Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

02.04.2019
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласы бойынша санитарлық-тазалық шараларын жүргізудің экологиялық екі айлығы басталды. Аталмыш шара сәуірдің 1-нен 31 мамырға дейін жалғасатын болады. Бұл туралы апта дүйсенбісінде қала әкімі Ермак Сәлімовтің төрағалығымен өткен жиын барысында мәлім етілді.

Қалалық әкімдікте өткен басқосуға бөлімдер мен мекемелер басшылары, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер жетекшілері және қоғам белсенділері, журналистер мен құқық қорғау органы өкілдері қатысты.

Жиын беташарында сөз алған шаһар басшысы Е.Бидахметұлы қаламыз бойынша ұйымдастырылатын санитарлық-тазалық шаралары бойынша бірқатар мәселелер бар екендігін жеткізе келіп, осы жағдайға байланысты кеңесудің маңыздылығына тоқталып өтті.

Көпшілік алдында алдымен Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев кең көлемде баяндама жасады. Өз сөзінде А.Хайроллаұлы биылғы жылғы тазалық айлығы барысында қолға алынатын жұмыстар қатарына тоқталды.

— Сенбілік жұмыстарына қаламыздағы барлық мекемелер мен ұйымдар және жеке сектордағы тұрғын үйлер иелері толығымен қатысуы тиіс. Айта кетерлігі, тазалық екі айлығы тек нысандар аумағы мен көшелер бойын, аулаларды тазалап, қалыпқа келтірумен шектелмеуі қажет. Сонымен қатар ғимараттар қасбеттерін әрлеп, гүлзарлар мен тал көшеттерін отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын да жүргізу керек. Бұл ретте Өскемен қаласынан 31 мың тал өскінін алдыру көзделуде. Яғни терек, шетен, көктерек сынды сәндік талдардың көшеттеріне тапсырыс берілді,- деді өз сөзінде бөлім басшысы.

Амантай Хайроллаұлы сонымен қатар сенбіліктерді өткізуге даярлық шараларына да тоқталды. Бұл ретте сәуір айының барлық сенбі күндері мен мамыр айының 4-ші жұлдызында сенбілік өткізу белгіленген. Оған барлық еңбек ұжымдары, ұйымдар мен қалалықтар тартылатын болады.

Осыдан соң қала әкімі жиынға қатысушыларға кезек берді. Сөз алған мекеме басшылары, негізінен, тазалық екі айлығына байланысты бөлім басшысына сауалдар қойды. Өз кезегінде сөз алған «ҚТЖ ҰК» АҚ Семей жүк тасымалы бөлімшесінің басшысы, қалалық мәслихат депутаты Марлен Көкрекбаев шаһар ішін көктей өтетін темір жол желісі бойындағы тазалық мәселесін алға тартты. М.Кәрімұлының айтуынша, рельстің қос қапталындағы 3 метрлік жер ғана теміржолшылар қарамағында. Алайда олар бүкіл желі бойын толық тазалап шығуға мәжбүр. Әсіресе Жаңа-Семей аумағындағы гараж кооперативтері аймағы бойынша мәселе күрделі болып тұр. Шаһар орталығы болса да, жекеменшік иелері өз аумақтарын тазартуға құлықты емес. Сол себепті де қалалық әкімдіктің және тәртіп сақшыларының көмегі қажет.

Ермак Бидахметұлы бұл ретте өткен жылдардағыдай көмек жасалатынын айтты. Яғни полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік шаралар ұйымдастырылып, күл-қоқысты темір жол бойына төгетін жеке сектордағы тұрғындарға әкімшілік айыппұл салынатын болады. Сондай-ақ қоқыстарды тасымалдап шығару үшін көліктер берілмек.

Сол тәрізді жиын барысында ашық қалған люк қақпақтары мәселесін сөз етіп, қаладағы заңсыз металл қабылдайтын орындарға қатаң тексеру жүргізу қажеттігін айтқандар да болды. Сонымен қатар құрылыс қалдықтарын арнайы белгіленген қоқыс полигонына төгу, тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша арнайы компаниялармен келісімшартқа отырмаған жеке секторлар тұрғындарымен жұмыс жүргізу керектігі де сөз болды.

Жиын барысында жастар мәслихатының депутаты, қоғам белсендісі Сұлтан Мейрамбеков  сөз алып, шаһар жастары алдағы сенбіліктерге белсене қатысуға даяр екендігін жеткізді.

Қ.ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»{jcomments off}

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

4 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

4 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

5 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

6 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

6 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

6 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС