Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕРЛІКТІ МАДАҚТАУ ЕЛГЕ ПАРЫЗ

25.02.2014
ЕРЛІКТІ МАДАҚТАУ ЕЛГЕ ПАРЫЗ
FacebookWhatsappTelegram

Жер бетінің қай бұрышында жа- салғанына қарамастан көрсетілген ерлігіне сай өз азаматтарына құрмет көрсетіп, мадақтау кемел болашаққа ұмтылған тәуелсіз ел үшін парыз саналады. Сонымен қатар, келешек ұрпақты отан-сүйгіш, батыр етіп тәрбиелеудің өзіндік бір жолы деуге болады. Кеңес одағы әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып жатқан шаралар ауған соғысы ардагерлеріне деген құрмет пен жастарға аға буын өкілдерінің ерліктерін үлгі етудің озық тәсілі іспеттес. Ширек ғасырлық датаны атап өту аясында ауған соғысы ардагерлеріне ТМД мемлекеттері Қорғаныс ми-            нистрліктерінің келісімі бойынша жасалған арнайы медальдар табысталып жатыр. 21 ақпан күні қала әкімдігінде осы наградалармен марапаттау рәсімі өткізілді.

Аталмыш шараға қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева мен шаһарымыздың қорғаныс істері жөніндегі басқармасының басшысы полковник Жәнібек Идришев қатысты. Сонымен қатар, мерейтойлық медальдарды табыстау рәсіміне жалпы саны 20 ауған соғысы ардагерлері шақырылған. Шараның негізгі бөлігі басталмас бұрын сөз сөйлеген Зәуреш Исабаева жиналғандарды кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуымен құттықтап, осынау соғысқа қатысқан жерлестеріміздің ұрыс алаңдарындағы ерліктері ешқашан ұмытылмайтынын тілге тиек етті.

— Атқарған шаруаларыңыз жемісті болсын. Сіздердің бүгінгі таңда жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу ісінде жасап жатқан істеріңізге ризашылығымызды білдіре отырып, атқарушы биліктің өкілі ретінде қала әкімдігінің есігі сіздерге әрдайым ашық екендігін айтқым келеді. Игілікті бастамаларыңыздың жүзеге асуына қолдау білдіруге дайынбыз,- деді қала әкімінің орынбасары.

 

{jcomments on}Жиын барысында медальдарды иеленген ардагерлер награданы кеуделеріне таққаннан кейін орындарына «Қазақстан Республикасына қызмет етемін» деген сөзді айтып барып отырып жатты. Сондай-ақ, олар Кеңес Одағы әскерінің ауған жерінен шығарылғанының 25 жылдығына орай түрлі шаралар ұйымдастырып, ауған  соғысы ардагерлерін ұмыт қалдырмай, ескеріп жатқан атқарушы билік өкілдеріне алғыстарын білдірді. «Мұндай шараның маңызы өте зор. Біз қазір жас ұрпақты батырлық рухында тәрбиелеуді ойлауымыз қажет. Осы тұрғыда жастарға аға буын өкілдерінің ерліктерін үлгі ету мақсатымен ұйымдастырылатын шаралар жиірек өткізілсе, нұр үстіне нұр болмақ. Болашақта мұндай соғыстар қайталанбауын тілейміз, ел іші мен іргесіндегі тыныштық сақталсын». Ардагерлердің марапаттау рәсімінде айтқан пікірлерінің ортақ мағынасы осындай болды.

 

Тағы бір айта кетерлік жайт, ардагерлерге табысталған бұл медальдар мерейтойлық естелік емес, мемлекеттік марапат саналады. Бұл да ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің ерлігіне берілген зор баға болса керек. Ауған соғысы ардагерлеріне арнайы марапаттарды табыстау шаралары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

6 дней назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС