Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚЫЗМЕТІ — ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА

25.02.2014
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚЫЗМЕТІ — ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
FacebookWhatsappTelegram

Өткен жұма күні қалалық мәслихат депутаттары қоғамдық көліктерде жүріп, автобустардың және ондағы жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын  өз көздерімен көріп, бақылады. Қалалық мәслихаттың өндірістік және инфрақұрылым, тұрғын үй шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның  мүшелері   тексеру шарасы барысында кездескен кемшіліктерді мәслихаттың кезекті сессиясында  қарамаақ.      Жолаушы тасымалдау- шылар да халық қалаулыларына өздеріне қатысты проблемаларды  ортаға салды.

«Семавтопарк» және «Азия Combi» ЖШС-теріне қарай бағыт алған қалалық мәслихатың өндірістік және инфрақұрылым, тұрғын үй шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Бауыржан Қайрамбаев бастаған  депутаттар кәсіпорындарға жеткенше №41 және №2 автобустарға отырып, қоғамдық көлік қызметінің сапасын тексерді.    Автобус ішіндегі жарнамаларға дейін бақылаған халық қалаулылары жолаушылармен де тілдесті. Алайда, олардың тасымалдаушылар қызметіне көңілдері аса толмайтын көрінеді. Бірі автобустардың аялдамаларға үнемі уақытынан кешігіп келетінін айтса, тағы бірі кейбір бағыттағы автобустардың жолаушы тасымалдауға аздық ететіндігін тілге тиек етті. Дегенмен, жолаушылар №2 автобусының жиі жүретінін де жасырмады. «Азия Combi» ЖШС-і қаладағы ең ірі жолаушы тасымалдау кәсіпорындарының бірі. 10 бағыт бойынша күнделікті 100-ге жуық үлкен және шағын автобустар жолаушыларға қызмет көрсетеді.

Ал, «Семавтопарк» ЖШС-нің тарихы әріде. Ол да шаһардағы ең ірі жолаушы тасымалдау кәсіпорындарының бірі, тіпті, бірегейі деуге де болады. 1957 жылы құрылған аталмыш кәсіпорын жолаушыларды тасымалдау байқауының қорытындысы бойынша 22 бағыттық қызмет көрсетеді. Тасымалдаушылардың қарамағында сыйымдылығы үлкен және шағын автобустар да бар. Күнделікті бір уақытта 200-ге дейін көлік шығады. Қос кәсіпорынның да жеңілдіктері бірдей. Мүмкіндігі шектеулі жандар мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, І топтағы зағип жандарға және күтушісімен жүретін зағип жандарға қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығы берілген. Ал, 7 мен 15 жас аралығындағы балалар мен көп балалы аналарға, зейнеткерлерге жеңілдік қарастырылған. Айта кетерлігі, кейбір автобустарда «депутаттарға жол жүру ақысы тегін» деп көрсетілсе керек. Алайда, мұның өтірік екеніне халық қалаулылары қоғамдық көліктермен жүрген уақытта көз жеткізді.

Автобус паркінің базасын аралап, жолаушы тасымалдаушылардың жұмыс барысымен толықтай танысып шыққан депутаттар оларға қоғамдық көлік қызметіне қатысты қалалықтардың ұсыныс-тілектерін де жеткізді. Мысалы, халық қалаулыларының бірі Бейсенғазы Тастекеев Волгоград көшесіндегі жаңадан бой көтерген ауданға қатынайтын автобустардың жөнді бармай жүргенін, соның салдарынан ол жақтан мектеп оқушылары уақытында сабаққа келіп үлгермей жүргенін айтты. «Семавтопарк» және «Азия Combi» ЖШС-терінің заңгері Николай Чнегов бұл мәселенің алдағы уақытта бір жақты шешімін табатынына сендірді. Сонымен қатар, Бейсенғазы Тастекеев тұрғындар тілегін жазбаша түрде де алып келген екен. Халық қалаулысы кәсіпорындардың заңгеріне қағаздағы өтініш-тілектер бойынша да жұмыс жасауды тапсырды. Қалалық мәслихаттың хатшысы Бейсенбек Ақжалов пен Бауыржан Қайрамбаев, Рафаэль Хазипов сынды бірқатар депутаттар да тұрғындар тарапынан түскен өтініш-тілектер бойынша өздерінің пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын да айтты.

 

{jcomments on}Сондай-ақ, тасымалдаушылар да қызмет сапасын жақсартуға тосқауыл болған қордаланып қалған бірқатар мәселелерін де ортаға салды. Мысалы, «Семавтопарк» ЖШС-нің директоры Сергей Должиков кадр мәселесін сөз етті.

 

— Үлкен автобустарды жүргізу екінің бірінің қолынан келе бермейтіні белгілі. Бірақ, ауа райының қолайсыздығынан, мысалы, жолдар көк мұз, тайғақ болған кездерде қоғамдық көлік жүргізушісі аяқ астынан басқа көліктерді сырып кетуі немесе, зақымдап кетуі де әбден мүмкін. Ал, ондай жағдайлар орын алған уақытта жол сақшылары көп жағдайда айыппұл салғанның орнына белгілі бір мерзімге дейін көлік жүргізу құқығынан айырып жатады. Соның салдарынан аязды күндері немесе ,көк тайғақ кездерінде қалалық ТҮКШ бөлімі жолға шығуға рұқсат берсе де жүргізушілеріміздің өздері рөлге отырудан бас тартып жатады. Осындай мәселелерден кейін автобустар кешігіп шығады, — дейді ол.

Сергей Должиковтың айтуынша, кәсіпорын қарамағындағы әр автобус аялдамаларға 7 минут сайын келіп тұруы тиіс. Ал, автобустардың кешігіп келетіндігі тек түскі уақыттарда болуы мүмкін екенін айтып ақталды ол. Тілшілерге берген сұхбатында С.Должиков:

— Кәсіпорындарға келген депутаттар жолдарды тазарту мен тариф жөніндегі мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, оларға енгізілген GPS жүйесін түсіндіріп, көрсеттік. Бұл жүйені «Азия Combi» ЖШС-імен бірге енгізген болатынбыз. Депутаттар тарапынан жолаушылар тасымалына қатысты қатал ескертулер болған жоқ, — дейді.

Бұдан кейін депутаттар  жолаушылар тасымалымен айналысатын тағы бір кәсіпорын «Таксопарк» ЖШС-не ат басын тіреді. Мұнда да тариф, қызмет көрсету сапасын арттыру мен қоғамдық көліктер қозғалысының кестесіне қатысты сұрақтар талқыланды.

— Сапалы қызмет көрсетуде көптеген сұрақтар бар. Алайда, біз автобустардағы жолаушылармен әңгімелесу барысында олардың басым көпшілігі қызмет көрсету сапасына көңілдері толатынын байқадық. Ал, көңіл толмаушылық уақытша ғана. Солардың басым көпшілігі автобустардың кешігіп келуін сөз еткен еді, — дейді қалалық мәслихаттың депутаты Бауыржан Қайрамбаев тілшілерге берген сұхбатында.

Оның сөзіне сүйенсек, қаладағы қоғамдық көліктердің мәселесі жан-жақты талқыланып, жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын мекеме өкілдерінің қатысуымен өтетін қалалық мәслихаттың алдағы сессиясында қаралатын болады.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

6 дней назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС