Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАҢА ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

16.04.2019
FacebookWhatsappTelegram

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында аталған алты үлкен жобаның бірі – «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы.  Семей қаласында жаңа оқулықтардың таныстырылымы өткен жұма, 12 сәуір күні Шәкәрім университетінде өтті.

«Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында 2018-2019 оқу жылында Шәкәрім университетінің кітапханасына барлығы 1700 данамен 19 оқулық келіп түскен. Атап айтсақ: Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін»; Энтони Кеннидің «Батыс философиясының жаңа тарихы. Антика философиясы» І томы және «Батыс философиясының жаңа тарихы. Орта ғасыр философиясы» ІІ томы; Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабы»; Дэвид Бринкерхоф, Роуз Уейтс, Сюзан Ортеганың «Әлеуметтану негіздері»; Джордж Ритцер, Джеффри Степницкидің «Әлеуметтану теориясы»; Эллиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе»; Дуэйн Шульц, Сидней Эллен Шульцтің «Қазіргі психология тарихы»; Дэвид Г. Майерс, Жан М.Туенждің «Әлеуметтік психология»; Н.Грегори Мэнкью, Марк П.Тейлордың «Экономикс»; Дональд Ф.Куратконың «Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика»; Рикки У.Гриффиннің «Менеджмент»; Карен Армстронгтің «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны»; Виктория Фромкин, Роберт Родман, Нина Хайамстың «Тіл біліміне кіріспе»; Светлана Тер-Минасованың «Тіл және мәдениетаралық коммуникация»; Алан Барнардтың «Антропология тарихы мен теориясы»; Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция»; Ли Энн Пек, Гай С.Рил «Медиа этика. Жас мамандардың тәжірибесінен», Стивен Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы».

— «Рухани жаңғыру» бағдарламасының екі жылдығына және ғылым күніне орай «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген оқулықтардың таныстырылымын ұйымдастырып жатырмыз. Қазіргі уақытта профессорлар-оқытушылар құрамы және студенттер өз салалары бойынша оқулықтарды оқу жүйесінде қолдануда. Оқулықтар сыртқы дизайны мен ішкі мазмұн сапасының жоғары болуымен де ерекшеленеді. Швейцария, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ сынды мемлекеттердің алдыңғы қатарлы оқулықтарының қазақ тіліне аударылып, бізге және студенттерге қолжетімді болғанына қуаныштымыз. Әсіресе Стивен Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» кітабының тұлғаны қалыптастыруда маңызы зор. Жаңа оқулықтар арқылы біз қазақ аудиторияларындағы талқының мазмұны мен деңгейін көтереміз. Сол арқылы жалпы гуманитарлық білімнің мазмұны мен сапасы мүлде жаңа деңгейге шығуы тиіс. Өйткені әлемдік гуманитарлық ғылым қазақ тіліне мұндай көлемде ешқашан аударылған емес,- дейді «Мәңгілік Ел» кафедрасының меңгерушісі Бақытгүл Оралбекова.

Жаңа оқулықтарды студенттерге Шәкәрім университетіндегі ғылыми кітапхананың директоры Елена Петровна таныстырды. Университет кітапханасына алғашқы оқулықтар 2018 жылдың маусым айында Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған ғылыми конференция барысында келіп түскен.

Айта кетейік, «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру барысында 2017 жылы арнайы жұмыс тобы құрылып, АҚШ, Англия, Швейцария, Франция және Ресейдің жетекші баспаханаларымен келісімшарт жасалды. Ұлттық аударма бюросы құрылып, 90-нан астам маман жұмылдырылды. 2018 жылғы сәуірде Астана қаласында алғашқы аударылған оқулықтардың ресми таныстырылымы өтті. Мемлекеттік тапсырыс бойынша шыққан әр кітаптың 10 мың данасы 110 оқу орнына тегін таратылған.

Жаңа оқу жылында тағы 30 оқулық пайдалануға берілмек.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

4 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

4 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

5 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

6 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

6 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

6 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

7 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС