Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«ӘДЕБИ ӨЛКЕТАНУ» ЖОБАСЫ СЕМЕЙДЕ

23.04.2019
FacebookWhatsappTelegram

«Әдеби өлкетану». Бұл – Қазақстан Жазушылар одағының ауқымды жобаларының бірі. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ҚР Президенті Әкімшілігінің қолдауымен жүзеге асырылып отырған жоба негізінде әр өңірден арнайы шығармашылық топтар құрылып, белгіленген жоспар бойынша облыстар мен қалаларға, аудандарға әдеби экспедициялар ұйымдастырылуда. Ақмола облысынан бастау алып, Тараз, Қызылорда, Алматы, Түркістан, Маңғыстау, Павлодар, Атырау облыстарында, елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында жалғасын тапқан жоба бүгінде Семейдегі әдеби-мәдени экскурсияға ұласты.

«Әдеби өлкетану» жобасын Қазақстан Жазушылары одағы мен ШҚО әкімдігі бірлесіп жүзеге асыру үстінде. Аталмыш жаңа жоба аясында Семейдегі облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Жазушылар одағының Семей филиалы бірлескен түрде шығармашылық жұмыстар жүргізуде. Мақсат – облыстағы киелі орындар туралы кітап шығару. «Әдеби өлкетану» шығармашылық тобы Семей, Аягөз, Қалбатау, Көкпекті, Үржар, Тарбағатай, Бесқарағай, Бородулиха, Абай аудандарындағы бірқатар қастерлі орындарды қамтымақ.

Сәуірдің 19-ы күні Семейдегі облыстық тарихи-өлкетану музейінде танымал қаламгерлер белгілі ақын Әбубәкір Қайран, әдебиет сыншысы Бағашар Тұрсынбайұлы және жазушы Айгүл Сейілова қаладағы облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Абай атындағы кітапханада болды. Олар Қазақстан Жазушылар одағының Семей қаласындағы филиалы мен өлкетану мұражайының бірлесе ұйымдастырған кездесу жиынына қатысып, зиялы қауым өкілдерімен, ұстаздармен және студент жастармен тілдесті. Семейдің тарихымен, өлке тынысымен терең таныстыруға арналған басқосуда жиналған жұртшылыққа тың деректер ұсынылды.

Әбубәкір Қайран Семей қаласының тарихы жайында сыр шертетін еңбек жазған. Жүз беттен тұратын кітапта қаланың өткені мен бүгіні бүге-шігесіне дейін талданған. Ақын еңбегінде өңір неліктен Семей деп аталды, «Жеті шатыр» ұғымының мән-маңызы, Семейден 30-40 шақырымдық жерде Семейтау деген өңірдің бар екені, «Семей» сөзі «кең мекен» деген мағынаны білдіретіні жөнінде нақты деректерге сүйене отырып жазылған мәліметтер келтірілген.

Бұл ретте Әбубәкір Қайран Алаштың рухани астанасы киелі Семей туралы тырнақалды туынды жазу кез келген қаламгер үшін зор құрмет екенін тілге тиек етсе, Бағашар Тұрсынбайұлы Абайдың табаны тиген өңірге келіп зерттеу жұмыстарын жүргізу үлкен абырой екенін айтты.

Кездесу соңында қаланың зиялы қауым өкілдері өлке тарихына қатысты өздерін толғандырған мәселелерге тоқталып, ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын өнер иелерінің орындауындағы Абайдың әндерімен әдемі қорытындыланды.

Республикамыздың әр аймағындағы әдебиет пен мәдениетті тереңінен танып біліп, өлке тарихын зерттеп-зерделеп, оны көркем тілмен жеткізу ұлттық мұрамызға қосылатын сүбелі үлес, қазақ әдебиетінің өркендеуіне жол ашу деп білемін. Бүгінгі күн — ертеңгі тарих. Сондықтан ел өмірінің өткені мен бүгінгі күнін үндестіріп, келешекке мұра ретінде қалдыратын әдеби туындылардың болғаны абзал. Бұл тұрғыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жүзеге асып жатқан игі істердің септігі мол болмақ.

Наргиз АЙМҰХАМЕТОВА,

Шәкәрім атындағы университеттің студенті. {jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

4 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

4 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

5 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

6 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

6 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

6 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

7 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС