Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕЛБАСЫ ТАПСЫРМАСЫН ОРЫНДАУ АЯСЫНДА…

05.04.2019
FacebookWhatsappTelegram

Апта сәрсенбісінде «Nur Otan» партиясының Семей қалалық филиалының үгіт-насиxат тобы Семей қаласы мәдениет саласындағы қызметкерлерінің басын қосып, партия бағдар-ламасы мен Елбасы тапсырмаларынан туындайтын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Басқосуға қаламыздағы мәдени мекемелер қызметкерлері мен партияның 20 жылдығына орай ақпан айында Нұр-Сұлтан қаласында өткен ХVIІІ съезд делегаттары жиналған болатын. Көпшілік алдында алғашқы болып сөз алған қалалық партия филиалының ұйымдастыру секторының меңгерушісі Айдос Төлеуханов осынау шараның мәні мен маңыздылығын атап өтті. Жиынның мақсаты ағымдағы жылдың 27-ші ақпаны күнгі «Nur Otan» партиясының кезекті ХVIІІ съезі барысында талқыланған маңызды мәселелер мен партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасының басымдықтарын талқылау және партияның қолданыстағы Жарғысына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы кең көлемде түсінік беру болатын.

Сектор меңгерушісі айтып өткендей, қазіргі таңда аталмыш бағыттағы түсіндіру шаралары қаламыз бойынша қызу қолға алынып, жоғары деңгейде жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге дейін шаһардағы түрлі ұйымдар мен мекемелерде дәл осындай 25 кездесу өткізіліпті. Оның барлығында да саяси ұйымның жаңғыруына септігін тигізер игілікті шаралар қатары мен жоспарлар сөз етілгендігін айтты.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында өткен съезге қатысқан партия филиалының саяси кеңес мүшесі, Семей электротехникалық колледжінің директоры Азат Сарпеков осынау басқосудан алған әсерімен бөлісе келе, Елбасының халықтың әлеуметтік ахуалын көтеру тапсырмасы бойынша қолға алынған жұмыстар мен міндеттер туралы нақты айтып өтті. Ал қаламыздағы Құрылыс колледжінің директоры, партия филиалының үгіт-насихат тобының жетекшісі Қайрат Тастекеев партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасының басымдықтарын кең көлемде түсіндіріп берді.

Расында, «Nur Otan» партиясы қазіргі таңда мемлекеттік маңызы бар шешімдердің қабылдануына ықпал етіп, сайлаушылардың сенімін ақтап келеді. Сонымен қатар әр жылдардағы Елбасы Жолдауларынан туындайтын тапсырмалардың орындалуын да жіті назарда ұстап, ел игілігіне арналған шараларға елеулі түрде үлес қосуда. Әрі бұл жолда көптеген жаңашыл бастамаларға да мұрындық болуда. Әр қазақстандық отбасы реформаның шапағатын болашақта емес, бүгін сезінуі тиіс. Съезд барысында Тұңғыш Президент атап өткендей, республикалық бюджет шығындарының 45 пайызы әлеуметтік салаға бағытталады.  Бұл салада шешімін табуы тиіс түйткілді мәселелер әлі де бар.  Сондай-ақ Елбасы тапсырмасымен ел азаматтарының әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсарту үшін ұлттық қордан қаржы бөлінеді. Бұл жайттардың барлығы мәдениет саласының қызметкерлеріне де тікелей қатысты. Сол тәрізді Ұлт Көшбасшысының тікелей тапсырмасы аясында алдағы уақытта ең төменгі жалақы алатын бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысы 30 пайызға өсетін болды.

Жиын барысында сонымен қатар еліміздің рухани-мәдени әлеуетін дамытуға бағытталған партия жұмыстары мен әлеуметтік сала бойынша партия мүшелерінің ықпалымен жүзеге асырылып жатқан шаралар да сөз болды. Бұл ретте қаламыздағы партия мүшелері қоғамдық-саяси өмірде мейлінше белсенді екендігін алға тартқан Айдос Төлеуханов  жиынға қатысып отырған барлық мәдениет саласы қызметкерлерін партия бағдарламасын нақты іспен орындауда елеулі түрде үлес қосуға шақырды.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы» {jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

4 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

4 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

5 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

6 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

6 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

6 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС