Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

СЕМЕЙДЕ ГИБРИДТІ ОТА ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

16.07.2019
FacebookWhatsappTelegram

Апта жексенбісінде Семей қаласындағы жедел медициналық жәрдем көрсету ауруханасында айтулы жаңалық орын алды. Байтақ республикамыз бойынша тұңғыш рет гибридті операция жасау залы салтанатты түрде ашылды. Аталмыш шараға облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, қала әкімі Ермак Сәлімов және Отанымыз бойынша денсаулық сақтау саласының майталман мамандары қатысып, лента қию рәсімін жасады.

Облыс әкімі Даниал Ахметов осыдан біраз бұрын Семей қаласына жасаған сапары барысында қаламыздағы Жедел медициналық жәрдем көрсету ауруханасын соңғы үлгідегі заманауи технологиялармен жабдықтап, уақыт талабына толығымен сай ету туралы тың бастамалар аясында айрықша шаралар қолға алынатынын айтқан болатын. Көп ұзамай, міне, қуанышты жайт та орын алды.

Аталмыш шараға орай, Нұр-Сұлтан қаласындағы ұлттық нейрохирургия орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы,​ ҚР ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Серік Қуандықұлы Ақшолақов арнайы келген болатын. Әлем бойынша аса күрделі саналатын нейрохирургия саласының білікті маманы гибридті операция залының ашылу салтанатында лента қию рәсіміне қатысып, семейлік дәрігерлер қауымына құттықтау лебіз де білдірді.

Жалпы, гибридті операция залы отаның барлық күрделі түрлерін жасауға мүмкіндік береді. Соның ішінде инсультті емдеуде ең жоғары деңгейлі инвазивті көмек көрсетуге қолайлы жағдай жасайды. Бұл күнгі аталмыш залда засалған алғашқы операция сәтті өтті. Ер адамның миындағы қатерлі ісікке жасалған ауыр ота төрт жарым сағатқа созылды. Емделушіге осыған дейін екі мәрте операция жасалынғанымен дәрігерлер күткендей нәтиже болмапты. Ал, бұл жолғы отаға отандық нейрохирургия мэтрі Серік Қуандықұлы өзі жетекшілік етті. Бұл бір есептен семейлік дәрігерлер үшін үлкен тәжірибе көзі еді. Ал, түстен кейін БАҚ өкілдері алдында арнайы баспасөз мәслихаты өтті.

Басқосу барысында алғысөзді облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова алып, осынау шараның аймағымыздағы медицина саласындағы алар орнына, мән-маңыздылығына кең көлемде тоқталып өтті.

— Семейдегі Жедел медициналық жәрдем көрсету ауруханасы Семей өңірінің 700 000 тұрғынына медициналық көмек көрсетеді, — деді өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, — Осылайша бұл аймақтың стационарлы көмегінің 40 пайызын жабады. Жыл сайын 24 000 тұрғын емхананың қабылдау, диагноз қою бөлімінен тексерілуден өтіп, оның 14 000 науқасы ауруханаға жолданады. Бұндай көп мөлшердегі сырқаттар жаңа гибридті операциялық залдың жұмысының керек екендігін растайды. Адамдарға шұғыл түрде кешенді медициналық көмек көрсетуге толық мүмкіндік бар. Әсіресе, қан тамырлары жүйесінің бұзылуы кезінде, түрлі көп деңгейлі жарақаттарда, инсульт пен инфаркттерде жаңа технологияларды іске қосу арқылы емдеуге болады. Біз бұрын нейрохирургия саласында операциялар жасасақ, енді кардиоинтервенцияға да ауысып жатырмыз. Дәрігерлеріміздің барлығы облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен шетелдерден, атап айтқанда, Лондоннан оқып, білімін жетілдіріп келді. Яғни, жоғары біліктілігі бар мамандар. Ал, бүгінгі ашылып отырған гибридті операция залын әзірлеуге 2,3 млрд теңге, құрал-жабдықтарына 1,7 млрд теңге бөлінген еді. Маңыздылығы сол, мұнда облыстың басқа да аудан-қалаларынан емделушілер келе алады. Біз халықтың денсаулығын жақсарту барысында осындай гибрдті ота жасау залын ашып отырмыз.

Аталмыш жаңашылдықтың берері сол, ендігі аралықта ауруханаға аса күрделі жағдайда түскен науқастарды Нұр-Сұлтан қаласына апарып жатудың қажеті жоқ. Семейлік хирургтар гибридті ота залында өздері-ақ операция жасай алады. Бұл жайында пікір білдіріп өткен Серік Қуандықұлы семейлік дәрігерлердің біліктілігіне жоғары баға берді. Сонымен қатар, операцияның аса күрделі түрлерін жасау бойынша аталмыш жедел жәрдем ауруханасының мүмкіндіктері жеткілікті екенін айтып өтті.

Мұнымен қоса, елордалық мәртебелі мейман БАҚ өкілдері тарапынан өзіне қойылған бірқатар сауалдарға да жауап қайырды. Атап айтсақ, жаңадан ашылған айрықша операциялық залдың артықшылықтары туралы кеңінен сөз етті.

-Гибридті ота жасау залының стандартты ота залдарынан ерекшелігі сол, онда бір мезгілде бір адамға бірнеше операциялық ем-шараларды қатар жасауға болады. Мәселен, бас миына, ішкі құрылыстарға және аяқ-жамбас бөлігіне от жүргізу мүмкіндігі бар. Бұл әсіресе көлік апатына түскен жандарға дәрігерлік көмек көрсетуде таптырмайтын шара. Сонымен қатар, операция үстелінен шыққан емделушіні компьютерлік томографиялық тексеруден өткізу де осы залдың өзінде жүргізілетіндіктен, дәрігерлер үшін артық машақат туындамайды, — деді еліміздің бас нейрохирургі.

Серік Қуандықұлы сонымен қатар, байтақ еліміз бойынша бірегей саналатын осынау айрықша операциялық залды ашуға бастамашы болған облыс әкімі Даниал Кенжетайұлына, Жедел медициналық жәрдем көрсету ауруханасының басшылығы мен хирург-дәрігерлеріне зор алғысын да білдіріп өтті.

Гибридті ота залының басты ерекшелігі сол, мұнда заманауи үлгідегі медициналық құрылғылардың тұтас кешені орналастырылған. Ендігі аралықта науқастар Нұр-Сұлтан қаласына сабылмайтын болады. Ал, мұнда жасалынатын ота мемлекет есебінен тегін түрде жүргізіледі. Яғни, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылатын тұрақты жарнасы бар әр азамат кезекке тұрып, ота жасата алады.

Жедел медициналық жәрдем ауруханасының директоры Ерлан Бүркітовтың айтуынша,​ гибридті операция залы аурухананың қызыл аймақтағы бөлігінде орналасқан. Бұл оның өте күрделі деңгейдегі науқастарға арналған бөлім екенін білдіреді. Енді аймақ тұрғындарына күрделі операция жасату үшін шет ел асудың еш қажеті жоқ.

Баспасөз мәслихаты барысында сөз алған ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысы Ілияс Мұхаметжанның айтуынша, семейлік дәрігерлер 2017 жылдан бастап шетелдерде біліктілік шыңдау бойынша мейлінші белсенділік танытуда. Мәселен, осы кезеңге дейін гибридті операциялық ота залында жұмыс жүргізу бойынша жалпы саны 43 маман арнайы оқу курстарынан өтіп келіпті. Бұл бағыттағы шаралар биылда жалғаспақ. Атап айтсақ, алдағы қыркүйек айында тағы 12 маман шетелдерде біліктілік шыңдайтын болады.

Айта кетерлігі сол, есік ашқан жаңа медициналық нысан халықаралық JCI стандарттарының талаптарына толығымен сай келеді.

Азамат ЕРСАЙЫН, «Семей таңы».

Связанные новости

В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

09.05.2026
В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

В Департаменте государственных доходов по области Абай напомнили жителям региона о правах потребителей при покупке товаров и услуг. Заместитель руководителя...

Читать далее ...

В области Абай усилены меры безопасности на воде

09.05.2026
В области Абай усилены меры безопасности на воде

В регионе в период купального сезона ведётся комплекс профилактических и организационных мероприятий, направленных на предотвращение чрезвычайных ситуаций на водоёмах. Об...

Читать далее ...

В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

09.05.2026
В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

В преддверии Дня Победы аким области Берик Уали связался с ветераном Великой Отечественной войны Григорием Маларовым, который в праздничные дни...

Читать далее ...

В области Абай широко отмечают День Победы

09.05.2026
В области Абай широко отмечают День Победы

9 мая — День Победы — широко отмечается в области Абай. В честь памятной даты в городе Семей организован ряд...

Читать далее ...

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

09.05.2026
Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

Уважаемые соотечественники! От всей души поздравляю вас c Днем Победы! 9 мая мы с искренней признательностью воздаем должное великому подвигу...

Читать далее ...

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Появление партии Adilet отражает изменение электоральных и идеологических парадигм в стране. На этом фоне партия Amanat, сохраняющая статус правящей до...

Читать далее ...

Новости

В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

5 часов назад

В области Абай усилены меры безопасности на воде

6 часов назад

В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

6 часов назад

В области Абай широко отмечают День Победы

6 часов назад

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

6 часов назад

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

2 дня назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

2 дня назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

2 дня назад

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

2 дня назад

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС