Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

Тіл фестивалінде өнер көрсетті

21.05.2019
FacebookWhatsappTelegram

м

Семейде, жылдағы дәстүрге сай, биыл да «Тіл мәртебесі — ел мәртебесі» атты қалалық тіл фестивалі кең көлемде аталып өтті. Қаламыздағы Жеңіс саябағында,
Әлихан Бөкейханұлының ескерткіші алдында ұйымдастырылған осынау шараға жастар қауымы, әсіресе өскелең буын -мектеп оқушылары көп жиналды.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Бірінші кезекте айта кету керек, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, 2016-2019 жылдарға арналған «Тілдердің үштұғырлылығы» аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру, мемлекеттік тілді оқып-үйренуді насихаттау және қазақ тілін үйретудегі интерактивті әдіс-тәсілдерді насихаттау және тарату мақсатындағы фестиваль Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен биылғы жылы 10-шы ретөткізіліп отыр.Айтулы шараға аталмыш бөлімдердің басшылары, мамандары, тіл жанашырлары мен қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, зиялы қауым өкілдері қатысты, сонымен қатармен жалпы қала тұрғындары да фестивальдытамашалады. Сондай-ақ орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері мен балабақша тәрбиеленушілері де келіпті.іл

Фестивальдың беташар рәсімінде жергілікті атқарушы билік өкілдері атынан қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев сөз алып, қатысушы жастарға, мектеп оқушылары мен мұғалімдерге сәттілік пен табыс тіледі.

Айрықша шара барысында жасөспірімдерге арналып «Шығармашылық алаңдар», «Тілдік алаңдар», «Караоке алаңдары», түрлі интеллектуалдық ойындар және жас жеткіншектердің өнерін жарқырата көрсететін ерекше мазмұндағы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Әсіресе тілді жақсы меңгерген балаларға арналып викториналық сұрақтардан тұратын ойындар өткізілді.

Тіл фестивалі барысында сонымен қатар Қазақстан халықтарының ұлттық ойындары да ойнатылып, оқушылар арасында командалық және жекелей сайыстар өткізілді. Қазақ күйлеріне қойылған флешмоб та халық назарына ұсынылды.

Сол тәрізді «Тілдік алаң» мен «Караоке алаңына» топтасқан оқушылар көп болды.№№ 3, 4, 11, 21, 22, 47, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия, №№ 27, 31, 32, 33, 34, 36, 49 мектептердің оқушылары барлық зияткерлік ойындарға белсене қатысып, ұпай жинап, бағалы сыйлықтарға ие болды.

«Жұлдызды сәт», «Сөзмерген», «Мақалды толықтыр», «Жұмбақтар әлеміне саяхат», «Ойлан, тап!» сынды берер тағылымы мол ойындарға да мектеп оқушылары ерекше қызығушылық танытты. Ал балабақша жасындағы бүлдіршіндер үшін қазақ халқының дәстүрлі «Қыз қуу» ойыны ойнатылды.

— Аталмыш шараны ұйымдастырудағы басты мақсатымыз — оқушылардың мемлекеттік тілді меңгеруге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, орыс, ағылшын тілдерін де үйренулеріне жағдай жасап, қолдау білдіру. Көріп отырғандарыңыздай, фестивальға қаламыздағы көптеген мектептердің оқушылары белсене қатысуда. Биыл біз зияткерлік ойындар ұйымдастырып, балалардың тілдер бойынша білім-дағдыларын көрсетулеріне жан-жақты мүмкіндіктер қарастырдық. Бұл шараның тағы бір мақсаты –бірнеше тілді меңгерген оқушыларды анықтап, қолдау көрсету, — дейді пікір білдірген ұйымдастырушылардың бірі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Маржан Бахатова.

Фестиваль барысында тіл үйренуге деген ынталары жоғары жеткіншектерді көптеп кездестірдік. Оқушылардың бірқатары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлеп, өлеңдер оқып, тіпті ән де шырқап жатты. Солардың бірі қаламыздағы №3 мектеп кешенінің 5-ші сынып оқушысы Фатима Шәкен Абай хакімнің өлеңдерін мәнерлеп оқып, ұстаздар қауымының, жалпы көпшіліктің көзайымына айналып, алғысқа кенелді. Қазіргі күні өлең де шығарып, тіпті шағын новеллалар жазумен де айналыса бастаған дарынды шәкіртін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі осы фестивальға арнайы қатыстырыпты.

Фетиваль аясында мектеп оқушылары әзірлеген әндер мен ұлттық билер келушілер назарына ұсынылды.

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

4 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

4 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

5 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

6 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

6 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

6 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

7 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС