Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТЕРІ ОБЫРЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ

04.06.2019
FacebookWhatsappTelegram

17 — 27 мамыр аралығында Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығында және емханаларында меланома және тері обыры туралы хабардарлық жөніндегі онкүндік өтті. Онкүндіктің қорытындысы туралы Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Баспасөз конференциясына орталықтың күндізгі стационар меңгерушісі Наталья Карнакова, емдеу жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары Қуантқан Жабағин, сандық жүйеге көшіру және мониторинг қызметінің жетекшісі Нұргүл Жұмықбаева қатысты.

Орталық мамандарының мәліметінше, Семей қаласында таралған обыр ауруларының ішінде тері обыры сүт безі обырынан кейін екінші, ал республика көлемінде Шығыс Қазақстан облысы бірінші орында тұр. Дер кезінде мамандар көмегіне жүгінбегендіктен, қаламызда жылына онға жуық адам осы ауру түрінен көз жұмады екен.

Дәрігер Наталья Карнакованың айтуынша, әр адам дене терісінің жай-күйіне көңіл аударып отырса, бұл ауру түрін ерте анықтау қиын емес көрінеді.

— Меланома қан тамыры арқылы тарайды. Меланома мен тері обыры аурулары бойынша ШҚО еліміздің басқа өңірлері арасында көш бастап тұр, — дейді Наталья Карнакова. — Көбі бұл тек тері обыры деп ойлайды. Меланома шырышты қабықта, ауыз қуысы мен қынапта да болуы мүмкін. Соңғы кезде тырнақ астындағы мелонамалар көбейіп кетті. Бұған әйелдердің маникюр, педикюр жасағанда пайдаланатын препараттары да әсер етуі мүмкін. Тұрғындарды сақ болуға шақырамыз. Күн астында көп жүру, күнге күю аурудың пайда болуына әсер етеді. Сондықтан ыстық күн астында ұзақ уақыт болмауға, күнге қарсы жақпамайлар пайдалануға кеңес береміз,- дейді Н.Карнакова.

Меланома және тері обыры туралы хабардарлық жөніндегі онкүндік Семей медицина университетінің клиникалық және радиациялық онкология және тері аурулары кафедрасымен бірлесе өткізілген. Нәтижесінде Семей өңірінің 732 тұрғыны дәрігер онкологтерге алдын ала жазылмай-ақ тегін кеңестер алған. Онкүндік аясында өңірдің 13 медициналық мекемесінде қабылдау жүргізілген. Бір күн ішінде тері обыры мен меланомаға 18 күдікті жағдай, 114 обыралды аурулары және 251 басқа аурулар анықталған. Ісіктері бар пациенттер қосымша тексерілуге жіберілген.

— Біздің басты мақсатымыз – обырды ерте кезеңінде анықтау. Бұл жағдайда ауруды емдеуге болады. Семейлік тұрғындарды сақ болуға, денсаулыққа мән беруге, денсаулығына қатысты мәселе туындаған жағдайда емханаға келіп дәрігер кеңесін алуға шақырамыз. Тері обыры ауруы аса қауіпті болмаса да, маман көмегіне уақтылы жүгінбегендіктен, жылына онға жуық адам көз жұматыны анықталып отыр. Обыр ауруларын анықтауда емханалардағы тексерулер маңызды,- дейді Н.Жұмықбаева.

2019 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Семей өңірінде 60-қа жуық адамда аталмыш диагноз анықталған.

Жадыра Төлегенқызы, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

3 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

4 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

4 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

5 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

5 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

5 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

6 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС