудан басшысы Ділдабек Тәжібайұлы жан-жақты әңгімелеп берді. Қонақтар мал семірту әдістеріне көбірек көңіл бөліп, шаруашылық басшысымен, қатардағы жұмысшылармен тілдесті.

Одан соң қонақтар Көкжыра ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектепке келіп, білім ошағындағы робототехника кабинеті мен ағылшын тілін оқыту орталығының жұмысына ден қойды. Осы ауылдағы «Сарман-8» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің мал бордақылау алаңын аралап, мамандармен, қатардағы жұмысшылармен әңгімелесті.

Екпін ауылдық округіндегі «Жансая» шаруа қожалығының ұжымы да павлодарлықтарға өз жетістіктерін жан-жақты көрсетуге тырысты. Мұнда Ресейден сатылып әкелінген асыл тұқымды мал өсіріледі. Көрші облыстан келген қонақтарды асыл тұқымды малдардың жаңа жерге, жаңа жағдайға қалыптасуы, бағымы мен күтімі сияқты жайлар қызықтырды. Павлодарлықтар осы ауылдағы белгілі кәсіпкер Болат Қойбағаровтың ат спорты мектебінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға да қызығушылық танытты.

Аудан орталығы Ақсуатқа кіреберісте Ырғызбай Досханаұлы атындағы орталық стадион делегация мүшелерінің назарын бірден өзіне аударды. Атшаптырым аумақты алып жатқан стадионның жабдықталуы, онда өткізілетін дүбірлі жарыстар, болашақтағы жоспарлар туралы мәліметті павлодарлық аудан басшылары қойын дәптерлеріне жазып алып жатты.

Ақсуаттағы Абай, Мұрын ана ескерткіштері мен «Мәңгілік Ел» саябағын тамашалап, орталықтағы абаттандыру жұмыстарымен танысқан қонақтар мектептердегі ағылшын тілін оқыту орталықтарында болып, ондағы жұмыстардың қалай ұйымдастырылғаны жайлы сұрастырып, оқушылардың қазақ, орыс және ағылшын тілінде еркін сөйлеп тұрғанына тәнті болды. Қонақтардың бірі сыныптағы балаларға ағылшын тілінде сұрақ қойып еді, балалар сол тілде жамырай жауап берді. Елбасының «Үш тұғырлы тіл» жобасын жүзеге асыру аясында жүргізіліп жатқан іс-шаралардың нәтижесін бере бастағанын көрген павлодарлықтар орталықтардың жұмысын жоғары бағалады.

Ақжар ауылында да қонақтарды елең еткізетін жақсы жұмыстар тосып тұр еді. Мұндағы көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары Ақсуат ауылындағыдан кем емес екеніне көздері жеткен аудан басшылары ауылдағы «Балауса-балғын» балабақшасының жылыжайына ат басын тіреді. Алмагүл Құсайынова басқаратын балабақша қызметкерлері жылыжай жұмысын соңғы үш жылдан бері мықтап қолға алып, жылдың төрт мезгілінде де көкөніспен өздерін де, ауыл жұртшылығын да қамтамасыз етіп келеді. Оған қоса гүл өсіріп, бақша жемісін саудаға шығарып, балабақша қоржынына миллиондап пайда түсіргенін, алдағы уақытта жер алып, мал өсіріп, қосымша шаруашылықтарын кеңейтуді жоспарлап отырғандарын естігенде қонақтар таңданыстарын жасырмады.

Ақжардағы оңалту орталығы мен мәдениет үйінің жұмыстары, «Төрт ағайын» шаруа қожалығында атқарылып істер де қонақтардың көңілінен шықты.

Тарбағатай ауданындағы кездесулерден алған әсері жайлы Баянауыл ауданының әкімі Оразгелді Қайргелдинов әңгімелеп берді.

— Тарбағатай ауданына келген сапарымыз сәтті болды. Бұл ауданның әлеуметтік-экономикалық дамудағы соңғы жылдардағы жетістіктері жайлы ақпарат құралдары арқылы естіп білсек, сол нәтижелі істердің шынайылығына бүгін көз жеткіздік. Ауданда барлық сала жақсы дамыған екен. Аудан ауылдар арасындағы жолдарды өз күштерімен салу мүкіндігіне қол жеткізіпті. Коммуналдық қызмет жақсарыпты. Ауылдарды абаттандыру, көгалдандыру, елді мекендердің мәдениетін көтеру жақсы жолға қойылғаны көрініп тұр. Мал бордақылау ісі маңызды сала ретінде танылыпты. Рухани жаңғыру бағытындағы ізденістер де көңіл қуантады, тарихи тұлғаларды қастерлеуге ерекше мән беріледі екен. Мектеп жасындағы балаларға ағылшын тілін ақылы негізде оқыту ісі жақсы ойластырылған. Ақжардағы балабақшаның меңгерушісі Алмагүл қарындасымыздың тың бастамаларына риза болдық. Ең бастысы, аудандар арасында әріптестік қарым-қатынас орнатуды, тәжірибе алмасуды бастадық. Жақсы іс жалғасын тапса игі. Көп жаңалықтарды, тың бастамаларды көрдік. Үйренетін, үлгі алатын істер жеткілікті екен. Тарбағатайлықтарды біз де өз облысымызға, ауданымызға шақырдық. Мысалы, мен басқаратын Баянауыл – киелі, қасиетті жер. Бір ауданның өзінен Қаныш Сәтбаев бастаған 28 академик, 12 генерал шыққан. Сіздерді таңғалдыратын тамаша жетістіктер, тың істер бізде де көп,- деді Оразгелді Қайргелдинов.

Бет қатталып жатқанда, Павлодар облысындағы Баянауыл ауданының әкімі Оразгелді Қайргелдинов бізбен телефон арқылы байланысып, Тарбағатай ауданында ұйымдастырылған тәжірибе алмасу сапарының нәтижесіне облыс басшысы Болат Бақауовтың ерекше көңіл бөліп отырғанын, облыс активінің кезекті жиынында делегация мүшелері көрген-білгендері, алған әсерлері жайлы жеке-жеке хабарлама жасағанын, тиімді деп табылған тәжірибелер бойынша тиісті жұмыстар қолға алына бастағанын хабарлады.

Хамза СӘТИЕВ, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Появление партии Adilet отражает изменение электоральных и идеологических парадигм в стране. На этом фоне партия Amanat, сохраняющая статус правящей до...

Читать далее ...

Перераспределение ролей в новой политической системе

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

В условиях трансформации политической модели и появления новых институциональных элементов, включая должность вице-президента, происходит функциональная перестройка системы государственного управления. В...

Читать далее ...

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

А.Дадебай рассматривается как одно из доверенных лиц Главы государства, что придает его назначению дополнительный политический вес. В этом контексте формирование...

Читать далее ...

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Принятие Новой Конституции обозначает завершение этапа политического транзита и окончательное закрепление отхода от прежней модели общественно-политического устройства. В этой связи...

Читать далее ...

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Назначение А.Дадебая председателем партии выстроено в логике институциональной преемственности реформ. С учетом того, что инициатива конституционных преобразований исходила от Главы...

Читать далее ...

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Создание партии Adilet логически вытекает из институциональных изменений, связанных с принятием Новой Конституции. Ядром новой политической силы выступают члены Конституционной...

Читать далее ...

Новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

22 часа назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

22 часа назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

22 часа назад

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

22 часа назад

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

22 часа назад

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

22 часа назад

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

2 дня назад

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

2 дня назад

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

2 дня назад

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС