Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕЛОРДАМЫЗ — НҰР-СҰЛТАН!

26.03.2019
FacebookWhatsappTelegram

{jcomments off}Наурыздың 19 жұлдызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Үндеу жариялап, президенттік өкілеттілігін тоқтататынын мәлімдеді. Алдағы президент сайлауына дейін мемлекетке басшылық жасау тізгіні Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілді.

Наурыздың 20-ы күні Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында салатанатты түрде Қазақстан халқына ант берді.

Наурыздың 23-і күні Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ Президент Жарлығымен Марат Тәжин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал осы лауазымдағы Бақытжан Сағынтаев Президент Әкімшілігінің жетекшісі қызметін атқаратын болды.

Ел өмірінде елеулі орын алған осы күндері редакцияның хат-қоржынына газет оқырмандарының пікір-лебіздері көптеп түсуде. Солардың бірқатарына кезек берелік…

ЛАЙЫҚТЫ ШЕШІМ БОЛҒАНЫ АНЫҚ

Қазақ елінің Тұңғыш Президенті, «Nur Otan» партиясының Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өте маңызды тарихи шешімін жария етті. Әлеуметтік желілерде халықтың қимастықпен, бауырмалдық сезіммен жазып жатқан пікірлерін оқып, Елбасымызбен марқая мақтанып отырмыз.

Жеке мемлекет болып құрылған алғашқы күннен бастап тәуелсіз Қазақстан бейбітшілік пен тұрақтылықты межеге алды. Дамудың дара жолында халықтың әлеуметтік ахуалын жақсарту, экономикалық өсім мен ұлттық рухты асқақтату, халықтың рухани жаңғыруына баса көңіл бөлу, ең алдымен, Нұрсұлтан Әбішұлының көрегенділігін аңғартса керек.

«Отызда отау иесі» дейді дана халқымыз. Адам жасымен шамаласақ, Қазақстанымыз да бірер жылдан кейін үш ондықтың белесін артқа тастамақ. Бұл аралықта Азия кеңістігінде экономикасы тұрақты, әл-ауқаты артқан елдердің көшін бастаған мемлекетіміз әлемнің алпауыт державаларының алдында биік беделімен дараланды.

Біздің Шығыс Қазақстан үшін, ұлы Абайдың елі үшін Елбасы еңбегінің жоғары жетістігі – ядролық қарудан бас тартуы. 130-дан астам ұлттың өкілін біріктірген жас мемлекеттің бірлігі төрткүл тарапқа өнеге болды.

Нұрсұлтан Әбішұлы – «Nur Otan» партиясының Көшбасшысы, негізін қалаушы тарихи тұлға. Президенттік өкілеттігін тоқтатса да, жүрегі, тілегі, алға қойған межесі – халықпен бірге болу. Олай болса, Ұлт Көшбасшысымен бірге нық қадам баса отырып, партия тарихының жаңа кезеңін бастаймыз. Біз сенімді ақтаймыз!

Әнуарбек МҰХТАРХАНОВ,

«Nur Otan» партиясы

ШҚО филиалы төрағасының

бірінші орынбасары.

 

НҰРЛЫ БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

Қазақ елінің өз алдына тәуелсіз мемлекет болуы жолындағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Назарбаевтың қажырлы еңбегін алаш жұрты жоғары бағалайды.

Бүгінгі ұрпақ, сіздер мен біздер,тағдырдың жазуымен, Алланың рақымымен осы бақытты күнде өмір сүріп отырмыз. Мен өз басым 1990-1994 жылдардағы, сол кездегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің халық депутаты ретінде, 1990 жылы Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияны қабылдағанда, 1991 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін жариялағанда, сонымен бірге Елбасымыз Н.Назарбаевтың Тұңғыш Президент болып сайлануында да қол көтеріп, ел тарихына азаматтық үлесімді қосқаным үшін өзімді бақытты адаммын деп санаймын.

Біз тәуелсіз еліміздің Мемлекеттік Туы, Мемле-кеттік Елтаңбасы, Мемлекет-тік Әнұраны қабылданға-нына куә болдық. Ел Тәуелсіздігінің басты символына айналған Астана қаласы көз алдымызда өсіп-өркендеп, қанат жайып келеді. Елбасы Сарыарқадай сайын дала төсіне таңдауы түсіп, үлкен көрегендікпен әсем шаһар тұрғызды. Тәуелсіз қазақ елінің жаңа тарихын жасап, өзінің алтын қолтаңбасын қалдырды.

Бүгінде әлем жұртшы-лығы Астана десе, Елбасы Н.Ә.Назарбаевты, Назарбаев десе, Астананы тамсана, таңдана ауыздарына алады. Бұлай болуы заңды да.

Сондықтан да біз, Үржар ауданының ардагерлер қауымы, елордамыз Астана қаласы атауының Нұр-Сұлтан қаласы болып өзгеруін қолдаймыз. Бас шаһарымыз Нұр-Сұлтан қаласы елімізді нұрлы болашаққа бастайтынына кәміл сенеміз.

Н.САНДЫБАЕВ,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы,

Үржар ауданының Құрметті азаматы.

АЛҒЫСЫМЫЗ ШЕКСІЗ

Қазақ елінің Тұңғыш Президенті, Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың президенттік өкілеттілігін доғару туралы мәлімдемесі, ел-жұртына арналған жүрекжарды алғысқа толы сөздері көңілімізді толқытып, жүрегімізді сыздатып, қимастық сезімін тудырды.

Ата-бабамыздың ежелгі арманын жүзеге асырып, мың өліп, мың тірілген қазақ елінің Тәуелсіздігін жариялап, көк байрақты желбірете көтеру бақыты Н.Ә.Назарбаевқа бұйырды. Арда туған ел азаматы алты алаштың аманатын абыроймен орындады. Тәуелсіздіктің 28 жылында Ұлы дала елі өзінің Тұңғыш Президентімен бірге ғасырға бергісіз жолдан өтті. Тоқсаныншы жылдардың дағдарысы еңсеріліп, Сарыарқаның төрінде жаңа тұрпатты жас қала, көркіне көз тоймайтын Астана бой көтерді. Экономикалық-әлеуметтік реформалар табысты жүзеге асып, демократиялық, зайырлы мемлекеттің іргесі қаланды. Әлемдегі озық елу елдің қатарына қосылдық. Қазақ елінің дүниежүзілік аренадағы мәртебесі өсті.

Ел Президентінің осынау тарихи тағдыр шешті жеңістерін зор алғыс сезіммен жоғары бағалаймыз және мақтан етеміз. Заманымыздың ұлы қайраткері ретінде Қазақстанды әлем төріне шығарғаны үшін, туған халқының дана перзенті ретінде ата жұртымыздың бағын жандырғаны үшін, әсем де айбынды Астанамен салтанатымызды асырғаны үшін Елбасына қай кезде де айтар алғысымыз шексіз.

Нұрсұлтан Әбішұлы бұл жолы да өзіне ғана тән көрегендікпен, батылдықпен бүкіл дүниежүзік қауымдастықты таңғалдырып, асқан кемеңгерлікпен дана шешім қабылдады.

Данагөй Елбасы өтпелі кезеңнің барлық сын-қатерлерін еске алып, Ата Заңымызға өзгерістер енгізді, тиісті құрылымдық жүйелерді реттеді. Ең бастысы, өзінің басқару мектебінен өткізген, қарымды да қабілетті, экономикалық реформаларды жүзеге асырудың жолдары мен тетіктерін жете меңгерген, мемлекеттік басқару жүйесінде шыңдалған жаңа саяси элитаны тәрбиелеп шығарды. Сондықтан еліміздің келешегі кемел, болашағы жарқын болатынына сеніміміз мол.

Сәумен ЖАҚАЕВ,

Тарбағатай аудандық

мәслихатының хатшысы.

КҮТПЕГЕН МӘЛІМДЕМЕ БОЛДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұлтымыздың ұлық мерекесі – әз Наурыз қарсаңында жасаған президенттік өкілеттігін уақытынан бұрын тоқтату туралы мәлімдемесін сол сәтте қазақстандықтар үлкен тебіреніспен қабылдады. Бұл ел күтпеген тарихи шешім болды. Ұлт Көшбасшысы, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі Қазақстан халқының Тәуелсіздігімен бірге жасасып келеді. 28 жылдай тәуелсіз мемлекеттің тізгінін ұстап, өзінің табандылығы мен сындарлы саясатының нәтижесінде ұлтымызды әлемге танытқан Елбасының еңбегі ерен екенін күллі әлем жұртшылығы әлдеқашан мойындаған.

Мемлекет басшысының сындарлы саясатының, көшбасшылық қабілетінің арқасында еліміз жасампаздықтың жаңғыру жолынан өтті. Кеңес империясы ыдырап, төрткүл дүниеде түбегейлі өзгерістер орын алған сәтте Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің көрегендігімен соңынан ерген халықты сүріндірмей, жарқын болашаққа бастады.

Өзімен бірге ұзақ жылдар қызмет етіп келе жатқан қоғам қайраткері Қасым-Жомарт Тоқаевқа президенттік міндетті сеніммен жүктеуі Н.Әбішұлының көрегенділігін білдіреді. Елбасының есімі тарих парағында алтын әріптермен жазылып қалады.

Тұқан МЫРЗАХАНОВ,

Зайсан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

ЫЖДАҒАТПЕН ТЫҢДАДЫҚ

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуін аса ыждағатпен тыңдадық. Үндеуде баяндалғанындай, Мемлекет басшысы еліміздің зайырлылығын, Ата Заңымыздың бұлжымай орындалатынын және Президенттің Конституцияның қалтқысыз орындалуының кепілі екенін елге тағы да танытты. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Респубикасының Тұңғыш Президенті ретіндегі еңбегі ерен. Елбасы — Қазақстанды әлемге танытқан тұлға. Еліміздің өркендеуі жолында әлі де қызмет ете беруіне тілектеспін.

Дархан БЕРДІБЕК,

Көкпекті аудандық

мәслихатының депутаты.

 

Связанные новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Появление партии Adilet отражает изменение электоральных и идеологических парадигм в стране. На этом фоне партия Amanat, сохраняющая статус правящей до...

Читать далее ...

Перераспределение ролей в новой политической системе

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

В условиях трансформации политической модели и появления новых институциональных элементов, включая должность вице-президента, происходит функциональная перестройка системы государственного управления. В...

Читать далее ...

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

А.Дадебай рассматривается как одно из доверенных лиц Главы государства, что придает его назначению дополнительный политический вес. В этом контексте формирование...

Читать далее ...

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Принятие Новой Конституции обозначает завершение этапа политического транзита и окончательное закрепление отхода от прежней модели общественно-политического устройства. В этой связи...

Читать далее ...

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Назначение А.Дадебая председателем партии выстроено в логике институциональной преемственности реформ. С учетом того, что инициатива конституционных преобразований исходила от Главы...

Читать далее ...

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Создание партии Adilet логически вытекает из институциональных изменений, связанных с принятием Новой Конституции. Ядром новой политической силы выступают члены Конституционной...

Читать далее ...

Новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

23 часа назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

23 часа назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

23 часа назад

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

23 часа назад

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

23 часа назад

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

23 часа назад

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

2 дня назад

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

2 дня назад

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

2 дня назад

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС