Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ОРТАДА

30.04.2019
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласындағы Достық үйі сан алуан ұлт өкілдерінің басын қосқан, өңіріміздегі мәдени-қоғамдық шараларда аса белсенді бірегей мекеме. Қазіргі таңда облысымыз бойынша тіл мәдениеті, ұлттар достығы мен ынтымақтастығы тақырыбындағы идеялық мәні жоғары шараларға ұйытқы болып отыр. Сонымен қатар Жастар мен түрлі қоғамдық ұйымдар, мекемелер өкілдерін дөңгелек үстел басында топтастырып, ашық диалог алаңын да ұйымдастыруда.

Қалалық Достық үйінің қызметіне тілдердің дамуы мен Шығыс Қазақстан халқының өнері мен мәдениетін насихаттау, сондай-ақ ұлтаралық келісім, қоғамдық-саяси бейбітшіліктің тұрақтылығын сақтауға үлес қосу сынды міндеттер кіреді. Аталмыш мекеменің құрылтайшысы — Семей қаласының әкімдігі. Сондықтан да атқарушы органмен арада тығыз қарым-қатынас орнатылған.

Бүгінгі таңдағы Тәуелсіздік мүддесі тұрғысынан қарастырсақ, Достық үйі тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту, халық шығармашылығын, этномәдени салт-дәстүрлерді және әдет-ғұрыптарды насихаттап, сақтау, оларды әлеуметтік-экономикалық және қазіргі тарихи жағдайға бейімдеу, ұлттар достығын нығайту, қазақстандық патриотизмді қалыптастырып, дамыту жолында көптеген қызметтер атқарады.

Қазіргі күндері мұнда түрлі ұлттардың 22 ұлттық-мәдени бірлестіктері, сонымен қатар  облыстық қоғамдық бірлестіктер  жұмыс жүргізеді. Халық шығармашылығын және ұлттық салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды насихаттау бағытында көптеген іс-шаралар атқарылып, ұлттық мәдени бірлестіктерге әдістемелік, ұйым-дастырушылық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар этносаралық келісімді сақтауға бағытталған және басқа да жұмыстар жүргізіледі. Ұлттық мәдени бірлестіктер өз қызметтерін жоспарға сәйкес әзірленген бағдарламалар аясында жүзеге асырады. Барлық бірлестіктер тарапынан жыл бойы Достық үйінің акт залдарында көпшілік алдында өткізілетін жиындар мен салтанатты шаралардың, түрлі акциялардың әсіресе жастар үшін танымдық-тағылымдық мәні зор.

Қазақстандағы ең алғашқы Достық үйі 1992 жылы ашылған болатын. Оның басты мақсаты ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту, тілдерді дамыту, өскелең буын арасында қазақстандық патриотизм идеяларын қалыптастыру болатын. Бұл ретте Семейдегі Достық үйінің айналасына алғаш топтасқан «Виндергебурд» неміс мәдени орталығы, Шығыс Қазақстан корейлерінің ассоциациясы, «Вайнах» шешен мәдени орталығы, славян мәдениеті ұйымы және облыстық, қалалық «Қазақ тілі» қоғамы болды. Ал кейінірек ұйғыр мәдени орталығы, армян, орыс, татар, украин, белорус, әзірбайжан, еврей, поляк мәдени орталықтары ашылып, жұмыс істей бастады.

Қазақстан халықтары Ассам-блеясының Семей қаласындағы шағын моделі сынды әсер қалдыратын осы орталыққа бүгінде Надежда Шарова жетекшілік етеді. Қала өмірінің идеологиялық саласында елеулі еңбек өтілі бар басшы Достық үйінің атқаратын жоспарлы шаралары көп екенін айтады.

— Қалалық Достық үйінде бүгінгі таңда 22 этномәдени орталық үлкен шығармашылық ізденіспен жемісті еңбек етуде. Мақсатымыз бір — халықтар достығын нығайтып, өзара түсіністік пен береке-бірлікті арттыру. Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, оның асыл құндылықтарын насихаттау — басты мұратымыз. Қазіргі күні барлық этномәдени орталықтардың мүшелері өз ана тілдерін меңгеру үстінде,- дейді Надежда Шарова.

— Әсіресе немістердің «Возрождение» атты облыстық бірлестігінің жұмысын баса атап өткім келеді. 30 жыл бойы жемісті жұмыс жүргізіп келе жатқан аталмыш орталық осынау аралықта неміс тілін барлық ынта білдірушілерге оқытып, үйретуде. Сонымен қатар орыс әлеуметтік-мәдени орталығы туралы да көп нәрсе айтуға болады. Тағы бір жайт — татар мен корей ұлттарының ұйымдары да қоғамдық іс-шараларға қатысуда белсенді. Біраз уақыттан бері украин мәдени орталығы жұмыс істеп келеді. Тіпті жақын аралықта украин ұлты өкілдеріне және ниет білдірген қала тұрғындарына украин тілін үйретуді жоспарлап отыр, — дейді басшы.

Надежда Шарова айтып өткендей, бүгінде қала тұрғындарына мемлекеттік тілді үйретуге ерекше ден қойылуда. Сонымен қатар орыс, ағылшын және өзге де тілдерді еркін меңгеруге мүмкіндік ашылуда.

Достық үйіндегі этномәдени орталықтардың атқарып жатқан жұмыстарын жоғары бағалауға болады. Мұндағы тіл үйрету дәрістері барша қалалықтар үшін тегін түрде жүргізіледі. Айта кетерлігі, аталған үйірмелерге соңғы уақыттарда әсіресе жастар көптеп қатысып жатыр екен. Қалалық Достық үйінде сондай-ақ қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуіне байланысты жаңашыл шаралар да қолға алынбақ.

К.НҰРБЕРГЕН, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

4 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

4 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

5 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

6 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

6 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

6 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

7 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС