Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҒАСЫР ҚАСІРЕТІН АРҚАУ ЕТКЕН КІТАП

25.06.2019
FacebookWhatsappTelegram

Халқымыздың рухани қазынасы тағы бір энциклопедиялық деңгейдегі аса құнды туындымен толықты. Алматыдағы «Қазығұрт» баспасынан қауымға танымал жазушы-драматург, жерлесіміз, қоғам қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Медеу Сәрсекенің «Семей қасіреті» атты деректі тарихи хикаяты мемлекеттік тапсырыс аясында 5 мың дана таралыммен жарық көрді.

Бұл жолғы кітаптың салмағы мен мәні бөлек. Тың деректер, соны мазмұнмен байытылған, орыс, ағылшын тілдеріне аударылған осы автордың туындыларын қоса алғанда, бесінші мәрте жарық көрген аталмыш басылым ғасыр қасіретіне айналған Семей ядролық сынағы тақырыбын тереңнен сөз етеді.

Расында, Семей полигонының зардабын сол топырақта туып, шерлі оқиғаларға куә болып өскендер тереңірек сезінеді. Медеу Сәрсеке атом бомбасының сынақтары өткен Абыралы өңірінің перзенті болғандықтан, бұл тақырыпқа кездейсоқ келмеген. Алғаш рет небары 17 жасында 1953 жылы жер үстінде сыналған сутегі бомбасының жарылысын көрген. Кейіннен Қазақ кен-металлургия институтын тамамдап, жазушы атанған кезде «От және атом» деп аталған деректі шығарма жазған. Яғни, ғасыр апатының куәгері ғана емес, аталмыш тақырыпты жіліктеп талдай алатын ілім иесі. Сол себептен де атом бомбасының қалай пайда болғанынан бастап қазақ даласына, Дегелең алқабына қалай жеткізілгеніне дейін нақты деректер мен тарихи оқиғаларды байланыстыра отырып шебер суреттейді. Кітаптың бір тартымдылығы сонда, полигондағы жарылысты дайындаушылардың қызметі, алған әсерлері туралы олардың өз естеліктеріне де орын берілген.

Анығында, «Семей қасіреті» — автордың көп жылғы зерттеуінің нәтижесі. Алғаш рет полигон зардабынан болған кеселдің кесірінен автордың өзі де операция үстелінен аман шыққанда болашақ туындысының жобасын, мазмұн өрісін ойша түзе бастаған.

— Қолымда ұзақ жылдар бойы тірнектеп жинаған аса мол әрі өте құнды материалдар, ғылыми әдебиеттер болды. Оның үстіне жарылыстардың қоршаған ортаға әсері туралы деректер мен естеліктерді өзім куә болған жайттармен сабақтастыру қиын болған жоқ. Дегенмен академик Андрей Сахаровтың «Естеліктер» және «Ядерные испытания СССР» атты атом министрлігі жариялаған ғылыми еңбегі маған үлкен демеу ғана емес, негізгі нұсқа, — дейді автор.

Осынау туындыны дәл Медеу Сәрсекеге жазбасқа болмайтын тағы бір жайт бар: ол — 1989 жылдары Кеңес Одағының іргесі сөгіліп, жариялылық үстемдік ала бастаған шақта Семей ядролық полигонын жабу мәселесін алғаш көтерген Семей елінің басшысы Кешірім Бозтаевпен Медеу Сәрсеке ағамыз жоғары оқу орнында танысқан, кейіннен үзеңгілес жүрген ең жақын досы болған. Яғни, Кешірім Бозтайұлының сол кездегі министрлер кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевпен ақылдаса отырып полигонды жабуға тұңғыш қадам жасаған кезін жақсы білген. Демек, ол сол күрестің басында болмаса да барлық жайтты біліп, өзі де соған қатысқан азамат.

«Семей қасіреті» тақырыбымен 2016 жылы жарық көрген 850 беттік алғашқы кітабына облыс әкімі Даниал Ахметов үлкен қолдау білдіріпті. Аталмыш кітапты орыс тіліне аудару туралы да алғаш ұсыныс білдірген Даниал Кенжетайұлы болған. Нәтижесінде, бұл туынды сол жылы Астанадағы «Фолиант» баспасынан жарық көрді.

Ал оқырманға жол тартқан бұл жолғы кітабы — тағы да үшінші мәрте өңделіп, толықтырылған нұсқа. 688 беттен тұратын кітаптың жарық көруіне күні кешегі ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қолдауы себеп болыпты. Айтар жайт — сол басылым  қазірде күллі республика кітапханаларына таратылды.

Аталмыш басылымда да тың материалдар мен айғақ-деректер молынан пайдаланылған. Әсіресе «Адасулар, өтірік және ақиқат» атты тарауда қаламгер Семей полигонына қатысты әр жылдарда айтылған, жарияланған деректерді саралап, сараптап, ақ-қарасын айырып береді. Мәселен, өз заманында қоғам қайраткері атанып, Невада-Семей қозғалысының төралқа мүшесі болған, Қазақ онкология және радиология институтын ұзақ жылдар басқарып, Құрметті директоры атанған Сайым Балмұқановтың «Ядролық полигон менің көзіммен» атты орыс тілінде екі мәрте жарияланған естелік-эссе еңбегіндегі ерекше оғаш қателіктер туралы кеңінен сөз қозғалады. Осылайша, негізсіз әңгімелер аясында ел арасына таралған жаңсақ пікірлерге М.Сәрсеке тойтарыс беріп, нақты ғылыми аксиомаға, ақиқатқа жүгінуге шақырады. Аталмыш тарауда бір жақты пікір орын алмас үшін әйгілі академик Бақия Атшабаровтың «Семей полигоны туралы адасулар» атты кітабынан да тұшымды мысалдар келтірілген.

Сол тәрізді қоғам қайраткері Кешірім Бозтаевтың «Қайнар синдромы» атты кітабындағы С.Балмұқановтың ықпалы бар оқшау да жаңсақ ойлар жайлы да сөз етеді. Атап айтсақ, зиянды сәулелердің адам ағзасына әсері туралы жаңсақ пікірлерге түзетулер енгізеді. Яғни, «Радиация сәулелерінің күшті шоғыры әкесін я шешесін зақымдаса, балалары ғана емес, немере-шөберелері де ауырады, содан ғұмыр бақи жазылу жоқ…» деген тұжырымның негізсіз екенін, нақты деректермен дәлелденбегенін алға тартады. Бұл орайда Медеу Сәрсеке АҚШ ғалымдарының Жапониядағы ұзақ жылғы зерттеулерінің нәтижелерін алға тарта келе, екі атом бомбасының жарылуынан қырық жыл өткен соң Хиросима мен Нагасакиде өмірге келген екінші, үшінші ұрпаққа радиация сәулелерінің әсер етпегенін атап көрсеткен Бақия Атшабаровтың ғылыми дәлелдерін мысал етіп алыпты.

Аталмыш кітапта «Невада — Семей» қозғалысының көш басында тұрған қабырғалы қаламгер Олжас Сүлейменовтің «тажалды тұншықтырудағы» еңбегі, аталмыш қозғалыстың пәрменді күресі жайында ой өрбітеді.Сөйте тұра, оның да кейінгі кезде қисынсыз да оғаш ойларға ұрынғанын ашып көрсеткен.

Ал автордың аталмыш «Семей қасіреті» кітабының тұсаукесер салтанаты өткен апта соңында қаладағы Семей облыстық өлкетану мұражайында болып өтті. Басқосуда филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетов, этнограф-шежіреші Молдабек Жанболатов, қоғам қайраткері, ғалым Зейнолла Тоқаевтар сөз алып, туынды туралы пікір білдірді.

Қорыта айтсақ, он бес тараудан тұратын, радиация зардабын 42 жыл бойы тартқан Семей қасіретін тұтас дәуір қасіретімен ұштастырып, әлемдік масштабта көтерген кітап құнды мағлұматтарға толы. Сондықтан да аталмыш туынды Мемлекеттік сыйлыққа да әбден лайық. Жергілікті зиялы қауым өкілдері де осындай баға берді.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

09.05.2026
В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

В Департаменте государственных доходов по области Абай напомнили жителям региона о правах потребителей при покупке товаров и услуг. Заместитель руководителя...

Читать далее ...

В области Абай усилены меры безопасности на воде

09.05.2026
В области Абай усилены меры безопасности на воде

В регионе в период купального сезона ведётся комплекс профилактических и организационных мероприятий, направленных на предотвращение чрезвычайных ситуаций на водоёмах. Об...

Читать далее ...

В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

09.05.2026
В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

В преддверии Дня Победы аким области Берик Уали связался с ветераном Великой Отечественной войны Григорием Маларовым, который в праздничные дни...

Читать далее ...

В области Абай широко отмечают День Победы

09.05.2026
В области Абай широко отмечают День Победы

9 мая — День Победы — широко отмечается в области Абай. В честь памятной даты в городе Семей организован ряд...

Читать далее ...

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

09.05.2026
Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

Уважаемые соотечественники! От всей души поздравляю вас c Днем Победы! 9 мая мы с искренней признательностью воздаем должное великому подвигу...

Читать далее ...

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Появление партии Adilet отражает изменение электоральных и идеологических парадигм в стране. На этом фоне партия Amanat, сохраняющая статус правящей до...

Читать далее ...

Новости

В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

3 часа назад

В области Абай усилены меры безопасности на воде

3 часа назад

В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

3 часа назад

В области Абай широко отмечают День Победы

4 часа назад

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

4 часа назад

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

2 дня назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

2 дня назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

2 дня назад

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

2 дня назад

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС