Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҮЗДІК ЖАСТАР ТЕАТРЫ АНЫҚТАЛДЫ

23.04.2019
FacebookWhatsappTelegram

Жастар жылы аясында студенттердің шығармашылық бастамаларын қолдау мақсатында осы жексенбіде, яғни 21 сәуір күні, Қалалық Мәдениет сарайында ішкі саясат бөлімі мен «Жастар және балалар ұйымдарының Шығыс Қазақстан облыстық Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің Семей қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Үздік жас-тар театры – 2019» қалалық байқауы өтті. Байқауға қала колледждері мен жоғары оқу орындарының 9 студент жас-тар театры қатысты.

 

Театр өнері саласындағы жаңа үрдіс, жаңалықтарға көпшілік қауымның назарын аудару, ұлттық салт-дәстүрімізді, тіліміз бен ділімізді өскелең ұрпаққа насихаттау, жас өнерпаздардың шығармашылық бастамаларын ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған байқауда М.Төлебаев атындағы музыкалық училищенің «Жігер», «Ес-Аймақ» және «Самғау» студенттік жастар театрлары, Құрылыс колледжінің «Қазақ жастары» драма театры, «Авиценна» колледжінің «Жебе» театры, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің «Ес-аймақ» драма үйірмесі, Бизнес және сервис колледжінің «Айбарыс» жастар театры, Innovative колледжінің «Жалынды жастар» театры, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің «Қаракөз» драма театры өнер көрсетті.

 

Байқау шартына сәйкес, театрлар отбасылардың ажырасуы, ішімдік пен есірткіге әуестіктің, жат діни ағымдардың жетегінде кетудің салдары, суицид сынды әлеуметтік маңызы бар тақырыптар бойынша сахналық қойылымдар ұсынды. Байқауға Абай атындағы қазақ мемлекеттік драма театрының әртісі Бекзат Омашев, қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Олжас Соғымбай, «SEMEI» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі Бақытгүл Қазез әділ қазылық етті.

— Жастар жылы аясында, жылдағы дәстүр бойынша, студент жастар театрлары арасында қалалық байқау ұйымдастырдық. Студенттік өмір қоғамдық өмірдің бір бөлшегі болғандықтан, жастар ғылыми конференциялар мен спорт сайыстарына қатысумен ғана шектелмей, мәдени, рухани салаға да араласқандары дұрыс. Байқауға қатысуға қаламыздағы колледждер мен жоғары оқу орындарынан тоғыз өтініш келіп түсті. Барлық театрлардың қойылымдарын алдын ала көріп, пысықтадық. Барлығы жақсы дайындықпен келген, көтерген мәселелері өзекті деп айта аламын. Әрбір қойылымның жастарға айтар ойы мен ұсынысы бар,- дейді қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов.

Әділ қазылар алқасының шешімімен, Мәсәлім Ықылас «Ең үздік ер адам бейнесі», Жанна Құрманғазиева «Ең үздік әйел адам бейнесі» аталымдарын иеленіп, 10 мың теңгенің сертификаттарын жеңіп алды. Жүлделі ІІІ орынды Құрылыс колледжінің «Қазақ жастары» драма театры, ІІ орынды Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледждің «Ес-аймақ» драма үйірмесі иеленсе, І орынды Бизнес және сервис колледжінің «Айбарыс» жастар театры жеңіп алды.

Сондай-ақ трагедия жанрын өзгеше форматта сахналаған Шәкәрім университетінің «Қаракөз» драма театры мен жастар арасындағы ажырасу мәселесін қозғап, жақсы өнер көрсеткен М.Төлебаев атындағы музыкалық училищенің «Жігер» студенттер театрына көрермендер ықыласы ерекше болғанын айта кеткен жөн.

— Бүгін керемет өнер додасы болды. Сіздермен бірге толқыдық, тебірендік. Бізге керемет көңіл-күй сыйлаған театрларға мың алғыс айтқым келеді,- деп Абай атындағы қазақ мемлекеттік драма театрының әртісі Бекзат Омашев байқауды қорытындылады.

Айта кетейік, жеңімпаз театр байқау барысында ұсынылған спектакльді қаламыздағы барлық колледждерде сахналайтын болады. Сонымен қатар бейнежазбаға түсіріліп, әлеуметтік желілерде таратылмақ.

Айтолқын САМАТОВА, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

4 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

4 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

5 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

6 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

6 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

6 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

7 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС