Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ МІНДЕТ

26.04.2019
FacebookWhatsappTelegram

Апта дүйсенбісінде Семей қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жылына орай Семей қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы және Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен арнайы брифинг болып өтті. Басқосуда еңбеккерлер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қауіпсіздігі бойынша қарым-қатынас, жұмыс орындарындағы қауіпсіздік, өндірістегі жарақаттану мен өлім-жітім және кәсіптік сырқаттардың алдын алу мәселелері қозғалды.

Брифинг барысында қаладағы еңбек инспекциясының өкілдері еңбек қауіпсіздігі бойынша өткен жылы орын алған келеңсіз жайттарға, көрсеткіштерге тоқталып өтті. Атап айтсақ, былтырғы жылы өңірімізде жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігінің сақталмауына байланысты қайғылы жағдайға әкеліп соқтырған 5 оқиға орын алыпты. Мұның негізгі себебі қарапайым еңбек адамдарының техникалық қауіпсіздік ережелеріне мән бермеуі болып отыр. Жоғарыда айтылған жайттардың екеуі «ҚТЖ — ҰК» АҚ Семей жүк тасымалы филиалында тіркелсе, тағы біреуі «Қаражыра» ЖШС-де болған. Бұл үш факті де өндірістегі қауіпсіздік шараларын ескермеу салдарынан орын алған болатын. Тағы екі оқиға жекелеген фирмаларға тиесілі.

Бұл орайда Семей қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің басшысы Тоқтарбек Түсіпбаев жұмыс беруші тарап пен жұмысшы арасындағы еңбек қауіпсіздігін сақтауға байланысты міндеттер қатарына тоқталды. Көп жағдайда жұмыс орындарындағы жазатайым жағдайларға еңбеккердің өзі кінәлі болып жатады. Қарапайым ғана мысал – құрылыс нысандарындағы жұмысшылар қорғаныш каскасын киместен немесе арнайы бекітпе белдіксіз жұмысқа кіріседі. Ал жарақат алған жағдайда, жұмысшының өзі кінәлі болып саналады. Егер аталмыш мәселе күрделенген сипат алса, еңбек дауларын сот шешеді.

Мамандар айтып өткендей, ағымдағы жыл республикамыз бойынша Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жылы деп жарияланған болатын. Қазіргі таңда бірқатар шаралар қолға алынуда. Сәйкесінше, жұмыс орындарындағы апаттардың алдын алу жұмыстары да біршама ширатылған. Атап айтсақ, өндірістік жарақаттану деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 адамға, немесе 1%-ға азайды. Сонымен қатар жұмыс орнында жазатайым жағдайлардан зардап шеккендердің коэффициенті 1000 адамға шаққанда 0,309-ды құрады.

Өндірістік салалар бойынша ең көп зардап шеккендер тау-кен және металлургия өнеркәсібінде екен, олардың жалпы саны 56 адам. Ал бюджеттік ұйымдарда 47 адам болса, шағын бизнес ұйымдарында 27 адам, құрылыста 23 адамды құрап отыр.

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік жарақаттану мен кәсіби ауруларды азайту мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдармен және әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып, 2019 жылды  Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жылы  деп жариялады. Яғни, жыл көлемінде еліміздегі кәсіпорындар мен мекемелерде, оның ішінде біздің аймағымыздағы әсіресе жұмысшылар саны өте көп іргелі мекемелерде осы бағытта бірқатар шаралар атқарылатын болады.

Мамандар сөзіне сүйенсек, жұмыс орындарындағы  еңбек жағдайын жақсарту; өндірістік жарақаттану мен кәсіби ауруларды азайту; ақпараттық кампаниялар өткізу Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жылында ұйымдастырылатын шаралардың негізгі міндеттері болып табылады екен.

Брифинг барысында БАҚ өкілдері тарапынан қойылған қазіргі қоғам өмірінде жиі кездесіп жататын еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты түрлі сауалдарға мамандар тарапынан толыққанды жауаптар берілді.

Қ.ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

4 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

4 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

5 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

6 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

6 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

6 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

7 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС