Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛАДЫ

21.06.2019
FacebookWhatsappTelegram

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда төрінде өткен салтанатты ант беру рәсімі кезінде жасаған баяндамасында жақын аралықта елімізде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылатынын хабарлаған болатын. Аталмыш бастама қоғамда үлкен серпіліс тудырып, сан алуын пікір-пайым қалыптастыруда.

Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде аталмыш бастаманың қоғамның прогрессивті жолмен дамуындағы қосар үлесі және демократиялық құндылықтарды нығайтудағы берер тиімділігі жайында кеңінен сөз өрбіте келіп: «Біздің адамдарды билік пен қоғам диалогінің дамуы қатты алаңдатады. Мұндай диалог пікір плюрализмін, түрлі пікірлерді мойындаудан құрылады, бірақ бірыңғай ұлт — басты бағдар.  Сондықтан мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құруды шештім. Кеңеске, жастарды қоса алғанда, бүкіл қоғамның өкілдері кіреді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірінші кеңесі осы жылдың тамыз айында өтеді», — деп атап өткен болатын.

Сонымен қатар мемлекет басшысы биліктің халық алдындағы өз уәделерін орындауға міндетті екенін атап өтті. Бұл оның басты миссиясы.

«Тек осылай ғана ұлт бірлігін, елдегі тұрақтылықты нығайтуға болады. Сондықтан менің сайлауалды тұғырнамамды іске асырудың пәндік жоспары әзірленетін болады. Үздік идеялар мен ұсыныстар осы құжатта көрініс табады», — деді ҚР Президенті.

Ұлттық кеңестің құрамына еліміздегі барлық қоғамдық бірлестік өкілдері мен жастар енеді. Сонымен қатар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы осы жылдың тамыз айында өтеді деп жоспарлануда. Ал әзірге қоғам талқысына салынып жатыр.

Жалпы, Ұлттық кеңестің жұмысын үйлестіру мәселесі бойынша азаматтық қоғам өкілдерімен кеңесу қаулыға қол қойылғаннан-ақ басталып кетті. Қазіргі күндері қоғамның әртүрлі сегменттеріндегі қайраткерлермен, азаматтық белсенділермен кездесулер өтіп жатыр. Түрлі мәселелер көтеріліп, Ұлттық кеңестің жұмыс форматы мен құрамына қатысты көптеген ұсыныстар айтылуда. Қазірдің өзінде құрылып жатқан Ұлттық кеңестің жұмысына қоғам қайраткерлері мен белсенділері үлкен қызығушылық танытып отырғанын байқауға болады. Олар белсенді түрде пікір білдіріп, диалог алаңының күн тәртібіне қатысты ойларын ортаға салып жатыр. Ал өз кезегінде осынау жаңашыл бастама туралы толғамды пікірлер, барлық ұсыныстар сараланып, талданатын болады.

Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылатын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне қатысты «ҚазАқпарат» тілшісіне пікір білдірді.

«Жалпы, бұл кеңеске жүктелетін міндеттердің іске асуы бірқатар қадамдарға байланысты. Ең алдымен, Кеңес ережесін дұрыс бекітіп, содан кейін, оның құрамының ауқымды болуы, яғни қоғамның әрбір саласында жүрген әр күштердің атынан шыққан азаматтардың басын қоса білу маңызды. Сол Кеңеске қоғамға сөзі өтетін азаматтардың көптеп еніп, олар бір-біріне құрметпен қарай отырып, тиісті шешімдерді шығаруға қауқарлы болуы керек. Жұмыстың табысты болуы көбіне осыған байланысты», — деді саясаттанушы.

Оның айтуынша, кеңес құрамына енген мүшелер қоғамдағы ең өзекті мәселелерге назар аударып, дер кезінде талқылай білуі шарт.

«Екіншіден, Кеңес өзекті әрі негізгі мәселелерді ортаға салып, сол бойынша тиісті құжаттардың нұсқасын, жобасын шығара алатын ұйым болуы қажет деп есептей аламын. Сайлау, БАҚ, митингтер туралы, сондай-ақ саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер жөніндегі заңнаманың қайта қаралуын көптен бері айтып жүргендер бар. Егер осылардың негізгі тұжырымдамасын, негізгі идеясын бекітіп, соны заңгерлерге табыстап, дұрыс нұсқаларын жасап, оны Парламентке енгізсе, онда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өзіне жүктелген міндетті орындай алады деген пікірдемін»,- деді Айдос Сарым.

Саясаттанушының пайымынша, сайлау науқанының аяқталуына байланысты негізгі эмоциялар тарағаннан кейін, қоғаммен сөйлесу, қоғамдық-саяси күштермен ақылдасу, кеңесу жұмыстары жүргізілуі керек. Сосын Президент бастамасымен құрылғалы отырған кеңеске көптеген білікті әрі елге танымал азаматтардың келуін қамтамасыз еткен жөн.

Әзірлеген Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

3 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

4 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

4 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

5 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

5 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

5 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

6 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС