Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» САЙЫСЫНДА

17.05.2019
FacebookWhatsappTelegram

Апта сәрсенбісінде қаламыздағы Достық үйінің кең залында, Халықаралық отбасы күніне орай, «Мерейлі отбасы — 2019» атты байқау болып өтті. Айрықша байқаудың басты мақсаты — шаңырақтың ауызбіршілігін, жанұя мүшелерінің жетістіктерін, салт-дәстүрді сақтауын, адамгершілік ізгі қасиеттерді насихаттау арқылы отбасылық құндылықтарды қоғамға үлгі ету.

Жыл сайын ұйымдастырылатын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы адамгершілік құндылықтарды және неке мен отбасының жағымды образын қалыптастыру, әсіресе жастар арасында отбасы мәртебесін көтеру мақсатында Тұңғыш Президенттің Өкімімен бекітілген болатын. Басты талап — байқауға қатысушы отбасы мүшелері еңбекте, спортта, шығармашылықта, ғылымда жетістікке жеткен, өнегелі, үлгі боларлықтай ерекше әулет болуы тиіс. Биылғы жылы да аталмыш сайысқа қатысушылар осынау талап үдесінен толық шыға білді. Оған сайыс барысында айқын көз жеткіздік.

Осымен алтыншы мәрте өткізіліп отырған байқауды ұйымдастыруға «Отбасы орталығы» қоғамдық қоры ұйытқы болыпты. Сонымен қатар қала әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия және Абай кітапханасы сынды бірқатар ұжымдар қолдау танытты.

Жиын беташарын қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев алғы сөзбен ашты.

— Биыл да, жылдағы дәстүр бойынша, Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатымен отбасы құндылығын арттыру, жанұя мәртебесін көтеру, жастарға рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбие беру бағытында дұрыс жұмыс жүргізуіміз үшін арнайы «Мерейлі отбасы» атты байқауды өткізіп жатырмыз. Бұл шараға қатысуға ниет білдірген жерлестеріміздің көп болуы және де олардың облыстық деңгейде өнер көрсетіп, тіпті республикалық сайыстарға да қарт Семейдің атынан барып қатысулары біз үшін қуанышты жағдай. Бүгінгі отбасы құндылықтары насихатталатын кештің мәні мен сәні жарасым тауып, осында отырған жас достарымыз тәлім-тәрбие алады деген сенімдемін. Осы орайда барлық отбасыларға шаңырақ шаттығын, бас амандығын, деннің саулығын, еліміздің өркендеуін шын ықыласпен тілеймін,- деді көпшілік алдында пікір білдірген Айдар Серікқазыұлы.

Осыдан соң жиналған көрермен мен барша қатысушыларға қазылар алқасының мүшелері таныстырылды. Олардың қатарында қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов, қала әкімі жанындағы әйелдер мәселесі жөніндегі қалалық комиссия хатшысы Жанна Қуатқызы мен комиссия мүшелері болды.

Байқауға да кезек беріліп, қаламыздағы қосалқы мектеп ұжымы атынан сайысқа қатысқан Құрманғалиевтар отбасы сахна төріне алғашқы болып көтерілді. Отағасының өнерлі екендігі өз жанұяларын таныстыру өлеңін қазақы қара домбырамен шырқағанынан-ақ аңғарылып тұрды. М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің түлегі өз өмірбаянын осылайша әнмен әрледі. Оған сахна төріне шыққан зайыбы мен қос бірдей бүлдіршіні де қосылып, көрерменнің қошеметіне кенелді. Отбасы мүшелері арнайы слайд арқылы өнер мен спорттағы жетістіктерін таныстырды. Отағасы қолөнерді ермек етеді екен. Тіпті өз күшімен кең сарайдай үлкен үй тұрғызып алған. Бос уақытында ағаштан ою ойып, темірден батырдың сауыт-сайманын да жасайды. Ал отанасы болса қазақы өрнекпен әдіптелген құрақ көрпе тігумен әуестенеді екен. Ақсуат ауданының тумалары бір-біріне сай қосылған, жарасымды әрі өнерлі жұп екендіктерін толығымен дәлелдеп шықты. Оларға зал толы жанкүйерлері де қошемет көрсетіп, ұзақ қол соқты.

Сол тәрізді келесі жұптар да жоғары деңгейдегі даярлықпен келгендерін көрсете білді. Көпшілігі арнайы әзірленген музыкалық композиция аясында өздерін таныстырса, енді бірі өз әулеттері туралы мағлұматты ұйқасты өлеңмен әсерлі жеткізді. Енді бір отбасылар мемлекеттік саясатты, үштілділікті толық қуаттайтындықтарын білдіріп, ағылшын тілінде ән де шырқады. Сонымен қатар жастарды шаңырақ көтеріп, үйлі болудан, ел демографиясын жақсарту жолында көпбалалы отбасы атанудан қорықпауға да үндегендер болды.

Жалпы, байқау барысында байқағанымыз — қазіргі таңда қаламыздағы жас жанұялардың көпшілігі салауатты өмір салтын насихаттап, ұлдары мен қыздарын спортпен һәм шығармашылықпен айналысуға баулиды екен. Тіпті қолөнер бұйымдарын жасауға да машықтандырып, шет тілін сәби шақтан бастап меңгертуді жөн санап, ағылшын тілі курстарында оқытып жүргендері де көп екен.

«Мерейлі отбасы» сайысы тәрбиенің озық үлгілерін насихаттай отырып, жастарды үлгілі жанұя болуға, бала алдындағы жауапкершілігін сезінуге тәрбиелейтін, қазақстандық әулеттің имиджін насихаттайтын мәні зор шара екендігі анық.{jcomments off}

Связанные новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Появление партии Adilet отражает изменение электоральных и идеологических парадигм в стране. На этом фоне партия Amanat, сохраняющая статус правящей до...

Читать далее ...

Перераспределение ролей в новой политической системе

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

В условиях трансформации политической модели и появления новых институциональных элементов, включая должность вице-президента, происходит функциональная перестройка системы государственного управления. В...

Читать далее ...

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

А.Дадебай рассматривается как одно из доверенных лиц Главы государства, что придает его назначению дополнительный политический вес. В этом контексте формирование...

Читать далее ...

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Принятие Новой Конституции обозначает завершение этапа политического транзита и окончательное закрепление отхода от прежней модели общественно-политического устройства. В этой связи...

Читать далее ...

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Назначение А.Дадебая председателем партии выстроено в логике институциональной преемственности реформ. С учетом того, что инициатива конституционных преобразований исходила от Главы...

Читать далее ...

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Создание партии Adilet логически вытекает из институциональных изменений, связанных с принятием Новой Конституции. Ядром новой политической силы выступают члены Конституционной...

Читать далее ...

Новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

2 дня назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

2 дня назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

2 дня назад

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

2 дня назад

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

2 дня назад

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

2 дня назад

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

3 дня назад

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

3 дня назад

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

3 дня назад

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС