Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ПАРАСАТТЫЛЫҚ ИДЕОЛОГИЯСЫНА НЕГІЗДЕЛЕДІ

21.06.2019
FacebookWhatsappTelegram

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін құру туралы шешім қабылдады. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың басым бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді іске асырудың бастауы екендігін куәландырады.

Институционалдық өзгерістерге қара-мастан, парасаттылық идеологиясына негізделген жұмыстың жаңа форматы біз үшін басым болып қалуда.

Алайда, сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар шенеуніктерді ұстау ешкімнің көңіліне жаға қоймайтынын жақсы түсінсек те, жұмысымызды әлсіретуге ниетті емеспіз.

Өзімнің жаңа саладағы алғашқы жазбамда мемлекеттік аппараттағы келеңсіз құбылыстардың бірі — ел ішіндегі іссапарлар барысындағы қызметшілердің теріс қылықтары және отырыс, алым-салық, дастарқан жаю және тарту жасау қоса жүретін төмен құрылымдарды жаппай тексерулерге назар аудартқым келеді.

Бұл проблеманың өткірлігіне әсіресе облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің көптеген шағымдары дәлел бола алады. Және қоғамға белгілі болған мұндай мысалдар жеткілікті.

Аталған теріс тәжірибе өткеннің сарқыншағы бола тұра, адамдардың санасында терең тамыр жайған және отандық мемлекеттік қызметтің ұйымдастыру мәдениетін сипаттайтын норма сияқты қабылданады. Сонымен қатар біз стандарттарына бой түзейтін ЭЫДҰ елдерінде мұндай мәселе жоқ, ешкім ешкімді қабылдамайды, ал тексерулер қашықтықтан бақылау есебінен жүзеге асырылады.

Түсінікті болу үшін атап өткім келеді, әрбір іссапар үшін тексерушілерге логистика, тұру және тамақтану шығындарын жабатын жеткілікті қаражат бөлінеді.

Алайда тексерушілер өңірлерге жол жүргенде, бөлінген қаражаттан бір тиынды да жұмсамауға айла табады. Жақсы қонақ үй, күнделікті түскі ас және соңы мас күйіндегі төбелестерге дейін баратын ең жақсы мейрамханалардағы тұздалған қиярмен кешкі ас, бар қымбат сыйлықтар, монша және аң аулау – осының барлығы тексерілетін әріптестерінің жеке ақшасының есебінен. Бақылаушылардың тәбетін білетін жергілікті басшылар басшылықты «өз деңгейінде» қарсы алу үшін көмек сұрап бизнесмендерге жүгінеді. Мұндай көмек ешқашан тегін болмайды, әрі қарай шенеунік тарапынан ерекше қамқорлыққа ие болады. Мұның бәрі қалай аяқталатындығын еске салудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

Әсіресе аумақтық мемлекеттік органдар елорда және облыстық орталықтан келген қонақтар үшін қызықты әрі ерекше демалыс ұйымдастыру арқылы осы «институтты» әдеттегідей қабылдап, тіпті қолдап отырғаны қатты қынжылтады. Әдетте, бұл министрге немесе облыс әкіміне оң есеп беру үшін, сондай-ақ жұмыстағы өрескел бұзушылықтарды бүркемелеу үшін жасалады.

Бұл ретте осындай әрекеттерін ақтау үшін, ұлттық дәстүрге, басшылыққа деген құрмет деп көрсетуге тырысатын адамдардың бар екені таңғалдырады.

Менің ұстанымым біреу — кәсіби және инновациялық мемлекеттік аппаратқа бұл мүлдем жат құбылыс. Бұл тәжірибе мемлекеттік қызметтің негіз қалаушы қағидаларының беделін түсіреді және құнсыздандырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қарқынын жылдамдатады. Осыған байланысты өңірлік іссапарларға, түрлі конференциялар мен семинарларға шығатын барлық мемлекеттік қызметшілерге, құқық қорғау және сот органдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұлттық компаниялардың басшыларына айтарым: жоғарыда айтылған барлық тәжірибе жұмыстан босатудан бастап бас бостандығынан айырудың нақты мерзіміне дейін қатаң санкциялар көзделген өрескел бұзушылық болып табылады. Сол сияқты бұл қабылдаушы тарапқа да қатысты.

Агенттік бұл мәселені жүйелі бақылауға алды. Жекелеген өңірлерде нәтижелер бар – кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылуда. Сонымен қатар бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында біз Үкіметке қашықтықтан мониторингке көшу мен көшпелі тексерулерді оңтайландыру жөнінде ұсыныстар енгіземіз.

Бұл жұмысты сапалы жүзеге асыруда азаматтық қоғам институттары маңызды рөл атқарады. Барлық қоғам белсенділері мен ел өміріне немқұрайлы қарамайтын азаматтарды осындай фактілерге мұқият назар аудара отырып, бізді кез келген ыңғайлы тәсілмен: менің поштама жазбаша түрде жүгіну alik.shpekbaev@gmail.com, әлеуметтік желілерде хабарлау немесе Агенттіктің 1424 колл-орталығына қоңырау шалып, хабардар етуге шақырамын.

Алик ШПЕКБАЕВ,

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

3 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

3 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

4 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

5 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

5 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

5 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

6 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС