Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БОЛАШАҒЫҢ ӨЗ ҚОЛЫҢДА

03.05.2019
FacebookWhatsappTelegram

26-27 сәуір күндері Семейдегі Шәкәрім университетінде Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы және Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және Жастар жылы аясында «Сенің болашағың сенің қолыңда!» атты жастар жиыны өтті.

 

Жиынға ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Ернат Қыдырмоллаев, ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталығының діни ахуалды зерттеу, талдау және мониторинг бөлімінің меңгерушісі Алуа Сабалақова, Семей қаласының жастар ресурстық орталығының директоры Олжас Соғымбай, ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталығының интернет желісінде мониторинг жұмыстарын жүргізу маманы Ерсін Қожанжаров, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Индира Оралқанова, «Ұлы дала академиясы» ҚҚ директоры Берік Кәдіров, ШҚО дін мәселелерін зерттеу оралығының ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша маманы Дулат Жақиянов қатысты.

Халықтың құқықтық және діни сауаттылығын арттыру — Қазақстанның діни саладағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасының негізгі бағыты. Аймақтағы конфессияаралық және этносаралық келісімді сақтап, нығайту, ақпараттық және түсіндірмелік сипаттағы шараларды ұйымдастыру – Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы және Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының маңызды қызметтерінің бірі. 2019 жылдың басынан облысымыздың әр өңірінде еңбек ұжымдарының, жастардың, университет пен колледж студенттерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді.

Жиынды ашқан ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Ернат Қыдырмоллаев аймағымыздағы жалпы діни ахуалға тоқталып өтті. Ернат Қыдырмоллаұлының айтуынша, аймағымызда 314 діни субъектілер тркелген: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 208 филиалы, 40 православие, 61 протестанттық және 6 католик шіркеуі, 1 Кришна санасы қоғамы, 1 Еврей діни бірлестігі. 303 ғибадат үйі, ғибадат үйлерінен тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған 36 үй-жай (20 намазхана, 15 сағат, 1 сиыну бөлмесі), діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату үшін 108 арнайы тұрақты үй-жайлар бекітілген.

— Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырып, мемлекетіміздің рухани тірегіне айналған дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын насихаттау, ұлттық рухани құндылықтарымызды жаңғыртып, деструктивті діни ағымдарға қарсы күрес жүргізу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы тарапынан бірнеше айрықша жобалар іске асырылуда,-деді Е.Қыдырмоллаұлы. Жастар арасында түрлі тақырыптарды және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілетін іс-шаралар мен шаһардағы діни ахуал жайлы қалалық Жастар ресурстық орталығының директоы Олжас Соғымбай баяндады. Олжас Амангелдіұлының айтуынша, Семей қаласында «Ұлы дала жастарына – Ұлттық тәрбие» жобасы қолға алынған. Жобаның мақсаты — Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында аталған бағыттарды жүзеге асыра отырып, жастарға рухани-мәдени, танымдық тәрбие сағаттарын өткізу. Жоба аясында тарих мамандығында оқитын кемінде 1000 студент тарихи өлкетану мұражайында, актерлік шеберлік және режиссерлік мамандықтарындағы топтар жыл көлемінде кемінде 20 сағат Абай атындағы театрда, бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер Невзоровтар отбасы мұражайында, кітапхана және баспа ісі мамандығында оқитын студенттер қала кітапханаларында ашық сабақтар өткізбек. Сондай-ақ кемінде 500 бойжеткен «Айша-бибі» әлеуметтік-мәдени орталығында «Бүгінгі қыз – болашақ ана» тақырыбында тәрбиелік курстан өтіп, Семей қалалық ұлттық ат спорты қауымдастығы арқылы кемінде 2 мың ер бала атқа міну мәдениеті бойынша сабақ алып, жергілікті БАҚ өкілдері арқылы студенттердің 20 пайызы журналистика курстарынан өтеді. Жобаға қала жастарының кемінде 60 пайызын қамту жоспарлануда.

ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталығының діни ахуалды зерттеу, талдау және мониторинг бөлімінің меңгерушісі Алуа Сабалақованың айтуынша, бүгінде ШҚО-дағы діни ахуал тұрақты.

— Елімізде 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 4 млн. 206 мың адамды, яғни халықтың 24 пайызын құрайды. Оның ішінде 686 мың жас — өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмсыссыз. Әсіресе осы өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз санатындағы жастарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Бұл бағытта ШҚО дін мәселелері зерттеу орталығы жоспарлы жұмыстарды жүзеге асыруда. Жыл басынан бері аймағымыздағы 7 081 жас ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен қамтылды, — дейді Алуа Өкешқызы.

«Сенің болашағың сенің қолыңда» атты жастар жиыны 27 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығының қолдауымен, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің «Парасат» интеллектуалдық дебат клубының ұйымдастыруымен өткен «Терроризм және ақпараттық соғыс: бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі» атты облыстық пікірсайыс турниріне ұласты. Турнирге Бесқарағай, Аягөз, Абай, Курчатов аудандарынан және Семей, Өскемен қалаларынан – жиыны 72 жас қатысты. Пікірсайыстың мақсаты – жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің таралуына тосқауыл қою. Сөз сайыскерлері БАҚ–тың қақтығыс тудыруда алар орнын талқыға салды.

— Бүгінгі   облыстық   пікірсайыс    турнирі өзекті тақырыпты қамтып отыр. ХХІ ғасыр — ақпарат ғасыры. Жастардың әлеуметтік желіде көп отыратыны және ақпаратты желі арқылы оқып-білетіні жасырын емес. Өкініштісі, ғаламторда жалған ақпараттар өте көп тарайды. Сондықтан біліммен қарулануы қажет. Олар дұрыс ақпаратты қайдан алуға болатынын білулері керек. Пікірсайыста осы тақырыптар қамтылатын болады,- дейді пікірсайысқа қатысушы Ғанибек Түсіпбек.

Турнир қорытындысы бойынша, І орынды «Өмек Ұлағат» фракциясы — Нұрсипат Жолдасова мен Ұлағат Өмек, ІІ орынды «Құнанбай Өскенбайұлы» фракциясы — Қуаныш Молдақашев пен Арман Іскежанов, ІІІ орынды «Біз романтик емеспіз» фракциясы — Елдар Қыдырмолдин мен Еркежан Жұмашева иеленді. «Әмір» фракциясы — Мейрам Тұрысбеков пен Нұргелді Серікбосынов финалист атанды. «Ең үздік төреші» аталымын Бақыт Аманова жеңіп алды. Дода соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Появление партии Adilet отражает изменение электоральных и идеологических парадигм в стране. На этом фоне партия Amanat, сохраняющая статус правящей до...

Читать далее ...

Перераспределение ролей в новой политической системе

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

В условиях трансформации политической модели и появления новых институциональных элементов, включая должность вице-президента, происходит функциональная перестройка системы государственного управления. В...

Читать далее ...

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

А.Дадебай рассматривается как одно из доверенных лиц Главы государства, что придает его назначению дополнительный политический вес. В этом контексте формирование...

Читать далее ...

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Принятие Новой Конституции обозначает завершение этапа политического транзита и окончательное закрепление отхода от прежней модели общественно-политического устройства. В этой связи...

Читать далее ...

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Назначение А.Дадебая председателем партии выстроено в логике институциональной преемственности реформ. С учетом того, что инициатива конституционных преобразований исходила от Главы...

Читать далее ...

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Создание партии Adilet логически вытекает из институциональных изменений, связанных с принятием Новой Конституции. Ядром новой политической силы выступают члены Конституционной...

Читать далее ...

Новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

1 день назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

1 день назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

1 день назад

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

1 день назад

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

1 день назад

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

1 день назад

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

3 дня назад

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

3 дня назад

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

3 дня назад

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС