Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӘЛЕМДІК ТҰРАҚТЫЛЫҚ ҮШІН

31.05.2019
FacebookWhatsappTelegram

21-28 мамыр аралығында Шәкәрім университетінде «Дидактикалық көпір: Еуропа — Азия» атты ІІІ Халықаралық білім форумы өтті. Форумның ұйымдастырушылары – Шәкәрім университеті, Лешно қаласының Ян Амос Коменский атындағы мемлекеттік жоғары кәсіптік білім беру мектебі (Польша), Кьюнгдонг университеті (Оңтүстік Корея), Шэньчжэнь университеті (Қытай), Дүниежүзілік Ислам ғылым академиясы (Иордания), Экономика және менеджмент бойынша швейцариялық қолданбалы ғылымдар мектебі (Швейцария).

Форумға Ислам ғылым академиясының бас директоры, профессор Мониф Зоби (Иордания), Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов, шетелдік  жоғары оқу орындары-ның басшылары – Кьюнгдонг университетінің президенті (Оңтүстік Корея), профессор Джон Ли, Шэньчжэнь университетінің вице-президенті (ҚХР), профессор Тао Итао, Лешно қаласының Ян Амос Коменский атындағы мемлекеттік жоғары кәсіптік білім беру мектебінің ректоры (Польша), профессор Мачей Пьетшак, экономика бойынша швейцариялық қолданбалы білім беру жоғары мектебінің ректоры, профессор Доминик Джордан, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы қатысты.

Форум барысында спикерлер университеттердің әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу, инновациялық қызметті ынталандыру, білім және ғылым арқылы мәдениетаралық диалогті дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастырудағы тәжірибелерімен бөлісті.

Білім форумы аясында «Бір жол, бір белдеу» бағдарламасының негізгі қағидаттары таныстырылды. Болашақта бұл бағдарламаның басымдықтарын жүзеге асыратын орталық филиалдары Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында ашылмақ. Бағдарлама бүкіл әлемнің бір бағытта дамуын, экономикалық тұрғыдан әріптестік бірлікте болуын, сондай-ақ ұлттық кодтың қалыптасуын көздейді. Мұнымен қатар идеологиялық тұрғыдан ұлтаралық жеккөрушілікті ұлтаралық сыйластыққа, бақталастықты бәсекелестікке, араздықты достыққа айналдыруды ұсынады.

Форумның ашылуында Қытай Халық Республикасы Шэньчжэнь университетінің вице- президенті, профессор Тао Итаоның орыс тіліне аударылған «Развитие особых экономических зон Китая» кітабының тұсауы кесілді. Аталмыш туындыда автор Қытай елінің экономикалық жағдайы мен бүкіл әлемнің экономикалық ахуалын сөз ете келіп, жаһандық экономикалық дағдарыстан шығу жолдарын қарастырады.

Форум 25 мамыр күні Абай музейінде «Абай философиясының өркениетті феномені» атты зиялы қауым өкілдерімен кездесуден басталды. Кездесуді академик Ғарифолла Есім жүргізіп отырды. «Абай өркениет әлемінде» тақырыбында Ғарифолла Есім, «Хакім Абай және Алаш алыптары: еркіндік пәлсапасы» тақырыбында Алаштану ғылыми-зерттеу орталығының директоры Шаңбай Тұрдығұл, «Ұлы ақын мұрасы және Абай музейі» тақырыбында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі директорының ғылыми-жұмыстар жөніндегі орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева баяндама оқыды.

— Өткен жылы университет ректоры Мейір Ескендіровтің бастамасымен дидактикалық көпір өткен болатын. Оған 5 мемлекеттің ғалымдары келіп қатысты. Биыл да сол үрдіс жалғасып, ауқымы кеңейіп отыр. Халықаралық білім форумы аясында бүгін Семей қаласындағы киелі қара шаңырақтың бірі Абай музейінде «Абай философиясының өркениетті феномені» тақырыбында басқосу өтуде. Абай философ па, философ емес пе деп дауласқандар болған. Шын мәнінде, Абайды философ деп қарайтын болсақ, трактат жазған, ғылыми еңбек қалдырған философияның адамы болуы керек еді. Бірақ Абайдың шығармаларында, әрбір өлеңінде, қара сөздерінде, поэмаларында сығымдалған жинақы ой бар. Ол ой қазақтың төңірегінен асып, әлемдік өркениетке қарай қарыштап көтеріліп кеткен. Сол ойларды теріп алып, өркениеттің маржандарымен салыстырып, сонымен бірге тоғыстыру – ұрпақтың, зерттеушілердің міндеті. Бүгінгі басқосудың мақсаты да осы деп ойлаймын, — дейді профессор Арап Еспенбетов.

Форумның келесі күні Шәкәрім университетінің жаңа білім беру бағдарламасының тұсаукесері өтіп, білім беру бағдарламаларының ұтқырлығының шетелдік тәжірибелері, жұмыс берушілердің сұранысы бойынша жаңа бағдарламаларды енгізу мәселелері зерделенді. Қазақстандық және шетелдік ғалымдар арасындағы пәнаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды.

Форум барысында пленарлық сессия, «Педагогикалық старт – 2019» жас педагогтердің жыл сайынғы аймақтық форумы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Акме» халықаралық ағартушылық клубының отырысы, өңір мектептерінің, колледждердің және ЖОО түлектері үшін «Жастар — жаңа биіктерге» фестивалі, сондай-ақ Семей қаласының жастары үшін бизнес-тренингтер, ғылыми семинарлар өтіп, білім беру платформаларының жұмысы көрсетілді.

«Көшбасшы феномені» атты панельдік дәрісте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рақымжанов сөз сөйледі.

Форум қорытындысында Шәкәрім университеті, Ислам ғылым академиясы және Шэньчжень университеті арасында білім беру және ғылыми ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Шэньжэнь университеті мен Шәкәрім университетінің бірлескен шешімімен халықаралық көзқарас пен инновацияны және достық қарым-қатынасты дамыту мақсатында елімізде алғаш рет Шәкәрім университетінде «Бір жол, бір белдеу» ғылыми-зерттеу институтының өкілдігі ашылатын болады.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

3 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

4 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

4 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

5 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

6 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

6 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

7 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС