Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БІРЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖОЛЫНДА

17.05.2019
FacebookWhatsappTelegram

Қалалық Достық үйінде Семей қаласының қоғамдық келісім кеңесінің отырысы болып өтті. Аталмыш шараға этномәдени орталықтар жетекшілері мен қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар өкілдері жиналды.

Алқалы жиынды Достық үйінің директоры Надежда Шарова алғы сөзбен ашып, жүргізіп отырды. Надежда Шарова бірінші кезекте қоғамдық жұмыстардағы белсенділігі үшін Гүлжиһан Әмірғалықызына ҚР Парламенті Сенатының төрайымы Дариға Назарбаеваның елордадан жеткен алғыс хатын көпшілік алдында салтанатты түрде табыс етті.

Күн тақырыбында екі мәселе қаралды. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың 29 сәуірі күні өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысында қозғалған қоғамның рухани бірлігі мен тұрақтылығы және осынау құндылықтарды жас ұрпақ арасында белсенді насихаттау турасындағы мәселелер талқыланды. Бұл орайда алдағы жылы ҚХА-ның 25 жылдық мерейлі мерекесі аталып өтетінін жеткізген Н.Шарова қоғамдық келісім кеңесінің аталмыш бағытта жүргізетін жұмыстары айтарлықтай ауқымды екенін жеткізді. Қазіргі күні атқарылуы тиіс шаралардың тұжырымдамасы мемлекеттік деңгейде әзірленуде. Ал Достық үйі Ассамблеяның кіші моделі болғандықтан да халық бірлігі мен рухани тұтастығы жолында күш салатын мәселелер жеткілікті.

Жиын барысында сөз алған Орал Шәріпбаев қиын-қыстау заманда Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту жолындағы қызметіне тоқталып өтіп, сессияда қозғалған мәселелерге қатысты ойын білдірді.

— Ертеңгі күні сайлау басталады. Ассамблеяның өзін көрсетер шағы да келді. Біз мемлекеттік саясатты жалғастыру жолында қандай қадамдар жасау қажет деген сұрақ төңірегінде ойлануымыз керек. Басты мақсат — Қазақстанның болашағын баянды, ел азаматтарының өмірін тұрақты да шуақты ету,- дей келе Ассамблея мүшелерінің алдында тұрған міндеттерге тоқталды.

Орал Тоқтарұлы сонымен қатар тәуелсіздік жылдары Қазақстан халқының еліміздегі этносаралық қарым-қатынастардың келешегіне қатысты деструктивті болжамдардың бәрін жоққа шығарғанына да назар аударды. Сондай-ақ сессия барысында Елбасының Қазақстан қоғамындағы тұрақтылықты сақтау үшін барлық тетіктердің қалыпты әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етуді тапсырғанын, мемлекеттік органдар жанындағы медиация институты мен қоғамдық кеңестердің жұмысын жандандыру қажеттігін айтқанын, сонымен қатар Ассамблея кәсіпкерлерінің қауымдастығы  арқылы шетелдік инвесторлармен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық корпусының әлеуетін белсенді пайдалануға шақырғанын да жеткізе кетті.

Жиын соңында басқосуға қатысқан қалалық қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері мен Ассамблея мүшелері аталмыш сессияда қаралған мәселелер қатарын толығымен қолдайтындықтарын айтып, өз пікірлері мен көзқарастарын білдірді.{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

4 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

4 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

5 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

6 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

6 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

6 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

7 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС