Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТОСЫН ОҚИҒАҒА ТҮСІНІК БЕРДІ

05.04.2019
FacebookWhatsappTelegram

Дүйсенбі, 1 сәуір күні Суық бастау кентіндегі 2 қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінен өрт шығып, салдарынан екі бала көз жұмды. Осы қайғылы оқиғаға орай, сейсенбі, 2 сәуір күні қалалық әкімдікте ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың, қала әкімі Ермак Сәлімовтің және төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Қ.Әбділовтің қатысуымен баспасөз мәжілісі өтті.

Баспасөз мәжілісін ашқан қала әкімі Ермак Сәлімовтің айтуынша, 1 сәуір күні сағат 14.19-да Суық бастау, Цветочная, 3 мекенжайындағы №1 пәтерден түтін шығып жатқаны туралы Төтенше жағдайлар басқармасына хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына он минуттан кейін, яғни 14.29-да жеткен ТЖБ жедел бригадалары аталмыш мекенжайдағы 2 қабатты тұрғын үйдің №1 пәтерінде 5 шаршы метр көлемінде жиһаз өртенгенін анықтаған. Жедел жәрдем келгенге дейін пәтерде жалғыз қалған екі бала — 2012 жылы туған Эдуард Темерканов пен 2015 жылы туған Александр Темерканов иіс тию себебінен көз жұмған. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.

— Анасы балаларды пәтерде жалғыз қалдырып, сыртынан құлыптап кеткен. Өрт электр тоғынан немесе пештегі ақаудан болды деп топшылауға келмейді. Өрттің шығуына балалардың отпен ойнауы немесе темекі түтіні әсер етуі мүмкін. Тергеу іс-шаралары жүргізілуде,- дейді төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Қ.Әбділов.

Баспасөз мәжілісінде айтылған ақпа-раттарға сүйенсек, балалардың анасы Анастасия Темерканова 1990 жылы туған. Қазіргі уақытта жүктілік бойынша есепте тұр, жұмыссыз. Анастасия Темерканова үйге өрт шыққаннан кейін екі сағаттан соң ғана оралған. Өзінің айтуынша, өрт болған күні ол балаларды үйде қалдырып, дәрігердің қабылдауына барған. Жолдасы Темерканов Виктор Шакенович 1973 жылы дүниеге келген, бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласында құрылысшы болып жұмыс істейді. Отбасын қаражатпен қамтамасыз етіп тұрған. Қайғылы оқиға кезінде Семей қаласында болмаған. Анықталғандай, балалардың ата-анасы Науалыдағы балалар үйінде тәрбиеленген.

Темеркановтар отбасы әлеуметтік төлемдер алуға өтініш бермеген. Жұмыссыз ретінде есепке де алынбаған. Шағын ауданға бекітілген №48 орта мектеп қызметкерлері қыркүйек, қараша және қаңтар айларында өткен үй аралау жұмыстары барысында пәтер иелеріне балаларды мектепке және балабақшаға дайындау қажеттігі туралы ескерткен. Рейдтердің бірінде үйдің үлкен ұлы Эдуард Темеркановтың Нұр-Сұлтан қаласында әкесімен, ал кіші баласы бөгде адамдардың қасында болғаны анықталған.

Жергілікті полиция қызметкерлерінің ақпараты бойынша, соңғы жарты жыл ішінде осы мекенжайға екі мәрте — 2018 жылдың 17 қарашасы мен 2019 жылдың 23 ақпаны күндері тексеріс жүргізілген. Алайда пәтер иелері полиция қызметкерлеріне есік ашпаған .

— Рейд барысында балаларға қарапайым гигиеналық жағдайдың жасалмағанын көрген білім бөлімінің қызметкерлері үйдің кенжесі Александр Темеркановты балалар үйіне тапсырған. Алайда анасының және полиция органдарының өтінішімен, кейіннен бала отбасына қайта қайтарылған. Анықталғандай, анасы ішімдікке үйір. Пәтерде тыныштықты сақтамағаны үшін көршілері бірнеше мәрте полиция қызметкерлеріне шағым түсірген. Отбасында моральдық-психикалық жағдайдың ауыр болғаны анықталып отыр. Көпбалалы отбасы қатарына жатпаса да, «Саламатты ана мен бала» айлығы аясында осы отбасыға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген. Осы орайда ата-аналарға балаларды үйде қараусыз қалдырмауды және олардың болашағына жауапкершілікпен қарауды өтініп сұраймыз,- деді қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Бүгінде Семей қаласы бойынша барлығы 2350 көпбалалы отбасы бар, соның ішінде 292-сі аз қамтылған отбасылардың қатарында. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекпен 5040 адам қамтылған. Семей қаласынан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 635 млн. теңге көлеміндегі қаражатқа өтінім берілген.

Қазіргі уақытта қайғыға ұшыраған отбасымен психологтер жұмыс істеуде. Балаларды жерлеу рәсімін қалалық әкімдік ұйымдастырды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

 

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

4 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

4 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

5 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

6 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

6 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

6 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС