Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АЙТЫС АҚЫНДАРЫ СЕМЕЙГЕ КЕЛДІ

08.05.2019
FacebookWhatsappTelegram

ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қолдауымен «Ұлы дала ән мен жыры, ақындықтың жеті қыры» атты жоба  Алматы қаласынан бастау алды. Жыр додасының республикалық туры 2 мамыр күні Семей қаласында жалғасып, Абай театрында айтыс тарландары Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова және Жандарбек Бұлғақов өнер көрсетті. Айтысты тамашалауға қала әкімі Ермак Бидахметұлы арнайы келді.

Жоба мақсаты — айтыс өнерінің көкжиегін кеңейтіп, жастар аудиториясын қалыптастыру, қазақтық ұлттық салт-дәстүрін насихаттап, кейінгі ұрпақты тәлімді тәрбие алуға, ата жолынан адаспауға шақыру.

Кеш барысында ақындар суырыпсалма өнерлерімен қоса, әншілік қырларын да көрсетті. Көрермен көкейінде жүрген бүгінгі күннің өзекті проблемаларын жырға қосып, көрерменге топтық айтыс үлгісін ұсынды. Кеш шымылдығын Айнұр Тұрсынбаева мен Сара Тоқтамысова «Қыз ұзату» әнімен ашса, Жандарбек Бұлғақов беташар рәсімін жасап, Балғынбек Имашев қазақтың қара дом-бырасымен келіннің бетін ашты. Жандарбек Бұлғақовтың «Қызым, саған айтамын», Балғынбек Имашевтің «Қызыма» атты толғаулары орындалды.

Жобаның бас продюсері Жан Мұқановтың айтуынша, республикалық тур 25 сәуір күні Алматыдағы «Алматы Арена» стадионынан басталған. Жобада, негізінен, 4 ақын — Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова және Жандарбек Бұлғақов өнер көрсетеді.

— Жоба 25 сәуір күні Алматы қаласынан бастау алды. Бұл күн — жобаға қатысушы ақындар Балғынбек Имашев пен оның шәкірті Жандарбек Бұлғақовтың туған күні. Балғынбек Имашевтың шығармашылық кеші де Алматы қаласында осы жоба аясында өтті,- дейді Жан Мұқанов. — Біздің мақсатымыз – айтысты заманауи және қызықты етіп өткізу. Бұл көрермен үйреніп қалғандай таза айтыс емес. Эстрада жанры мен қара сөздер, толғау қостық. Тағы бір айта кетерлігі, әр барған өңіріміздің жас айтыскерін шақырып, топқа қосамыз. Концерттен түскен қаржы қайырымдылық шараларына жұмсалады,- дейді Жан Мұқанов.

— Республикалық мегажобамызды шығыс-тан бастауымыздың өзіндік себебі де жоқ емес. Бұл — кілең алыптардың мекені. Танымал ақындарымыздың көбі шығыс өңірінен шыққан. Айнұр мен Сара осы өңірдің тумасы болса, біз де бөтен емеспіз. Бізге қолдау көрсетіп жатқан халыққа, айтыс жанашырларына, ШҚО әкімі Даниал Ахметовке алғыс айтамыз. Жоба бүкіл қазақ еліне рухани леп береді деген сенімдеміз. Алматы қаласындағы кешімізде халықтың айтысқа қаншалықты сусап қалғанын көрдік, қошеметіне риза болдық, — дейді Балғынбек Имашев.

Кеш барысында ақындар Шақаман ауылындағы көпбалалы Ақшолақовтар отбасына пәтер кілтін табыс етті.

— Рамазан айы қарсаңында басталып отырған игі жобадан түскен қаржыны түгелдей қайырымдылық шараларына жұмсаймыз. Көпбалалы отбасыларға үй алып береміз немесе ауыр науқасқа шалдыққан жандарға қаржылай көмектесеміз,- дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Айтыссүйер қауым семейлік Айшолпан ақын мен Әсет Дүйсебаев арасындағы тамаша айтысқа куә болды. Сондай-ақ бұл кеште қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Дәулет Болатов, «Славян базары» байқауының жеңімпазы Әміре атты әншілер де өнер көрсетті.

Айта кетейік, жоба еліміздің 22 қаласында жалғасатын болады. Жобаның ақпараттық қолдаушысы – «Qazaqstan» ұлттық арнасы.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Появление партии Adilet отражает изменение электоральных и идеологических парадигм в стране. На этом фоне партия Amanat, сохраняющая статус правящей до...

Читать далее ...

Перераспределение ролей в новой политической системе

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

В условиях трансформации политической модели и появления новых институциональных элементов, включая должность вице-президента, происходит функциональная перестройка системы государственного управления. В...

Читать далее ...

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

А.Дадебай рассматривается как одно из доверенных лиц Главы государства, что придает его назначению дополнительный политический вес. В этом контексте формирование...

Читать далее ...

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Принятие Новой Конституции обозначает завершение этапа политического транзита и окончательное закрепление отхода от прежней модели общественно-политического устройства. В этой связи...

Читать далее ...

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Назначение А.Дадебая председателем партии выстроено в логике институциональной преемственности реформ. С учетом того, что инициатива конституционных преобразований исходила от Главы...

Читать далее ...

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Создание партии Adilet логически вытекает из институциональных изменений, связанных с принятием Новой Конституции. Ядром новой политической силы выступают члены Конституционной...

Читать далее ...

Новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

1 день назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

1 день назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

1 день назад

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

1 день назад

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

1 день назад

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

1 день назад

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

3 дня назад

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

3 дня назад

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

3 дня назад

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС