Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АЛАКӨЛ ЖАҒАСЫ ЖЫЛ ӨТКЕН САЙЫН КӨРКЕЙІП КЕЛЕДІ

16.07.2019
FacebookWhatsappTelegram

Өткен аптаның соңында облыс әкімі Даниал Ахметов арнайы жұмыс сапарымен Үржар ауданында болып қайтты. Аймақ басшысы бұл жолғы сапарында да Алакөл жағасына барып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, берілген міндеттемелердің орындалу барысын тексерді.

Отандық туризм саласы бойынша облысымыздың табиғи мүмкіндігі аса зор. Еліміздің әлемдік туризм индустриясы бойынша сүбелі үлес алуына әсіресе Алакөл көлінің қосары мол. Оның шипалы суы, әсем табиғаты шетелдік демалушыларды әлі де таңғалдыруда. Биылғы жылы 1 млн. демалушы көл басында тынығады деп  күтілуде. Бұл ретте, Алакөл  жағалауындағы демалыс орындарының аты алыс-жақынға таныла бастаған. Келушілер санының артуы аймақтағы туристік нысандарды дамыту мен инфрақұрлымды жақсарту қажеттілігін туғызуда. 2016 жылдан бастап күрт қарқын алған бұл бағыттағы жұмыстар кәсіпкерлік субъектілердің өсуіне де жол ашуда.

Қазіргі таңда Алакөл басында туристерге 333 коммерциялық нысан қызмет көрсетіп отыр. Оның ішінде 175 демалыс үйлері, 2 қонақ үй, 29 дүкен, 56 дүңгіршек, 10 дәмхана, 8 асхана, 4 бар, 2 мейрамхана, 2 дәріхана мен аквапарк бар. Сонымен бірге, көл жағалауында жалға берілетін катерлер, катамарандар орналасқан. Бұдан өзге 38 салық төлеуші таксилер де тұрақты түрде қызмет көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, Алакөл басындағы қызмет көрсету ісі сапалық деңгей тұрғысынан анағұрлым жоғарылап келеді.

Атқарылған жұмыстар жайында кең көлемде мағлұмат берген Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин бірқатар мәселелерге де тоқталып өтті.

— Қоғамдық тәртіпті және жол көлік оқиғаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлығы 55 полиция қызметкерлері тартылып, оның ішінде 45 қызметкер облыс орталығынан іс-сапармен жолданды. Сонымен бірге 80 бейнебақылау камералары орнатылды. Арбаттағы демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы шлагбаум қойылды. Азық-түлік кіргізетін және тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаратын автокөліктердің кіріп-шығу мерзімі көрсетілген арнайы кесте жасалды. Көше саудасын реттеу бойынша да жұмыстар жүргізілді. Алайда, тыйым салынғанына қарамастан кәсіпкерлердің «Арбат» орталық демалыс алаңын көше саудасына айналдырып, әлеуметтік желілерге негізсіз ақпараттар жариялауы әкімшілік пен кәсіпкерлер арасында  түсініспеушілік туғызады, — деді Үржар ауданының әкімі С.Зинабекұлы өз сөзінде.

Даниал Кенжетайұлы Алакөлдің орталық жағалауын аралай отырып, аудан басшылығына нақты тапсырмалар берді. Бұл орайда көл басындағы тазалық пен қоғамдық тәртіпті алдыңғы орынға қою керектігін міндеттеді.

— Заң талаптары азаматтардың барлығына ортақ. Өрт қауіпсіздігі мен тазалық міндетті түрде сақталуы қажет, — деді облыс әкімі жағалау қызметтерін тексеру барысында.

Кәсіпкерлердің қатысуымен өткен жиын барысында Даниал Кенжетайұлы алдағы төрт жылда Алакөлдің дамуына 30 миллиард теңге қаржы бөлінетінін, елімізге келетін туристерге барлық жағдай жасалатынын тілге тиек етті.

Мұнымен қоса  Мақаншы ауылынан Көктал ауылына дейін 110 кВТ-тық электр желілерін тарту да жоспарға енгізіліп отыр. Бұл әрине, өңіріміз үшін  жағымды жаңалық болмақ. Естеріңізге салсақ, қазіргі кезде Алакөлге апаратын автожолдар жөнделініп, Үржар ауылына дейінгі әуе рейстері жолға қойылған. Осы шараларға қарап-ақ өңір туризмі дамудың бірнеше сатыларынан өткенін аңғаруға болады. Алдағы уақытта Алакөл жағалауы одан әрі көркейеді деген үміттеміз.

Аймақ басшысы көл жағалауындағы күзгі-көктемгі толқыннан келер залалдың алдын алуға да назар аударды. Екі шақырымға жуық жағалауды бекіту жұмыстарымен қатар, толқындарды ұстайтын құрылғылар орнату да алдағы уақытқа жоспарлануда. Бұл жұмыстар аудан басшылығының тікелей назарында тұр.

— Алакөлде жоғары стандартқа сәйкес келетін қонақ үйлер мен емдік-сауықтыру кешендері салынады. Австриялық әріптестердің іс-тәжірибесіне сүйене отырып, радон суын игеруді де қолға аламыз. Қабанбай ауылы мен Алакөл жағалауына дейінгі аралықта ұзындығы 2,6 км, ені 6 метр болатын велосипед жолы абаттандырылады. Сондықтан, құрметті кәсіпкерлер, өз тараптарыңыздан салыққа баса назар аударсаңыздар, – деді жиынды қорытындылау барысында облыс әкімі Даниал Ахметов.

Жергілікті кәсіпкерлер де аймақ басшысына сауалдар қойып, тұшымды жауап алды. Ұсыныстар мен өтініштер де болды.

-Бірнеше жылдар бұрын салынған демалыс үйлерінің таяу жылдарда суға кету қаупі бар. Осы жайтты назарда ұстасаңыздар, — деген өтініш білдірді  кәсіпкер Б.Аукенов. Облыс әкімі бұл мәселені өз бақылауына алатынын, уақыт ұзатпай шешуге тырысатынын айтты.

Қазіргі кезеңде Алакөл жағалауындағы туризмді дамыту басты назарда тұр. Бұл ретте аймақ басшысы Д.Кенжетайұлының бастамасымен бірқатар шаралар нәтижелі жүргізілуде. Осы сапары барысында облыс әкімі оған анық көз жеткізді.

Ақерке АЛТЫНБЕКОВА, «Семей таңы».{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

3 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

3 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

4 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

5 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

5 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

5 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

6 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС