Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ӨЗГЕРІСТЕР КӨП

05.07.2019
FacebookWhatsappTelegram

Елбасының Қазақстан 2050 стратегиясында және 5 институционалдық реформаны жүзеге асыруға арналған – 100 нақты қадамда айтылған жоғарғы білім беру бағыттарын дамыту, сонымен қоса ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында елімізде медициналық жоғарғы білім беру саласын модернизациялау қарқынды жүріп жатыр. Атап айтсақ, 2019-2020 оқу жылынан бастап Қазақстандағы алты медициналық жоғарғы оқу орны 6 жылдық оқу бағдарламасына көшеді. Осы жоба аясында Семей медицина университеті Анкара қаласындағы Башкент университетінің профессорларымен бірге жалпы медицина мамандықтарына арналған жаңа оқу бағдарламасын әзірлеуде.

— Біздің университетке жалпы медицина мамандығы бойынша жаңа бағдарламаны даярлау тапсырылған болатын. Анкарадағы Башкент университетімен біріге отырып, жаңа бағдарламаны әзірледік. 2019-2020 оқу жылында қолданысқа енеді. Сонымен қатар С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті фармация саласы, Қарағанды медицина университеті қоғамдық денсаулық сақтау, Астана медицина университеті медбике ісі, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті стоматология салаларында жаңа оқу бағдарламаларын әзірлейді. Жобаны Дүниежүзілік банк қаржыландырады, — дейді Ерсін Тұрсынханұлы.

Тағы бір ерекшелік — биылғы жылдан бастап медицина университетіне тапсырушылар психометриялық тест тапсырады. Бұл талапкердің медицина саласында қызмет етуге психологиялық даярлығын анықтауға мүмкіндік береді.

— Өздеріңің білетіндей медициналық оқу орнында білім алу қиын әрі ұзақ. Сондықтан ҚР Білім және ғылым министрлігінің жаңа бұйрығына сәйкес, биылғы жылдан бастап талапкерлер алдымен психометриялық емтихан тапсырады. Сонымен қатар арнаулы мамандар жетіспеушілігін толтыру, ауылдық жерлердегі кадр жетіспеушілігін жою мәселелеріне де баса көңіл бөлінуде. Осы бағыттарда жұмыс істеп жатырмыз. Жалпы медицина саласына енгізілген бұл өзгерістер біздің түлектердің халықаралық деңгейде жұмыс істеулеріне мүмкіндік береді, — дейді Ерсін Тұрсынханұлы.

Айта кетейік, егер талапкер ҰБТ-дан жеткілікті балл жинап, бірақ психометриялық тесттен өте алмаса, медициналық оқу орнында оқи алмайды. Талапкерлер психометрялық тестті 8-13 шілде аралығында, ақылы негізде оқитындар 15-25 тамыз аралығында компьютер арқылы тапсырады. Тест нәтижесін психолог шығарады. Психометриялық тесттен шетелден келіп білім алушылар ғана босатылған.

Сонымен қатар биыл Семей медицина университеті мен Семей қаласы әкімдігі арасында әріптестік туралы Меморандумға қол қойылған. Осы меморандум аясында аталған оқу орны мен Семей қаласы әкімдігінің бірқатар жұмыстарды бірігіп жүзеге асырмақ.

— Биылғы жылы Семей медицина университетінде жаңалықтар көп. Оқу бағдарламасындағы өзгерістермен қатар Жастар жылы аясында жастар саясаты және сыртқы байланыстар департаменті құрылды. Бұл бағытта университет ұжымымен бірігіп жұмыс істейміз, — дейді Жастар ресурстық орталығының директоры Олжас Соғымбай.

Баспасөз мәжілісі соңында университет ректоры жергілікті БАҚ өкілдерін мерекелерімен құттықтап, алғыс хат тапсырды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, {jcomments off}«Семей таңы»

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

3 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

3 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

4 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

5 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

5 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

5 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

6 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС