Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

НАУРЫЗ ТОЙЫ ТӨРІМІЗДЕ

26.03.2019
FacebookWhatsappTelegram

Көктемнің аса бір жарқын мерекесі Наурыз — елімізде ерекше құрметпен аталып өтетін мейрамдардың бірі. Семей қаласында да Ұлыстың ұлы күні биыл ерекше сипатта ұйымдастырылды. Қаланың бес бірдей алаңында 20-ға жуық киіз үй тігіліп, өнер ұжымдары тамаша концерттік бағдарламаларын халыққа тарту етті. Алаңға жиналған қала тұрғындары мен қонақтарға наурыз көже мен ұлттық тағамдар ұсынылды. Салт-дәстүрлерімізден қойылымдар көрсетіліп, жігіттер ұлттық ойындардан сынға түсті.{jcomments off}

Орталық алаңда

Наурыз мейрамының жыл өткен сайын елімізді мекендеген барша ұлт пен ұлыстың сағына күтетін мерекесіне айналып, жалпыхалықтың сипат алып келе жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Орта Азия халықтарының ортақ мейрамын семейліктер де бұл жолы ерекше сән-салтанатпен қарсы алды. Шаһардың Орталық алаңында орнатылған сахнадағы мерекелік концерттен соң қала басшысы Ермак Сәлімов жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

— Ардақты ағайын, қымбатты жерлестер! Жаңару мен жасампаздық бастауы, ырыс пен ынтымақтың арқауы болған Наурыз мерекесі баршамызға құтты, берекелі болсын! Тамырын тереңге тартқан Ұлыстың ұлы күні — біртұтас бірліктің, тату тірліктің берік негізі. Дана халқымыз бұл күні елімізге амандық тілеп, келер күнге зор үміт артқан. Ұлы замандасымыз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында Ұлыстың ұлы күні Ұлы даламызға егемендікпен бірге қайта оралды. Ұлтты ұйыстырып, жақынды жиыстырған Тұңғыш Президентімізге біз қашанда қарыздармыз. Шекарамызды шегендеп, ұмыт болған ұлы тарихты түгендеп берген Елбасы ерлігі ұрпаққа өнеге болып қала береді.

Жаңа жыл баршамызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Бақуатты еліміз, байтақ жеріміз, бағаналы ордамыз мәңгі жасасын. Ұлыс оң, ақ мол болсын! Еліміз өркендеп, жеріміз гүлденсін. Наурыз құтты болсын, ағайын!- деді Ермак Бидахметұлы.

Халық қамқоры, елге ырыс, несібе, құт әкелуші Наурыздың басты кейіпкері Қыдыр ата мереке барысында бата беріп, ізгі тілегін арнады. Бес қаруын сайлаған батырлар, бүркітшілер мен аңшылар да бұл күні өнер көрсетіп, ұмыт болып бара жатқан ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғыртқандай болды.

Әрине, Наурыз мерекесін наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Мереке барысында алаңға жиналған халыққа наурыз көже ұсынылып, 5 мыңға жуық бауырсақ таратылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бауырсақты 150 әже бірігіп әзірлеген екен.

— Наурыз — өте көнеден келе жатқан мейрам. Мерекенің қай заманнан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні аспан денелері бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін болғандықтан, бабаларымыз осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған екен. Наурыз — еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі. Сондықтан ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға береке, халқымызға тыныштық, мемлекетімізге молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін,- дейді немерелерімен бірге мерекені тамашалауға келген Райхан есімді әже.

— Наурызды қазақ халқының ықылым заманнан тойлап, «Ұлыстың ұлы күні» деп ерекше атағанын бүгінгі таңда көзі ашық, көкірек көзі ояу әр азамат жақсы біледі. Наурыз мерекесі жайлы Шығыстың шайырлары Әбу Райхан әл-Бируни, Омар Хайям, Қожа Хафиз еңбектерінде де кездеседі. Ұлы Абай да кезінде: «…ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп, той-тамаша қылады екен»,- деп сүйсініп жазғанын білеміз. Өкінішке орай, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан қасиетті мерекені тойлау Кеңес заманы кезінде тоқтап қалды. Қазақстанда да талай жылдар бойы  Наурыз діни мереке деп саналып, атап өтуге тыйым салынды. 1926 жылдан кейін Наурыз мейрамы елімізге 1990 жылдардың басында ғана қайта оралды. Ал 2001 жылы Наурыз мейрамы мемлекеттік мереке ретінде жарияланып, содан бері халық арасында кең көлемде аталып келеді. Жылдағы дәстүрге сай, міне, бүгін де халық Наурызды тойлау үшін Орталық алаңға көп жиналыпты. Мереке өз деңгейінде өтіп жатыр. Ұйымдастырушылардың ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен құндылықтарымызға, ұлттық спортқа баса ден қойып келе жатқанын көріп, қуанып отырмын,- дейді Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің оқытушысы Гүлнұр Ахметбекқызын сөзге тартқанымызда.

Орталық алаңда, мерекелік бағдарламамен қатар, ұлттық тағамдар мен ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі өтіп, асық ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, арқан тарту, қол күресі сынды халықтық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Қатысуға ниет білдіруші тұрғындар алдын ала жазылып, өзара бәсекеге түсті, жүлдегерлерге сыйлықтар тапсырылды.

Орталық алаңдағы мереке «Ринго» тобының және семейлік әншілердің қатысуымен өткен мерекелік концертпен және түрлі түсті отшашумен тамамдалды.

Темір жол вокзалы алаңында

Семейлік қауым Наурыз мерекесін шаһардағы қайта түлеген темір жол алаңында да кең көлемде мерекеледі. Бұл күні аталмыш алаңда ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, Ұлыс күнін тойлауға келген қалалықтарға арналып мол дастарқан жайылды.

Мерекелік салтанат сахна төріндегі құттықтау лебізбен басталды. Көпшілік алдында «ҚТЖ-ҰК» АҚ филиалы Семей жүк тасымалы бөлімшесінің басшысы, қалалық мәслихат депутаты Марлен Көкірекбаев, Семей қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зульфия Жамалтдинова, мәслихат депутаты Айнұр Арғынбекова және ардагерлер қауымы құттықтау тілек жолдады.

Көктемнің жылы лебін ала келген осынау мерекенің тағылымдық мән-мағынасына тоқталып өткен Марлен Кәрімұлы семейліктерді қастерлі мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жолдады.

Бұл күні теміржолшылар қауымын, қалалықтарды құттықтауға келген жергілікті мәслихат депутаты Айнұр Арғынбекова да лебізін білдірді. Аймағымызда ғана емес, байтақ еліміз үшін маңызды саналатын осы салада тер төгіп жүрген еңбеккерлерге, барша халқымызға толайым табыстарға жетуін, еліміздің өркендей беруін тіледі.

Қалалықтарды Наурыз мерекесіне орай ән-жырмен сусындатуға жергілікті өнерпаздар арнайы келіпті. Әуелеп ән, күмбірлеп күй төгіліп, мерекелік шара басталып кетті. Мерекелік концертті тамашалаушы көрерменнің қарасы мол болды. Қазақы нақыштағы әуен де, дәстүрлі әндер мен билер де орындалды. Ал осынау сәттерде сахна сыртында спорттық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар өзара сынға түсіп жатты. Нысана көздеу мен гір көтеруден жеңімпаз атанғандарға жүлделер тігілген болатын.

Темір жол мекемелері тіккен киіз үйлерде аста-төк мол дастарқан жайылды. Әсіресе Семей вагон пайдалану депосы, Жаңа-Семей станциясы тіккен алты қанат киіз үйлерден дәм татушылар легі арылмады. Оларға теміржолшы қыз-жігіттер «ауылдың алты ауызы» — ән мен күйден кәдесый ұсынды.

Наурыз күні көпшілікке арналып қайырымдылық дастарқаны жайылған-ды. Жүз литрден аса наурыз көже таратылып, асылған ет пен палау, өзге де ұлттық тағам түрлері мерекелеуші халыққа қонақжайлықпен ұсынылды.

Темір жол ауданындағы Наурыз тойы осылайша көпшіліктің мерекелік көңіл-күйін еселеп, жағымды әсер сыйлады.

«Жаңа көктемдегі» жарқын сәттер

Ұлыстың ұлы күні «Жаңа Көктем» сауда орталығы маңындағы алаңда да ерекше тойланды. Киіз үйлер тігіліп, мерекелік дастарқан жайылды, ұлттық ойындар ойнатылып, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Жастар жағы арқан тартысып, гір тасын көтеріп, күштерін сынаса, енді бір тобы боз кілемде белдесті. Наурыз тойына келген қала тұрғындары қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдардың көрмесін тамашалады. Мерекеге жиналған көпшілік бірін-бірі құттықтап, ақ тілектерін айтып, жүрекжарды лебіздерін білдірді.

— Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы Семейдің барлық алаңдарында ерекше, ұлттық нақышта тойланып жатыр. Мерекені ұйымдастырушылар ұлттық ойындарды, қазақы салт-дәстүрлерді дәріптеуде. Наурыз бірліктің, татулықтың, ізгіліктің мерекесі ретінде тойланады. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған. Ежелден жаңа жылдың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған әз Наурыз мерекесімен барша Семей жұртын құттықтаймын! Арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт пен береке сыйласын. Ақ мол, жыл ырысты болсын! — дейді қала тұрғыны Балжан Ибраева.

— Тіршіліктің бастауы болған Наурыз мерекесі, жер-ана бусанып, күн мен түн теңелетін көктем мерекесі құтты болсын! Наурыз — барлық ренішті кешіріп, ән-күймен, ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін мейрам. Халықтар арасындағы бауырластық қарым-қатынастардың нығаюына, әр ұлттың салт-дәстүрінің жаңғыруына осы мейрам үлкен үлесін қосып отыр. Наурыз мерекесі туған жер топырағына құт-береке әкелсін. Баршаңызға амандық, дендеріңізге саулық, дастарқандарыңызға молшылық тілеймін! – деп ақжарма тілегін жеткізді қала тұрғыны Назира Бекенқызы.

Ж.ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, Қ.ӘЛІМБЕК, Қ.ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Появление партии Adilet отражает изменение электоральных и идеологических парадигм в стране. На этом фоне партия Amanat, сохраняющая статус правящей до...

Читать далее ...

Перераспределение ролей в новой политической системе

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

В условиях трансформации политической модели и появления новых институциональных элементов, включая должность вице-президента, происходит функциональная перестройка системы государственного управления. В...

Читать далее ...

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

А.Дадебай рассматривается как одно из доверенных лиц Главы государства, что придает его назначению дополнительный политический вес. В этом контексте формирование...

Читать далее ...

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Принятие Новой Конституции обозначает завершение этапа политического транзита и окончательное закрепление отхода от прежней модели общественно-политического устройства. В этой связи...

Читать далее ...

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Назначение А.Дадебая председателем партии выстроено в логике институциональной преемственности реформ. С учетом того, что инициатива конституционных преобразований исходила от Главы...

Читать далее ...

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Создание партии Adilet логически вытекает из институциональных изменений, связанных с принятием Новой Конституции. Ядром новой политической силы выступают члены Конституционной...

Читать далее ...

Новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

23 часа назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

23 часа назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

23 часа назад

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

23 часа назад

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

23 часа назад

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

23 часа назад

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

2 дня назад

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

2 дня назад

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

2 дня назад

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС