Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АБЫРОЙЛЫ АЗАМАТ

09.04.2019
FacebookWhatsappTelegram

Биыл 16 сәуірде досымыз, мемлекеттік қызмет ардагері Виктор Николаевич Гладков 75 жасқа толады. Оның өмірі қаншама адамдарға үлгі болатын, «болмаса да, ұқсап бағуға» жетелейтін ғибратты ғұмыр болып табылады. Мен өз басым осы досымызды сонау өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бері білемін.

Ол менің Абай мұражайындағы әріптесім Айтжамал Сағатбекқызы Арықбаева мен оның жұбайы Аманның жан жолдасы болатын. «Досыңның досы – сенің де досың» дегендей, сол достарымыз арқылы танитынмын. Және де ол кісінің зайыбы Людмила Гладкова қаламыздағы майталман журналистің бірі еді. Абай мұражайы ежелден шығармашылықтың, ғылымның, мәдениеттің ордасы болғандықтан, біздер, мұражай қызметкерлері, өнер адамдарын, ақын-жазушыларды, баспасөз саңлақтарын жақын тұтып, өзімізде өткізілетін мәдени іс-шараларымызға шақырып, бірлесіп өткізіп, пікір бөлісетінбіз.

1989 жылы мен Семей облыстық атқару комитетіне қызметке ауыстым. Мүлдем жаңа орта, мемлекеттік қызмет саласы, мен болсам мәдениет саласынан келіп отырмын. Атқару комитетінің жұмысына бірден араласып кетуіме, ешқандай жаттық көрмеуіме өзімді қызметке қабылдаған А.С.Еременко, өзімді қызметке шақырған П.А.Пуреев, осында бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан жолдастар Т.М.Кенжебаев, А.Қ.Бектемісов, өзім сөз қозғап отырған Виктор Николаевичтер жақсы ықпал етті. Олардың жылы көзқарасы, ақыл-кеңестері, ықыласы маған қанат бітіргендей болушы еді. Содан бері отыз жыл уақыт өтіпті. Бірақ бәрі де күні кеше ғана болғандай, көз алдыда.

В.Н.Гладков Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан 1944 жылғы 16 сәуірде ұстаздар отбасында дүниеге келген. Ол да ата-анасының жолын қуып, өскелең ұрпаққа тәрбие-білім беру үшін Барнауыл педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түседі. Институттың үшінші курсында оқып жүрген кезінде ол Алтай комсомолы шефтік ететін Балтық флотының «Свердлов» крейсеріне әскери қызметке шақырылады. В.Гладков институтты 1969 жылы бітіреді.

Флоттағы қызмет Виктор Николаевичтің өміріне ерекше із қалдырған кезең болады. Ол 8 алыс жорыққа қатысып, сұлу Жер-анамыздың қаншама қиырларын шарлайды. Жерорта теңізі, Атлант мұхитында, Англия, Шотландия, Дания, Гренландия елдерінде, екі рет поляр шеңберін айналып, Норвег теңізінде, тағы да басқа жерлерде болады.

Виктор Николаевич өзінің теңіздегі қызметі, теңізшілердің жауынгерлік бауыр-ластығы, әскери қызмет барысындағы бастан кешкен түрлі қызықты оқиғаларын сағаттар бойы талмай әңгімелеуге бар. «Свердлов» крейсерінің ұзындығы 210 метр, көлденеңі 22 метр, ватерлиниядан клотикке дейінгі биіктігі 57 метр болатын осы алып кеме Алтай өлкесінің Виктор сияқты 250 өреніне төрт жыл бойы баспана, екінші ұя болды. 1965 жылдың өзінде ғана Виктор Николаевич теңізде 5 ай жүріп, 20 мың миль жол жүріп, екі алыс жорыққа қатысады. Сол жылы ол «Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 20 жылдығы» медалімен және «Алыс жорықта болғаны үшін» жетонымен марапатталады.

Институтты бітіргеннен кейін В.Гладков Алтай өлкесі Пролетар орта мектебіне жұмысқа орналасып, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлығына дейін жоғарылайды. Жас ұстаз В.Гладков өзінің белсенді өмірлік көзқарасымен көзге түсіп, Алтай аудандық партия комитетінің нұсқаушысы қызметіне шақырылады.

1971 жылы Семей қаласына қоныс аударады. В.Н.Гладков Семей облысы Жаңасемей аудандық атқару комитетінде де өзінің бастамашылдығымен, шығармашылық белсенділігімен көзге түсіп, аудандық партия комитетіне жұмысқа ауысып, біраз уақыттан кейін облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасарының көмекшісі қызметіне тағайындалады.

В.Н.Гладковты облыстық атқару комитетінің басшылары А.С.Еременко, Е.Қ.Қашағанов, облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары Н.Қ.Қабышев, Жаңасемей аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы В.Н.Дүкембаев, облыстық атқару комитетінің хатшысы Х.У.Дәуітовтер жас маман ретінде баулып, үлкен қамқорлық жасап, білікті маман болып қалыптасуына зор еңбек сіңірді.

Жас мемлекетіміздің егемендігін алып, құрылып, қалыптаса бастаған кезінде В.Н.Гладковтың алғырлық, шұғыл шешім қабылдай білу қасиеттері ерекше сұранысқа ие болып, ол қала әкімінің № 6 муниципалдық округтегі өкілі міндетін 10 жылдан астам уақыт бойы атқарып, осы округтің құрамына кіретін Қызыл Кордон, Солтүстік, Темір жол, Березовск, Аксаринск кенттерінде өзіндік із қалдырып, 20 өнеркәсіп кәсіпорны, жекеменшік фирмалар, 4 мектеп, 7 ПИК жұмыс істейтін осы аумақта қыруар жұмыс жүргізіп, қаланың шет аймақтарын әкімдікпен байланыстыратын буынның бірі болды. Ол округ тұрмысының түрлі мәселелері бойынша тұрғындарды қабылдап, мектептерде болып, учаскелік тәртіп сақшыларымен бірлесіп түрлі күрделі мәселелерді шешіп, округті абаттандыру жұмыстарын білек сыбанып атқарды. Фестивальная көшесі мен Березовск кентіне асфальт төсетуге көп еңбек сіңірді. Сондай-ақ ол округтегі тұрмысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге де зор үлес қосты. Округ халқының құрметі мен ықыласына бөленді.

Қазірде зейнет демалысында жүрсе де, В.Н.Гладков әкімдіктің ардагерлер ұйымы кеңесінің мүшесі ретінде қоғам өміріне белсене араласып, қоғамдық жұмыстар атқаруда. Өзі спортқа баулыған немерелері Виталий мен Павел Гладковтар — екеуі де спорт шебері, Қазақстан чемпиондары атағын иеленген.

Мерейтойы күні біз өзіміздің теңіз жанды досымызды шын жүректен құттықтап, бақыт, денсаулық, табыс тілейміз.

Зере ОРАЗАЛИНА, әдебиетші, журналист.{jcomments off}

Связанные новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Появление партии Adilet отражает изменение электоральных и идеологических парадигм в стране. На этом фоне партия Amanat, сохраняющая статус правящей до...

Читать далее ...

Перераспределение ролей в новой политической системе

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

В условиях трансформации политической модели и появления новых институциональных элементов, включая должность вице-президента, происходит функциональная перестройка системы государственного управления. В...

Читать далее ...

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

А.Дадебай рассматривается как одно из доверенных лиц Главы государства, что придает его назначению дополнительный политический вес. В этом контексте формирование...

Читать далее ...

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Принятие Новой Конституции обозначает завершение этапа политического транзита и окончательное закрепление отхода от прежней модели общественно-политического устройства. В этой связи...

Читать далее ...

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Назначение А.Дадебая председателем партии выстроено в логике институциональной преемственности реформ. С учетом того, что инициатива конституционных преобразований исходила от Главы...

Читать далее ...

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Создание партии Adilet логически вытекает из институциональных изменений, связанных с принятием Новой Конституции. Ядром новой политической силы выступают члены Конституционной...

Читать далее ...

Новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

1 день назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

1 день назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

1 день назад

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

1 день назад

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

1 день назад

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

1 день назад

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

2 дня назад

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

2 дня назад

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

2 дня назад

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС