Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АЙМАҒЫМЫЗДА ӨТКЕН АЙТУЛЫ АКЦИЯ: 230 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

12.07.2019
FacebookWhatsappTelegram

Тарбағатай

«Құрметті достар, Шығыс Қазақстан көпбалалы және аз қамтылған отбасыларын қолдау бағдарламасын жүзеге асырудамыз. Күні кеше Тарбағатай ауданының 8 көпбалалы анасына баспана кілтін табыс ету құрметіне ие болдым.  Жалпы бұл ауданда 27 жанұяға үй берілді. Бағдарламаның бірінші кезеңіне сәйкес, біз аймақтағы 230 отбасын қамтыдық. Олардың барлығы бұған дейін ауылды жерлерде баспана кезегінде тұрған. Шын жүректен барша аналарға қоныстарыңыз құтты болсын деймін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға игілік тілеймін!» делінген аймақ басшысының жазбасында.

Аталмыш бағдарламаның бірінші кезеңі бойынша, облыс аудандарында бюджеттен тыс қаражат есебінен жағдайы ең төмен деген 230 көпбалалы отбасыға тегін пәтер беру көзделген болатын. Бұл мақсатта облыстық «Парыз» қорынан тиісті қаржы бөлінген-ді. Ал, осынау акция өткізілетін күнге дейін барлық аудандарда облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қоғамдық комиссия құрылып, оған көпбалалы аналар, қоғамдық бірлестік өкілдері тартылған еді. Көп ұзамай алғашқы нәтижелер де айқындалды.

Үржар

Айтулы акция барысында бұл күні Үржар ауданы бойынша 20 отбасы баспаналы болды. Ауданның 8 ауылдық округтерінде, атап айтсақ, Мақаншы, Таскескен, Ақжар, Егінсу, Барқытбел, Науалы, Қарабұлақ, Үржар ауылдарындағы көп балалы аналарға көптен күткен үйлердің кілттері табысталды.

Облыстық «Парыз» қорынан бөлінген 38 млн. 100 мың. теңгеге  жанұялардың тікелей қатысуымен үйлер сатып алынған болатын. Аудан әкімі Серік Зайнулдин Мақаншы ауылында 8 отбасына үйдің кілтін табыс етіп, «Жаңа үйлеріңіз бақытқа, қуаныш пен балалардың сылдырлаған күлкісіне толы болсын» деген ізгі-ниетін білдірді.  Өз кезектерінде аналар да мемлекет басшысына, облыс, аудан әкімдері мен ел азаматтарына ризашылықтарын жеткізді.

Үржар ауданының тұрғыны, 7 баланың анасы Дәметкен Досмұханова жаңа үйдің қонысын шашу шашумен бастаса, Науалы ауылында үш отбасына үйдің кілті табысталып, қана қоймай,  Гаухар Заманбаеваға  «күміс алқа» берілді.

Бұл күні барлық аналардың құжаттары рәсімделді. Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Үржар ауданы бойынша «Жан жылуы – жанұяға» атты акция өткізіліп, көпбалалы отбасыларға 27 баспана әперілген болатын. Ал, осымен Үржар ауданы бойынша 47 отбасы жаңа қонысқа ие болды. Бұл облыстағы ең жоғары көрсеткіш.

Аягөз

Сонымен қатар, кеше, Аягөз аудандық әкімдігінің мәжіліс залында өткен салтанатты жиын барысында аудан әкімі Ділдабек Оразбаев алты ауылдан жиналған 7 көпбалалы анаға, аз қамтылған отбасыларға баспаналарының кілттерін табыс етті.

Осы рәсімге ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртан Сабильянов та қатысып, жергілікті жұртшылыққа, қуанышқа кенеліп отырған аналар қауымына ізгі тілек білдіріп өтті.

Абай

Мұндай қуанышты сәттер дәл осы күні Абай ауданында да орын алды. Өңір басшысы Жарқынбек Байсабыров Қарауыл ауылының үш, Би ата ауылының бір көпбалалы отбасына ендігі аралықтағы өз шаңырақтарының ауласында баспана кілттерін табыс етті.

Баспаналардың барлығы да тұрмысқа қолайлы. Ағымдық жөндеуден өткізілген.

Үйлі болған аналар қауымы облыс әкіміне, аудан басшылығына алғыстарын білдіріп, ақжарма тілектерін жолдап жатты.

Көкпекті

Бұл күні Көкпекті ауданында 34 көпбалалы отбасыға пәтер кілттері табыс етілді. Оның 10-ы Самар, 6-уы Көкпекті, өзгелері Үлкенбөкен, Аққала, Құлынжон, Тассай, Преображенка, Сарыбел, Қара-өткел ауылдарында тұратын отбасылар-ға берілді.

Аудан орталығы Көкпекті ауылындағы Мәдениет үйінде өткен шарада аналар қауымына үй кілттерін аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы табыс етті.

— Бүгін Көкпекті ауылында қуанышты күн. Аудандағы 34 көпбалалы отбасы жаңа үйге ие болды. Бұл облыс аудандары арасындағы ең үлкен көрсеткіш. Қоныстарыңыз құтты болсын. Тек жақсылықта жүздесейік, — деді аудан әкімі.

Салтанатты кештен соң Асхат Сайдахметұлы жаңа үйге ие болған екі отбасының қуанышына ортақтасып, шаңырақтарына кіріп шықты.

Жарма

Акция аясында Жарма ауданында тұратын көпбалалы аналар да баспаналы болды. Нақтырақ айтсақ, аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин жергілікті көпбалалы 17 отбасына баспана кілттерін салтанатты түрде тапсырды. Бұл тұрғын үйлер негізінен өңірге қарасты Шалабай, Бақыршық, Жаңғызтөбе, Жаңаөзен, Сұлусары ауылдарынан берілді. Жаңа қоныс иелерінің көпшілігі «Күміс алқа» иегерлері.

Айта кетсек, баспаналарды сатып алуға облыстық «Парыз» қорынан қомақты қаржы бөлінді. Яғни, бюджеттен тыс қаражат көзі қарастырылып, жергілікті кәсіпкерлер мен жаны жомарт демеуші азаматтар қол ұшын созған болатын. Осылайша, облысымыздың барлық аудандары  бойынша 230 көпбалалы отбасы баспаналы болды.

«СТ»-ақпарат

{jcomments off}

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

3 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

3 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

4 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

5 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

5 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

5 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

6 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС