Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА 50 ПӘТЕР БЕРІЛЕДІ

28.05.2019
FacebookWhatsappTelegram

Қазақстанда, әсіресе Семейде тұрғын үй – өзекті мәселелердің бірі. Семейдің өзінде мыңдаған адам тұрғын үй кезегінде тұр. Ұзақ жылдар бойы жалдамалы пәтерді мекен еткен тұрғындар кездесу барысында шаһар басшысынан тұрғын үй кезегінің неге соншалықты баяу жүріп жатқанын сұрап, ондаған жылдар бойы пәтерге қол жеткізе алмай жүргендерін айтты.

— Семейде үлкен көлемде тұрғын үй салынған емес. Иә, біраз үй салынды, бірақ олардың саны өте аз. Сонымен қатар жыл сайын Семейге ауылдық жерлерден тұрғындар көшіп келеді. Сондықтан кезек өте баяу қозғалуда және кезекте тұрған адамдардың саны он мыңнан асады, — деді қала басшысы Ермак Сәлімов.

Семейдегі тұрғын үй мәселесі бойынша проблемалар жетерлік. Бірақ соңғы жылдары жағдайдың оңала бастағаны рас. Өткен жылдармен салыстырғанда Семейде тұрғын үй құрылысының көлемі айтарлықтай артты. Егер төрт жыл бұрын қаланың бюджеті 7 миллиард теңгеден аспаса, бүгінде бұл көрсеткіш 74 миллиард теңгені құрап отыр. Қала әкімі бұл өзгерістер туралы жұртшылықпен кездесуінде түсіндіріп айтты.

— Семейде Қарағайлы ықшам ауданы бой көтеруде. Аталмыш ауданда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Осы үйлер есебінен бірінші кезекте әлеуметтік аз қамтылған азаматтардың тұрғын үй мәселелері шешіледі. Пәтерлердің 20% -ы жетім балаларға берілетін болады. 11 үйдің пәтерлері «Жалдамалы тұрғын үй» бағдарламасы бойынша сатып алу құқығынсыз беріледі, ал құны өте төмен. Бір шаршы метрі 80-100 теңге аралығында. Бүгінде Мемлекет басшысы жалдамалы тұрғын үй салуды нақтылады және осы бағытта қаражат бөлінді. Жоспарланған 30 тұрғын үйдің 25-і биылғы жылы, 5 –еуі келесі жылы пайдалануға берілетін болады. 2020 жылға қарай біз осы бағдарлама аясында 33 үй салуымыз керек. Аймақ басшысы Даниал Ахметов Семейге ерекше назар аударып отыр. Сондықтан биылғы жылы жаңа реформалар күтудеміз,- деді Ермак Бидахметұлы.

Кездесу барысында осы айдың соңына дейін көпбалалы отбасыларға кемінде 50 пәтер берілетіні айтылды. Ал қазан айына таман екі тұрғын үйді жалға беру жоспарланып отыр. Жетім балаларға, сондай-ақ әлеуметтік осал топтарға басымдық беріледі. Қалған пәтерлер толық емес отбасыларға, 1-2-топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, созылмалы аурулармен ауыратын адамдарға және басқа да топтағы отбасыларға қарастырылмақ.

— Жетім балалар мен көпбалалы отбасыларды қоспағанда, халықтың барлық әлеуметтік осал топтары тұрғын үймен қамтамасыз ету кезегінде тұр. Санаттар бойынша тұрғын үйлер теңдей бөлініп беріледі. Биылғы жылы қанша тұрғын үй салынатыны кезекте тұрған отбасылардың құрамына байланысты, — деп түсіндірді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясының бас маманы Кристина Гаджиева.

Жалпы алғанда, бүгінгі күні Семей қаласының жергілікті атқарушы органдарының тізімінде 10544 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның 5106-сы — бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері. Мемлекеттік қызметкерлерді тұрғын үймен қамту «7-20-25» немесе «Бақытты отбасы» сияқты ипотекалық несие беру бағдарламалары арқылы жүзеге асырылуда.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

3 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

4 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

4 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

6 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

6 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

6 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

7 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС