Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АРЫС БАЛАЛАРЫ ШЫҒЫСТА ТЫНЫҒАДЫ

12.07.2019
FacebookWhatsappTelegram

Апта сәрсенбісінде шығысқа оңтүстіктегі апат орын алған Арыс қаласынан 150-ге жуық балақай келді. Осы орайда Семей қаласындағы теміржол вок-залында балаларды қарсы алу салтанаты болып өтті. Аталмыш шараға қалалық әкімдіктің қызметкерлері, білім бөлімінің мамандары, қоғам белсенділері мен Достық үйіндегі этномәдени орталықтар мүшелері және Катонқарағай мен Глубокое ауданына қарасты балалардың жазғы сауықтыру лагерлерінің жетекшілері мен БАҚ өкілдері жиналды.

Қызылорда-Семей пойызынан түскен балғындар салтанатпен күтіп алынды. Достық үйіндегі «Ахау Семей!» орталығының ақ кимешекті әжелері қазақы дәстүрге сай шашу шашып зор қошеметпен қарсы алды. Түркістан облысынан жеткен балалар да қуанышты екендіктерін жасырған жоқ.

Жиналғандар алдында Се-мей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев сөз алып, ізгі тілек білдіріп, барша балақайға ақ жол тіледі.

-Құрметті жас достар, әйгілі Шәмшінің әсем әніне арқау болған ардақты Арыс бойынан қасиетті мекен Абай, Мұхтар, Шәкәрім туған өлкеге, Өр Алтай, қарт Шыңғыс, әсем  қала Семейімізге қош келдіңіздер дегім келеді. Бүгінгі күні бүкіл қазақ елі, барша Қазақстан халқы Арыспен бірге. Оны өздеріңіз күнделікті көріп те, сезініп те жүрсіздер. Сол Арыс қаласымен бірге екендігімізді тағы бір мәрте дәлелдеу үшін, облыс әкімі Даниал Ахметовтың тікелей тапсырмасы бойынша Арыс қаласынан шығыстың шырайлы жеріне 300 баланы қабылдау туралы шешім шығарылған болатын. Алғашқы лек міне, өздеріңізсіздер. Семей жеріне, Өр Алтай жеріне, Өскемен қаласына қош келдіңіздер. Жақсы демалыс тілеймін, күш-қуат жинап, оқуларыңызға тың дайындықпен барып, ата-аналарыңызды қуан-тасыздар деген үлкен сенімдеміз. Мерекелеріңіз құтты болсын, жақсы мерекелік көңіл күй тілеймін, — деді өз сөзінде А.Серікқазыұлы.

Салтанатты шара барысында қалалық өнерпаздар ұжымдарының ән шашуы да ұсынылды.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенконың айтуынша, арыстық балалар облысымыздағы үш лагерьде демалып, жаз қызығына кенелетін болады. Атап айтсақ, Глубокое ауданындағы Үлбі өзені бойында орналасқан «Дарын» лагері, Катонқарағай ауданындағы «Арайлы шығыс» атты балалардың жазғы демалыс лагері және Семейдегі «Қарағайлы» балаларды сау-ықтыру орталықтары 50 баладан қабылдауға әзір екен. Бұл келіп жеткен алғашқы лек. Алдағы уақыттарда тағы 200-дің үстіндегі арыстық балақайлардың аймағымызға келуі күтілуде. Білім бөлімі мамандарының айтуынша, олар Риддер мен Глубокое аудандарындағы сауықтыру лагерлерінде және Алакөл жағалауындағы «Үржарайым!» лагерінде тынығатын болады. Бұл игі шаралардың барлығы облыс әкімі Даниал Ахметовтің әскери қоймадағы жарылыстардан зардап шеккен Арыс қаласы тұрғындарына жәрдем көрсету мақсатындағы бастамасына орай ұйымдастырылуда.

Арыстық балалар аймағы-мыздағы табиғаты ерекше орындарда демалып, суға шомылып, аумаққа экскурсияға шығып, би кештеріне, түрлі байқауларға қатысып, уақытты мейлінше тиімді өткізетін болады. Сонымен қатар, балақайлар үшін психологиялық жүктемеден арылу бөлмелері, игротекалар жұмыс жасамақ. Оларға біліктілігі жоғары топ жетекшілері мен шығармашылық тұрғыдағы нұсқаушылар қызмет көрсетпек. Ал, балалардың жол шығынын облыстық білім басқармасы көтеріп алыпты.

— Сонау Шымкенттен жол жүріп келдік, — дейді балаларды Арыстан арнайы әкелген топ жетекшісі Фариза Тұрымбетова, — Бүгінгі қарсы алу рәсімінен алған әсеріміз ерекше. Біздің балаларға осындай ерекше қамқорлық жасап жатқан Абай еліне, Семей халқына ризамыз. Қиын-қыстау сәтте қамқорлық танытқандықтарыңызға үлкен рақмет!, — деп ризашылық пейілмен пікір білдірді.

Сонымен қатар, Арыс қаласынан келген топ жетекшілері көрсетіп жатқан көмектері үшін облыс әкімі Даниал Ахметовке, қиын-қыстау сәттерде қол ұшын созып, қолдау көрсеткен, материалдық тұрғыдан қайырымдылық жәрдемін жасаған барша шығысқазақстандықтарға риза-шылықтарын білдіріп жатты.

Ал, вокзал перронында өткен салтанатты түрдегі қарсы алу рәсімнен кейін оңтүстіктен жеткен балақайлар арнайы әзірленген қоғамдық көліктер арқылы бірден жазғы лагерлерге жол тартып кетті. Ел шығысындағы осынау ерекше демалыс олардың жадында ұзақ уақыт бойы сақталары анық.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы».{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

3 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

3 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

4 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

5 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

5 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

5 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

6 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС