Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҰБТ – 2019: ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БАР?

21.06.2019
FacebookWhatsappTelegram

Елімізде 20 маусым мен 5 шілде аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеу өтуде. Биылғы ҰБТ жүйесінде қандай өзгерістер бар? Бұл туралы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті жанындағы ҰБТ өткізу пункті жетекшісі Болатбек Көжебаев айтып берді.

Болатбек Көжебаевтың айтуынша, биылдан бастап мектеп түлектері ұлттық бірыңғай тестілеуді төрт рет тапсыра алады: қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында. Бұл түлектердің жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігін жоғарылатпақ. Соның ішінде негізгісі — маусым айындағы емтихан. Ал өзге үш емтихан ақылы түрде оқитындарға арналған. Биылғы ҰБТ-дағы тағы бір ерекшелік — IELTS, TOEFL сертификатын алған түлектер ағылшын тілінен емтихан тапсырудан босатылып, автоматты түрде 40 балды еншілейді.

 

Сонымен қатар колледж студенттері өз мамандықтары бойынша білімін жоғары оқу орнында жалғастырғысы келсе, әңгімелесуден ғана өтеді. Яғни кешенді тест тапсырудан босатылады.

Колледж студенттері мен өткен жылы мектеп бітірген түлектерге арналған кешенді тестілеу ҰБТ тапсырушылармен қатар өтеді.

— ҰБТ тапсырушылардың 5 легі бар. Биылғы мектеп түлектері үш лекте, кешенді тестілеуден өтушілер екі лекте тест тапсырады. Ал тест форматы өткен жылдағыдай.

Биылғы ҰБТ–дағы тағы бір жаңашылдық – білім беру бағыттарының классификаторы енгізілді. Түлектер оқу орнына түсерде өтініш берерде, білім беру бағдарламаларына сәйкес білім беру топтарын таңдайтын болады. Яғни, әр топта бір немесе бірнеше мамандық иелері оқиды. Осыған дейін мамандықтардың нақты тізімі бойынша грант бөлініп келсе, енді гранттар нақты мамандықтарға емес, білім беру бағдарламасына бөлінеді.

— Семейде ҰБТ 22 маусымда басталады. Ал апелляцияға өтініш ҰБТ тапсырған күннің ертеңінде қабылданады. Шәкәрім университетінде ҰБТ 22, 24, 26 маусым, апелляцияға өтініш қабылдау 23, 25, 27 маусым күндері өтсе, кешенді тестілеу 29-30 маусым аралығында. ҚазИГЗУ-де тестілеу 24, 26 маусым күндері, апелляцияға өтініш қабылдау 25, 27 маусым күндері жүргізіледі,- дейді Б.Көжебаев.

— Апелляцияға өтініш қабылдау тест тапсырмасының мазмұнына және техникалық себептерге байланысты жүзеге асады. Тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаса, бір немесе бірнеше дұрыс жауап берілсе, сондай-ақ белгілеген жауапты сканер есептемеген жағдайда ғана тапсырушы апелляцияға өтініш бере алады,- дейді Б.Көжебаев.

ҰБТ өткізу пунктінің жетекшісі Болатбек Көжебаевтың айтуынша, тест тапсырушылар қатаң бақылауда болады. Әр кабинетке бейнекамералар, ұялы телефон байланысын, 3G және 4 G интернет байланысын сөндіргіш құрылғылар қойылады. Медициналық пункт пен дәліз де бақыланады. Әр оқушы ғимаратқа кірерде мемлекеттік комиссия тарапынан металл іздеуші құралдармен тексеріледі. Гаджет, смартфон, калькулятор қолдануға тыйым салынған. Егер бұл талаптарды орындамай, тест тапсырмаларын суретке түсірген жағдайда, тест нәтижесі жойылады.

Айта кетейік, биыл ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін шекті балл 70, ауыл шаруашылығы мамандықтарына 60, медицина мамандықтарына 65, өзге жоғары оқу орындары үшін 50 балл болып белгіленген. Медицина, педагогика мамандықтары бойынша білім алу үшін психологиялық тест тапсыру міндетті. «Алтын белгінің» бір ғана артықшылығы бар: егер екі талапкер тест қорытындысы бойынша бірдей ұпай жинаса, онда мемлекеттік грант «Алтын белгі» иегеріне беріледі.

Қаламызда биыл 1696 бала 11 сыныпты бітірді. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша 58 түлек «Алтын белгі», 55 мектеп бітіруші үздік аттестат иегері болды.

Жыл сайын мемлекетіміз бюджеттен ҰБТ нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалатын білім беру гранттарын бөледі. Сонымен қатар облыс әкімі мен қала әкімінің де гранттары берілетін болады.

Айтолқын САМАТОВА, «Семей таңы» {jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

3 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

3 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

4 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

5 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

5 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

5 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

6 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС