Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ПОЛИГЛОТТАР БАЙҚАУЫ

23.04.2019
FacebookWhatsappTelegram

Өткен жұма, 19 сәуір күні Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Тілдарын» атты облыстық олимпиада өтті. Олимпиадаға аймағымыздың он бес ауданынан үш тілді жетік білетін дарынды жастар қатысып, бақ сынады.

Елбасымыз жыл сайынғы Жолдауларында тіл саясатына, қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне тоқталмай кеткен емес. Соның ішіндегі «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасы — дамыған мемлекет құрудың алғышарттарының бірі. Өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея. «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасы қазақстандықтарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерін бірдей меңгеруге үндегенімен, түпкі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Облысымызда да аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің бастамасымен үш тілде білім беруді ілгерілетудің арнайы өңірлік бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырылуда.

Жастар жылы аясында ұйымдастырылған «Тілдарын» облыстық олимпиадасының мақсаты — қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтап, қолдау көрсету, көп тілді меңгерген тұлға тәрбиелеу.

Шараға облыстың аудан, қалаларындағы іріктеу байқауларынан өткен 18-22 жас аралығындағы 15 жеңімпаз қатысты.

Олимпиада төрт кезеңді қамтыды. Сөйлеу мәдениеті, тіл байлығы, білімі, өзін-өзі ұстауы сыналған алғашқы кезеңде қатысушылар экранда көрсетілген ұяшықтарды таңдау арқылы мәтіннің мазмұнын, сурет және бейнеролик арқылы берілген тапсырмалардың жауабын үш тілде жеткізді. Жастар жылы, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы, латын қарпіне көшу, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, «Алтын адам», Берел қорымы, Шығыс Қазақстандағы Рахман қайнары, тағы басқа да тақырыптарға қатысты берілген тапсырмаларға үш тілді меңгерген жастар білім деңгейлеріне сай жауап беріп, шама-шарқын байқатты.

Екінші кезеңде мәтінге ілеспе аударма жасап, тыңдалым кезеңінде ҚАЗТЕСТ жүйесінің В2 деңгейі бойынша тест тапсырмаларын орындады. Соңғы турда қатысушылар қазақ тілінде эссе жазып, сөз байлықтары мен жазу шеберліктерін сынға салды.

— Мен орыс мектебін бітірдім. Қазір қазақ мектебінде ағылшын тілінен сабақ беремін. Мектеп қабырғасында жүргенде 9 сыныпқа дейін архитектор болуды армандадым. Себебі сурет салуға қатты қызықтым. Бірақ кейіннен ұстаздарым менің тілдерді меңгеруге бейімділігім барын айтты. Шет тілін игеру қабілетім басқаларға қарағанда жо-                                                                                                         ғары болды. Ойлана келе мамандығымды тіл саласымен байланыстыруды дұрыс деп шештім. Ағылшын тілін үйренуге төрт жыл арнадым. Соңғы үш жылда испан тілін үйрендім. Қазақстан-Американдық еркін университетінде оқып жүргенімде, Астанада өткен «ЭКСПО-2017» көрмесіне ерікті ретінде қатысудың сәті түсті. ШҚО-дан барған 100 ерікті көрменің жабылу салтанатында туристерге қызмет көрсеттік. Университетте шетел оқытушылары сабақ бергендіктен, ағылшын тілін тез әрі еркін меңгеріп алдым,- дейді Шемонайха ауданынан келген Алтынай Шаймарданова атты сайыскер.

Қазылар алқасы қатысушылардың тілдерді меңгеру деңгейіне, жазу сауаттылығы мен дыбыстарды дұрыс айтуына, жауаптың орамдылығына, толықтығына, мазмұндылығына және қатысушының өзін-өзі ұстауы мен уақытты дұрыс пайдалануына баса назар аударды.

— Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 18-22 жас аралығындағы жастардың арасында «Тілдарын» облыстық олимпиадасын биыл дәстүрлі түрде сегізінші мәрте ұйымдастырып отырмыз. Бұған дейінгі олимпиадаларда бірінші кезеңнен өткен қатысушы ғана келесі кезеңге жолдама алса, биылғы ереже бойынша, сайыскерлердің барлығы бірдей төрт кезеңге қатысады. Жалпы, олимпиада 3 турдан тұрады. Аймағымыздағы аудан, қалалардағы іріктеу кезеңінен озып шыққандар ғана облыстық сайысқа қатыса алады. Облыстық олимпиаданың жеңімпазы қыркүйек айында Тілдер фестивалі аясында ұйымдастырылатын республикалық байқауға жолдама алады. Үш тілді меңгерген бәсекеге қабілетті тұлғаларды анықтау мақсатындағы мұндай шараларды мемлекеттік қызметшілер арасында да ұйымдастырып келеміз,- дейді ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Сәуле Сағидоллақызы Қалиғазина.

Олимпиада қорытындысы бойынша, Семей қаласының Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 3-курс студенті Лаура Байтлеуова жеңімпаз атанды. Жүлделі 1-ші орынды Аяулым Кауанова (Глубокое ауданы), 2-ші орынды Аружан Мырзахмет (Тарбағатай ауданы), 3-ші орынды Алтынай Шаймарданова (Шемонайха ауданы) иеленді.

Білімге деген құштарлығы мен талабының арқасында жеңіс тұғырынан көрінген Лаураға тек сәттілік тілейміз. Лаура Аязбекқызы енді қыркүйек айында өтетін республикалық олимпиадада Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайтын болады.

Тіл сайысына түскен барлық қатысушылар Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының алғыс хаттарымен, дипломдарымен марапатталды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, {jcomments off}«Семей таңы»

Связанные новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Появление партии Adilet отражает изменение электоральных и идеологических парадигм в стране. На этом фоне партия Amanat, сохраняющая статус правящей до...

Читать далее ...

Перераспределение ролей в новой политической системе

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

В условиях трансформации политической модели и появления новых институциональных элементов, включая должность вице-президента, происходит функциональная перестройка системы государственного управления. В...

Читать далее ...

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

А.Дадебай рассматривается как одно из доверенных лиц Главы государства, что придает его назначению дополнительный политический вес. В этом контексте формирование...

Читать далее ...

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Принятие Новой Конституции обозначает завершение этапа политического транзита и окончательное закрепление отхода от прежней модели общественно-политического устройства. В этой связи...

Читать далее ...

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Назначение А.Дадебая председателем партии выстроено в логике институциональной преемственности реформ. С учетом того, что инициатива конституционных преобразований исходила от Главы...

Читать далее ...

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Создание партии Adilet логически вытекает из институциональных изменений, связанных с принятием Новой Конституции. Ядром новой политической силы выступают члены Конституционной...

Читать далее ...

Новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

1 день назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

1 день назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

1 день назад

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

1 день назад

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

1 день назад

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

1 день назад

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

2 дня назад

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

2 дня назад

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

2 дня назад

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС