Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

05.04.2019
FacebookWhatsappTelegram

Көп ұзамай Семейде жол жөндеу жұмыстары басталады. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі негізгі міндеттерді нақтылады. Дайындық жұмыстары аяқталуда.

Биылғы жылға жоспарланған жол жөндеу жұмыстарында орташа жөндеуге басымдық берілген. Бұл мақсатқа 1 миллиард 47 миллион теңге қаражат бөлінді және 8 көше қамтылмақ. Қаланың сол жақ жағалауында Бозтаев көшесі айналмалы жолынан Селевин көшесіне дейін, Глинка көшесі айналмалы жолынан Рысқұлов көшесіне дейін орташа жөндеуден өтпек. Ал оң жақ жағалауда айналмалы жолдың өзіне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр (өткен жылы қаланың сол жағалауындағы айналмалы жол жөнделген), сонымен қатар Мичурин және Қаржаубайұлы көшелерін байланыстырушы Параллельная көшесі және Жангелдин көшесінен Мичурин көшесіне дейінгі аралықтағы Қаржаубайұлы көшелері жөндеуден өтеді. Дәстенов көшесінің Қабылбаев көшесінен №8 орта мектебіне дейінгі аралығын және Зайсанов көшесінен Чехов көшесіне дейінгі аралықтағы Найманбаев көшесін қайта жаңарту жоспарланып отыр.

— Сәуірдің ортасында елімізде асфальт өндіретін зауыттар іске қосылады. Біз де жұмысымызды сол уақытта бастамақпыз. Қазіргі уақытта екі көшені жөндеу жұмыстарының құжаттамасы дайын. Ал қалған алты учаскені жөндеу үшін конкурс жалғасуда. Олар дайын болғаннан кейін орташа жөндеу жұмыстарын бастаймыз,- дейді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серікқали Жұманов.

Биылғы жылы жөндеу жұмыстары ұзаққа созылған Мичурин көшесін тамамдау жоспарланып отыр. Көшені жөндеу жұмыстары 2013 жылы басталғанымен, қаржының жетіспеуіне байланысты кейінге шегерілген еді. Облыс әкімі Д.Ахметовтің тапсырмасымен биыл қаржы бөлініп, жұмыс одан әрі жалғаспақшы. Семейдегі Мичурин көшесі — қаладағы басты күре жолдардың бірі. Бұл жол Жедел медициналық жәрдем ауруханасы, туберкулезге қарсы диспансер сияқты маңызды медициналық нысандарға апарады. Айта кету керек, 2019 жылы күрделі жөндеулер жүргізілетін жалғыз көше – осы Мичурин көшесі.

— Мичурин көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Яғни, жол жабындысын жаңартудан бөлек, тротуарлар мен бордюрлер төселіп, көшелер жарықтандырылады, инфрақұрылымдар ауыстырылады. Сонымен қатар біз Мичурин көшесінің бұған дейін жөндеуден өткен бөлігінің кемшіліктерін анықтадық. Енді мердігермен жұмыс жүргізіп, осы олқылықтарды түзетеміз. Мичурин көшесіне жоспарланған жұмыс көлемін жылдың бірінші жартысының соңына дейін аяқтауды көздеп отырмыз. Бұл бағытта 51 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді,- деп түсіндірді С.Жұманов.

Ал ағымдағы жөндеу жұмыстарына 150 миллион теңге жұмсалмақ және оның аясында 32,84 мың шаршы метрді құрайтын жол шұңқырларын жабу жоспарлануда. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жол желілеріне талдау жасаған соң, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелер анықталатын болады.

— Өкінішке орай, қыстың соңында көптеген қала көшелері мен аудандарында жол жабындыларының бүлінгені белгілі болады. Қазір біз ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін үш көшені анықтадық. Алдағы уақытта олардың саны артады. Соған қарамастан, 2017-2018 жылдары орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген жолдар қалыпты жағдайда тұрғанын байқап отырмыз. Сондықтан біз орташа жөндеу жұмыстарының көлемін арттыруға тырысамыз. Ал сәуір — мамыр айларында шұңқырларды жамау жұмыстарын аяқтаймыз,- дейді С.Жұманов.

Жоғарыда аталған жол жөндеу жұмыстарынан бөлек, грейдерлеу немесе құм себу жұмыстары да жоспарлануда. Жол учаскелерін таңдағанда, алдымен әлеуметтік нысандарға апаратын жолдар басымдыққа ие болады. Қалалық билік бұл мақсатқа 80 миллионнан астам теңге қаржы бөлмек.

— Құм себу жұмыстры жүргізілетін жол желілері әлі толық бекітілген жоқ. Дегенмен №№38, 49, 44 мектептеріне, Мирный, Шығыс және Суық бастау кенттеріне апаратын жолдар алдымен назарға алынады,- деді С.Жұманов.

Соңғы жылдары Семейде жолдарды ұстауға және жөндеуге бөлінетін қаржы айтарлықтай өскенін байқауға болады. Сәйкесінше, орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылған көшелердің саны да артты. Дегенмен шешімін күткен мәселе әлі де көп.

— Қала жолдарының ағымдағы жай-күйін ескерсек, бөлінген қаражат жеткіліксіз. Жөндеу жұмыстарын қажет ететін көшелер көп. Мысалы, би Боранбай көшесін толығымен асфальттау қажет, Әуезов даңғылы жайлы да тұрғындар көп шағымданады. Біз 2017 жылы Еуропалық қайта құру және даму банкі арқылы жолдарды қалыпқа келтіруді жоспарлағанбыз, бірақ жоба бойынша алдымен жылу желілерін төсеу жұмыстары жүргізілуде. Ал жоғарыда айтылған көшелерді ағымдағы жөндеу жұмыстарымен қамтуға тырысамыз. Бірақ автомобильдер мен жаяу жүргіншілерге жайлылық туғызу үшін бұл жеткіліксіз,- дейді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

Айта кету керек, биыл Шығыс кентінің тұрғындары үшін жақсы жаңалық бар. Аталған кенттегі кептеліс мәселесі шешілмек. Естеріңізге сала кетсек, Шығыс кентінде таңертең және кешкі уақытта ұзаққа созылатын кептелістер орын алып, көлік қозғалысы едәуір қиындайды. Бұл мәселені шешу үшін қала әкімі Саудагерлер көпірінен Өскемен мен 6-Линия көшелерінің қиылысына дейінгі жолды кеңейтуді көздеп отыр. Қазіргі уақытта жобалық -сметалық құжаттама әзірленуде.

Нөсер-дренажды кәріз жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары да қолға алынды. Белгілі бір кезең аралығында нөсер-дренажды кәріз жүйесі істен шыққан болатын. Соңғы жылдарда бұл кәріз жүйесі қайта қалпына келтіріле бастады. Ал биылғы жылы бұл жұмыс толық көлемде жалғасады. Кәріз жүйесі қалпына келсе, жауын-шашын кезінде көшелерді су басу жағдайы азаяды және жолдардың сапасын сақтап қалуға болады.

— Біз нөсер-дренажды кәріз жүйесін жабдықтауға және тазалауға 200 млн. теңгеге жуық қаржы бөліп отырмыз. Қаланың бірқатар аудандарында кәріз жүйесін тазалап, қалыпты жағдайға келтірдік. Жақын арада Дальняя, Глинка, Шәкәрім даңғылы көшелерінің бойындағы нөсер-дренажды кәріз жүйесін қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз. Су қабылдайтын құдықтар мен резервуарлар орнатылады,- деді С.Жұманов.

Соңғы уақыттарда шаһарда бірнеше автобус аялдамалары жаңартылып, жаңа қоғамдық көліктер пайдалануға берілді. Ал биылғы жылы бұл бағытқа 20 миллион теңгеге жуық қаржы бөлініпті.

— Қаржылық мүмкіндіктерімізге қарай біз ескі автобус аялдамаларын жаңартуға тырысамыз. Бірқатар бағыттағы ескі автобустар жаңаланды. Ал биылғы жылы 20 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Жобалар дайын. Енді конкурс жариялап, жұмысқа кірісеміз,- дейді С.Жұманов.

Семейдегі жер асты өткелдерін жөндеу де біртіндеп қолға алына бастады. Жарықтандырылып, қар мен жаңбырдан қорғайтын шатырлар орнатылды. Жөл жөндеу жұмыстары осы қарқында жалғаса бермек. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы да 8 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

 

Связанные новости

МОЛОДЫЕ СОЛДАТЫ ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ В ПЕРВОЙ ОГНЕВОЙ ТРЕНИРОВКЕ

22.05.2025
МОЛОДЫЕ СОЛДАТЫ ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ В ПЕРВОЙ ОГНЕВОЙ ТРЕНИРОВКЕ

Новобранцы механизированной бригады регионального командования «Восток» впервые выполнили практические стрельбы. Занятия по практической огневой подготовке проводились в стрелковом тире. Перед...

Читать далее ...

Уважаемые жители и гости района Жаңасемей!

22.05.2025
Уважаемые жители и гости района Жаңасемей!

22 мая 2025 года в поселке Шульбинск пройдут антитеррористические учения. В ходе учения будут отработаны вопросы оперативного реагирования на различные...

Читать далее ...

«Келешек мектептері»: более 200 тысяч сельских детей получат доступ к современной образовательной среде

21.05.2025
«Келешек мектептері»: более 200 тысяч сельских детей получат доступ к современной образовательной среде

  По инициативе Главы государства в стране реализуется Национальный проект «Комфортная школа», в рамках которого планируется построить 217 школ нового формата...

Читать далее ...

21 мая в городе Семей в районе аэропорта будет проведено антитеррористическое учение

21.05.2025
21 мая в городе Семей в районе аэропорта будет проведено антитеррористическое учение

В ходе учения будут отработаны вопросы оперативного реагирования на различные сценарии развития обстановки на объектах, уязвимых в террористическом отношении. В...

Читать далее ...

Стартует очередной четвертый отбор в президентский Молодежный кадровый резерв

20.05.2025
Стартует очередной четвертый отбор в президентский Молодежный кадровый резерв

В этом году планируется проведение очередного четвертого отбора в Президентский Молодежный кадровый резерв. Главная особенность отбора заключается в том, что...

Читать далее ...

В Семее открылся новый производственный цех

20.05.2025
В Семее открылся новый производственный цех

Состоялось торжественное открытие нового производственного цеха компании «Самса.kz», которая специализируется на изготовлении продуктов питания и поставке готовой продукции. Проект получил...

Читать далее ...

Новости

МОЛОДЫЕ СОЛДАТЫ ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ В ПЕРВОЙ ОГНЕВОЙ ТРЕНИРОВКЕ

2 дня назад

Уважаемые жители и гости района Жаңасемей!

2 дня назад

«Келешек мектептері»: более 200 тысяч сельских детей получат доступ к современной образовательной среде

3 дня назад

21 мая в городе Семей в районе аэропорта будет проведено антитеррористическое учение

3 дня назад

Стартует очередной четвертый отбор в президентский Молодежный кадровый резерв

4 дня назад

В Семее открылся новый производственный цех

4 дня назад

Безопасность границы — наша общая обязанность

5 дней назад

В области Абай капитально отремонтируют 75 школ

7 дней назад

«Дом инвесторов» откроется в Семее

7 дней назад

Аким области представил план развития региона

7 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС