Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӘКІМ ЖӘНЕ АККАУНТ

26.04.2019
FacebookWhatsappTelegram

Елбасы халыққа жақындап, олармен сөйлесе білудің қажеттігін, сонда ғана өмір-өзен өз арнасымен ағатынын айтты. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың да шенеуніктерге әлеуметтік желіде өз аккаунттарын ашып, халықпен тығыз байланыс жасауды тапсырғаны сол екен — фейсбукте көк туға жабысқан, Елбасы мен Елтаңбаның көлеңкесінде галстук тағып сықиған, кең кабинеттің төрінде қабақтары қатулы, эмоциясы жоқ жаңа бейнелер қаптап кетті. Шенеуніктің аккаунты екенін бірден білесің…

Сөйтіп, биылғы көктем әлеуметтік желі қолданушыларды шенеуніктердің шегірткедей қаптап, жаппай аккаунт ашуымен таң қалдырды. Бір жағынан, жай күнде қарапайым адамдарға қабылдау бөлмесіне кірудің өзі қиын болып жүрген шенеунікпен әлеуметтік желі арқылы байланысқа шығуға, өз ойыңды айтуға мүмкіндік болғаны қолайлы екендігіне дау жоқ…

Қоғам мен биліктің арасындағы бұл байланыс құралының тиімді екендігін түсінген билік өкілдері жоғарыдан тапсырма берілгенге дейін желіде мүлде болған жоқ деп айтсақ, жалған болар… Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, Семей мен Өскеменнің әкімдері Ермак Сәлімов пен Жақсылық Омардың аккаунттарын дөңгелетіп, өз жұмыстарын желіде бұрыннан көрсетіп жүргендерінен көпшілік хабардар. Билік пен бұқара арасындағы қарым-қатынасты дұрыс жолға қоюға, ауыл, аудан, облыстағы түйінді проблемаларға қатысты елдің тамырын басып отыруға әлеуметтік желінің қолайлы құрал екендігін біреу түсінсе, ал қайсыбіреулер артық сауал немесе өтінішпен мазалайды деп жасқанатын да сияқты…

Сонымен, екі облыстың, бірнеше ауданның әкімімен дос болдық. Бүгін дәурені жүріп тұрған әлеуметтік желілердің «жаңа тұрғындары» не жазар екен деген ой да жоқ емес… Біз басқа аймақтың емес, өзіміздің өңірдегі мемлекеттік қызметкерлердің желідегі жазбаларына көбірек назар аударуға тырыстық.

Жасыратыны жоқ, өз басым не таным, не сарказм жоқ жазбаларды оқудан тез жалығып кеттім. Авторлардың жазу стилінің де ресми жиналыстардың хаттамасынан еш айырмашылығы жоқ. Ал фото!!! Айналасын қоршаған «уәзірлерінің» ортасында қолын сермеп бағыт беріп тұрған басшының бейнесі, бәлкім, біреулерге қызық та болар… Ешқандай идеяға негізделмеген жаттанды пиарға аз уақытта халық елең етпейтін болды деп ойлаймын..

Арайлап атқан таңын әлеуметтік желідегі ағайынның амандығын білуден бастайтын, қолы босай қалса, телефонға телміретін, смартфонын «жастанып» жатып ұйқыға кететін көпшілік биліктің байланысқа шыққанына алғашқыда қуанса, бүгін олардың күнделікті ауыл аралап, ағаш егіп, қол астындағыларына тапсырма бергендері жайлы есептерін қарағысы келмейтінін байқау қиын емес.

Көк тудың астында шіреніп тұрған суреттер мен ресми жазбалар шенеуніктердің халықпен шынайы байланысқа шығуға, бұқарамен жақындасуға әлі дайын емес екендігін аңғартатындай… Елбасының Шымбұлақта шаңғы теуіп, теннис ойнап, домбыра шертіп отырған әдемі суреттері естеріңізде ме? Қараған адамның көңілін көтеретін сондай көріністерді халықтың жақсы қабылдайтынын еске сала кеткіміз келеді.

Тіпті ешқандай идеяңыз болмаса, сымбатымен де, білімділігімен де бүкіл әлемнің сүйіктісіне айналған Канада премьер-министрі Джастин Трюдоның аккаунтын ашып қараңыздаршы. Канаданың үкімет басшысы бірде рингте боктасып жатса, енді бірде ерекше шұлық кию үлгісімен көпшілікті таң қалдырып жүр. Бір халықаралық форумға Джастин Трюдо «Жұлдыздар шайқасы» фильміндегі Чубакка атты кейіпкердің суреті бейнеленген шұлық киіп келсе, НАТО одағына кіретін елдер басшылары мен премьер-министрлері Брюссель қаласында бас қосқан жиынға НАТО ұйымының логотипі бейнеленген қызыл шұлық киіп келіп, көпшілікті аяғына қаратқан. Әлеуметтік желіде жарияланған Джастин Трюдоның Германия канцлері Меркельге өзінің шұлығын көрсетіп, мақтанып тұрған суретін қысқа уақыт ішінде бүкіл әлем тамашалаған болатын. Біреулер мұны ерекшеленудің жолы десе, біреулер әуесқойлық, ал қайсыбіреулер саясат дейді. Кім білсін?! Қалай болғанда да Канаданың премьер-министрі — тек үкімет басшысы ретінде ғана емес, ақылды әрі түрлі саладағы ілімді жетік меңгерген, өз елінің патриоты ретінде әлем назарында жүрген саясаткер.

Шешен елінің президенті Рамзан Қадыров Инстаграм, Фейсбук, Твиттер, Вконтакте атты әлеуметтік желілердің бәрінде тіркелген. Бірде ресми жиналыс үстінде телефон арқылы байланысқа шыққан анасымен сөйлесіп болып, жанында тұрған Ресей президенті Путинге: «Мама звонит!» дегенін көрсеткен бейнежазбасын, ал енді бірде бала-шағасының ортасында бос уақытын қалай өткізгенін халық қызыға тамашалайды. Ал Дмитрий Медведев жүрген жерінің тамаша көріністерін суретке түсіріп алып, әлеуметтік желідегі достарымен бөлісіп жүр.

Біздің ойымызша, тапсырманы орындауда «үздіктер» синдромымен «ауыратын» көпшілік әкімдер бүгін әлеуметтік желіні ашып қойып, ары қарай не істеуді білмей отырған сияқты. Мүмкін, бұл орайда арнайы семинарлар өткізу де қажет болар… Өйткені әлеуметтік желідегі тым ресми суреттер мен істеген жұмыстары жайлы есепті тізген ақпараттар билік пен халықтың арасын жақындата алмайтыны белгілі.

Әрине, әкімдерге мультфильм кейіпкерлері бейнеленген қызылды-жасылды нәски киіп ерекшеленіңдер деп кеңес беруден аулақпыз. Дегенмен, ел ардақтаған азаматтар, бір сәт галстуктеріңізді шешіп, көк тудың тасасынан шығып, екі қадам алға басыңыздаршы…

Айтпақшы, ЭМОЦИЯ!!! Қатулы қабақты сәл жымиып жылытсаңыз тіпті қатып кетер еді. Осыдан кейін халықтың өзіңізге жақындай түсетініне күмәніңіз болмасын.

Риза Асанқызы, «Семей таңы»

{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

4 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

4 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

5 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

6 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

6 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

6 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

7 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС