Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАҢА ЕМЛЕ БОЙЫНША ДӘРІС ОҚЫЛДЫ

28.05.2019
FacebookWhatsappTelegram

23-24 мамырда Өскемен қаласындағы Д.Серікбаев атындағы ШҚТМТУ-дың бас ғимаратында латын әліпбиіне көшу мәселелерін тақырып өзегі еткен ерекше шара өтті. «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты республикалық шара аясындағы дәріс түрінде ұйымдастырылған екі күндік семинар мазмұнды өрбіді.

Аталмыш семинарға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйытқы болыпты. Шараның мақсаты – латын графикасына негізделген қазақ жазуын меңгертетін Тіл оқыту орталықтарының оқытушыларына танымдық тұрғыдан дәріс беру. Қазіргі таңда еліміз бойынша жаңа латын графикасымен жазылатын жазба тіліміздің жүйесін, емле ережелерін, ғылыми негізін ересектер аудиториясына түсіндіре алатын білікті мамандар даярлаудың маңыздылығы артып тұр.

Жиын барысында тіл мамандары тыңдармандаға қазақ әліпбиінің қысқаша тарихы, графикасы мен құрылымы, әріп — фонема арақатынасы, қазіргі айтылым және жазылым нормалары туралы кең көлемде түсінік берді.

Бұл ретте Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты Гүлфар Мамырбек Мәжитқызы «Жаңа әліпбиді қабылдаудың негізгі артықшылықтары» тақырыбында кең көлемде баяндама жасады.

— Қазіргі күні 2025 жылға дейінгі аралықта латын графикасына кезең-кезеңімен өту барысында бірқатар жұмыстар жүріп жатыр. Осы орайда негізгі тіл мамандары халыққа жаңа әліпбидегі әріптерді үйретулері керек. Бүгінде осы бағытта шаралар қолға алынуда. Бұл жұмыстар биылғы наурыз айынан басталды,- деп атап өткен Гүлфар Мәжитқызы латын әліпбиі жайында кең түсінік берді. Осы орайда қазақ тіліне тән дыбыстарды таңбалау, жаңа әліпби, емле ережелерін әзірлеуде А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының ғалымдары тындырымды жұмыс жүргізгенін айтып өтті. Сондай-ақ жаңа емле жобасын халыққа түсіндіріп, насихаттау мақсатында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» орталығы жұмыс жасауда.

— Біз бүгінде кирилл саналы халық пен латын саналы жас ұрпақтың өтпелі кезеңінде тұрмыз. Бізде 1957 жылы соңғы рет емле ережелері бекітілген болатын. Ал орфографиялық ережелер мен қағидалар тек мақұлданып қана келе жатыр. Өткен 2018 жылдың 6-шы желтоқсанында жаңа емле жобасы мақұлданды. Алайда бекітілген жоқ. Осы орайда емле жобалары бекітілмесе, оны халыққа не үшін оқыту керек деген пікірлер туындайды. Бұл дәрістің мақсаты — таза тіл мамандарына емле жобасын таныстырып, оның ішіндегі алдағы уақытта жөндеуді қажет ететін пункттерді ортақ талқылауға салу, — деп түсінік беріп өтті Гүлфар Мәжитқызы.

Ғылыми хатшының айтуынша, жаңа әліпбиді қабылдау бір таңбаларды екінші таңбалармен ауыстыруды ғана емес, ол бұрынғы әліпбилерде жіберілген емлеге қатысты жаңсақ жазуды дұрыстауды да қажет етеді. Осы реттен келгенде, әліпби жасау және оны енгізумен бірге, жаңа жазу ережелері де қабылдануы тиіс.

Баяндамашының сөзіне сүйенсек, қазақ әліпбиінің латын графикасындағы нұсқасын дайындау барысында әртүрлі сала мамандарынан, мекемелерден көптеген  ұсыныстар түсіпті. Сол себептен де мемлекеттік тілдің бірыңғай стандарттағы әліпбиінің нұсқасын таңдауда ең алдымен ғылыми принциптер негізге алыныпты. Соның нәтижесінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне, жалпы, әліпби түзудің теориясы мен практикасына құрылған нұсқа таңдалып алынған. Алайда жаңа әліпби мен емле ережесі әлі де жөнделеді, қырналады. Сондықтан тіл саласы мамандарының пікір-ұсынысы қажет.

Аталмыш орталық латын әліпбиіне көшуге байланысты танымдық сипатта бірнеше бейнероликтер әзірлепті. Семинар-тренинг барысында қатысушылар назарына латын негіздегі қазақ әліпбиі қосымшаларын жүктеу, танымдық порталдармен жұмыс жүргізу, т.б. мәселелер бойынша бейнероликтер ұсынылды.

Екі күндік семинар-тренинг беташарында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының әдістеме басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Аташбекқызы жаңа емледегі өзгерістер жөнінде мағлұмат берді.

— Тілтанымдық реформаның ішкі мазмұнына мән берсек, бірқатар мәселелерге тоқталуға болады. Мысалы, біртұтас ұлт болу үшін бұқаралық сананы өзгерту қажеттілігі туындайды. Қазіргі күні біз Кирилл әліпбиін қолданып жүрміз. Оның ішінде біздің тілдің дыбыстық сипатына сәйкес келмейтін 8 таңба бар. Шет тілінен енген сөздердің барлығы орыс тілінің орфографиясымен жазылып жүр. Жанама тіл арқылы біз оларды сол күйінде көшіріп алып жүрміз. Алайда сөздерді тіл әуезділігіне қарай икемдеп қабылдаған дұрыс,- деп атап өткен Айнұр Аташбекқызы осынау орайда латын әліпбиінің бодан санадан арылуға қосар зор үлесіне тоқталып өтті.

Жалпы, ғалымның сөзіне сүйенсек, кеңестік жүйе қалыптастырған теріс стереотиптен арылып, бостан санаға жетуде латын әліпбиі көмек бермек. Бұл — ұлттық сананы қалыптастырудың алғышарты. Латын графикасы осындай кемшіліктерден арылтады. Жаңа жазудың басты артықшылығы осы.

Дәріс-семинарда Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» орталығы мамандары латын графикасына көшудің стратегиясы, жаңа жазудың лингвистикалық, әлеуметтік және саяси қырларына егжей-тегжей тоқталып, ұлттық сананы қалыптастырудағы жазудың қызметі жайында құнды пікірлерді ортаға салды.

Аталмыш дәрісте тыңдаушылар өзіндік сауалдары мен пікірлерін ортаға сала отырып, латын әліпбиі бойынша білімдерін жетілдірді. Екі күнге созылған семинар-дәрістің қорытындысында барлық қатысушыларға, соның ішінде оқу-әдістемелік орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, тіл мамандары мен мекемелер қызметкерлеріне арнайы тренерлік сертификат табысталды.

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру қолға алынғаннан бері Шығыс Қазақстан облысында да ақпараттық-түсіндіру жұмыстары кең көлемде жүргізіліп келеді. Бүгінде қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстарын тиімді түрде үйлестіру тіл саласы қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Латын әліпбиіне көшуді жүзеге асыру шараларының көш басында республикамыз бойынша Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл — қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы тұрса, біздің аймағымызда ШҚО Тілдерді дамыту басқармасы жетекшілік етуде.

Қ.Жолымбет «Семей таңы»

{jcomments off}

 

Связанные новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Появление партии Adilet отражает изменение электоральных и идеологических парадигм в стране. На этом фоне партия Amanat, сохраняющая статус правящей до...

Читать далее ...

Перераспределение ролей в новой политической системе

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

В условиях трансформации политической модели и появления новых институциональных элементов, включая должность вице-президента, происходит функциональная перестройка системы государственного управления. В...

Читать далее ...

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

А.Дадебай рассматривается как одно из доверенных лиц Главы государства, что придает его назначению дополнительный политический вес. В этом контексте формирование...

Читать далее ...

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Принятие Новой Конституции обозначает завершение этапа политического транзита и окончательное закрепление отхода от прежней модели общественно-политического устройства. В этой связи...

Читать далее ...

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Назначение А.Дадебая председателем партии выстроено в логике институциональной преемственности реформ. С учетом того, что инициатива конституционных преобразований исходила от Главы...

Читать далее ...

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Создание партии Adilet логически вытекает из институциональных изменений, связанных с принятием Новой Конституции. Ядром новой политической силы выступают члены Конституционной...

Читать далее ...

Новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

2 дня назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

2 дня назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

2 дня назад

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

2 дня назад

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

2 дня назад

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

2 дня назад

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

3 дня назад

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

3 дня назад

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

3 дня назад

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС