Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІНЕ АРНАЛДЫ

16.07.2019
FacebookWhatsappTelegram

Өткен аптада Өскеменде  облыстағы ауыл әйелдерінің Форумы болып өтті. Аталған шараға Шығыс Қазақстандағы  бизнесте белсенді  нәзік жандылар мен  ұстаздар, дәрігерлер, көп балалы аналар және еңбек ардагерлері қатысты.  Форум бағдарламасы бойынша  пленарлық отырыстан басталған  шара барысында  мастер класстар  мен тренингтер ұйымдастырылып,  өмірде  жақсы жетістіктерге қол жеткізіп жүрген  әйелдермен кездесу өткізілді.

Шараны   ШҚО әкімдігі   «Жасыл» экономика коалициясы және G-Global-ды дамыту» ЗТБ, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, бірқатар халықаралық  қорлардың қолдауымен ұйымдастырды.

Бүгінгі таңда  облыс тұрғындарының 45 пайызы ауылда тұрады. Ауылдағы  шығысқазақстандықтар    3 322 шаруашылықты жүргізіп, 795 шағын және орта бизнес субъектілерінде кәсіпкерлікпен айналысады. Аймағымыздағы әкімдер арасында  Бородулиха ауданына әйел адам басшылық жасайды, 24 ауылдық округ әкімі, 57 депутат, 372 әр саладағы мемлекеттік мекеме басшылары да  нәзік жандылар.

Қазір әлеуметтік саясаттың  басымдық беріліп отырған саласы  көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету болып табылады.  Аталған жанұя балалары мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылып жүр. Биыл жаңа оқу жылында  тегін мектеп киімдері берілмек. Мұндай  жанұялардың мектеп жасына дейінгі  балалары мен қоғамның мүмкіндігі шектеулі тобына жататын кішкентай азаматтар  бақшаға тегін барады.

11 маусым күні аймағымыздағы 230  көп балалы жанұяларға  бюджеттен тыс қор есебінен тұрғын үйлердің кілттері  тапсырылды.

Облыс әйелдері мемлекет тарапынан ұсынылатын мүмкіндіктерді барынша пайдаланып, кәсіпкерлікпен белсенді айналысуда. Бұл бағытта нәтижелі жұмыспен қамту бойынша 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» және «БЖК-2020» бағдарламалары іске асырылуда.

Жалпы, әйел адамдардың қаржылық және қаржылық емес мемлекеттік қолдаудың барлық іс-шараларына қатысуы 2018 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсті. Бүгінде барлық кәсіпкерлердің 40%-ын нәзік жанды азаматшалар құрайды.

Бағдарламаға қатысу «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқуға мүмкіндік береді. Оқыту кезінде тыңдаушыларға кәсіпкерлік жүргізу үшін идеялар ұсынылады, сондай-ақ олар бизнес-жобаларды сүйемелдеумен стипендия мен көмек алады. 2018 жылы «Бастау бизнес» оқыту жобасы ШҚО-ның 15-аудан, 2-қала және 4 моноқалада жүзеге асырылды. Барлығы 2895 адам оқытылды, оның ішінде 1263-і әйел адамдар. Ағымдағы жылы облыстың 19 қаласы мен аудандарында оқыту үрдісі жалғасып, 1400 тыңдаушы қамтылды, оның 560-ы әйелдер. 1204 адам бизнес-жоспарларын табысты қорғап, 261 жоба қаржыландырылды.

Осы жоба бойынша қосымша 1050 адамды оқыту жоспарланған.

Мысалы, Көкпекті ауданының тұрғыны Жанна Жапекова бірінші санаттағы мүгедектігіне қарамастан, жоба бойынша білім алып, грант қаражатына тігін цехын ашты. Қазіргі кезде кәсіпкер ауылда бизнесін дамытып, қолөнердің 500-ден астам түрін шығаруда. Сонымен қатар, ол киімдер тігіп, оны қалпына келтірумен де айналысады. Жанна өз қолынан шығарған өнімдерін әлеуметтік желілер арқылы сатады. Қазіргі таңда бизнес-ханым мемлекеттің қолдауын толығымен пайдаланып, ауылдағы жұмыссыз адамдарды еңбекпен қамтып, бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама бойынша үміткерлер 5 жыл мерзімде 16 млн.теңгеге дейін, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтері бойынша жобалар үшін 7 жылға дейін шағын несие ала алады. Несиенің сыйақы мөлшерлемесі     6% -ды құрайды.

Бұдан басқа, кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда, кредиттер бойынша кепілдіктер беру мүмкіндігі қарастырылады. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін қаржы институттарының кепілдіктері кредит сомасының 85%-ын, ал жұмыс істеп тұрғандар үшін — 50%-ын құрайтын болады.

Жалпы, облыста шағын несиелеумен 4,2 млрд.теңге сомасына 1166 адамды қамту жоспарланған, оның ішінде ауылдық жерлерде 3,2 млрд. теңге сомасына 956 кредит, қалаларда 931 млн. теңге сомасына 210 кредит беріледі.

Осы бағдарлама бойынша 45 кәсібін жаңа құрған әйел кәсіпкерлер шағын несие алды, оның 35-і жеке ісін ашты.

Бұдан басқа, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа бизнес-идеяларға 100 АЕК (252,5 мың теңге) дейінгі мөлшерде мемлекеттік гранттар беріледі. Осы мақсатқа бюджеттен 67,7 млн. теңге бөлінді.

Мәселен, өткен жылы шығысқазақстандық Наталья Ивашкина гранттық қаражатқа экзотикалық шипалы шөптерді өсіруге арналған жылыжайды ашты. Қазір өз бизнесін табысты дамытуда.

Сондай-ақ, оқытушыларды 3 тілде оқытатын тіл орталығын облыс тұрғыны Майра Нұрбаева алған ақысыз мемлекеттік қаражатқа ашты.

Биылғы жылы Үржар ауданында қатысушы А.Байтугунова 252,5 мың теңге көлемінде ұлттық тағам өндіру үшін жаңа бизнес-идеяларды дамытуға мемлекеттік грант алды.

Зайсан ауданында Р.Исабаеваға аяқ киім тігу және жөндеу цехын ашуға грант берілді.

Сондай-ақ, республикалық бюджеттен 200 АЕК-ке (505 мың теңге) дейін гранттар беруге 367,1 млн. теңге көлемінде қосымша қаражат бөлінді. Барлығы 727 адам грантқа ие болады.

Айта кетейік, өтеусіз мемлекеттік гранттар бизнеске қажетті құрал-жабдықтар, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтар мен ірі қара, ұсақ мал, құс сатып алуға беріледі.

Облыстың көп балалы аналары да өз ісін ашуға белсенді қызығушылық танытуда. Жалпы, 200 АЕК (505 мың теңге) көлеміндегі грантқа аз қамтылған көп балалы отбасы мүшелері мен мүмкіндігі шектеулі еңбекке жарамды аз қамтылған тұлғалардың ішінен 69 адам өтініш берді.

Нәтижесінде 26 млн. теңгеге әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың 55 өкілдерінің өтінімдері мақұлданды.

Негізінен аналар ауыл шаруашылық, кондитерлік тағамдармен айналысуға, тігін жабдықтарын сатып алуға қызығушылық танытуда.

Бұл бағытта барлығы 181 грант мақұлданды, оның ішінде 44 гранттың иесі әйел адамдар.

Естеріңізге сала кетейік, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 200 АЕК құрайтын гранттар 727 адамға беріледі. Бұл мақсатқа 367,1 млн. теңгеге қарастырылған. Облыс бойынша гранттарды үйлестіріп, беру жұмыстарын ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімге аяқтау жоспарланған.

Форумда  еңбек ардагерлеріне облыс әкімінің атынан  ақшалай сыйлықтар мен марапат қағаздары тапсырылды. Олардың қатарында жолдасымен бірге мал шаруашылығымен айналысып, кәсібін дөңгелетіп отырған 8 бала, 16 немере, 12 шөбересі бар әулеттің анасы,  Катон-Қарағай ауданынан келген 77 жастағы  Сабиля Құрманова бар.

Әйердер Форумы облыстағы нәзік жандылардың бүгінгі жұмысына баға, алдағы жұмысына бағыт берген маңызды шара болды.

Роза ПҰШПАҚОВА, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

09.05.2026
В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

В Департаменте государственных доходов по области Абай напомнили жителям региона о правах потребителей при покупке товаров и услуг. Заместитель руководителя...

Читать далее ...

В области Абай усилены меры безопасности на воде

09.05.2026
В области Абай усилены меры безопасности на воде

В регионе в период купального сезона ведётся комплекс профилактических и организационных мероприятий, направленных на предотвращение чрезвычайных ситуаций на водоёмах. Об...

Читать далее ...

В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

09.05.2026
В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

В преддверии Дня Победы аким области Берик Уали связался с ветераном Великой Отечественной войны Григорием Маларовым, который в праздничные дни...

Читать далее ...

В области Абай широко отмечают День Победы

09.05.2026
В области Абай широко отмечают День Победы

9 мая — День Победы — широко отмечается в области Абай. В честь памятной даты в городе Семей организован ряд...

Читать далее ...

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

09.05.2026
Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

Уважаемые соотечественники! От всей души поздравляю вас c Днем Победы! 9 мая мы с искренней признательностью воздаем должное великому подвигу...

Читать далее ...

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Появление партии Adilet отражает изменение электоральных и идеологических парадигм в стране. На этом фоне партия Amanat, сохраняющая статус правящей до...

Читать далее ...

Новости

В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

5 часов назад

В области Абай усилены меры безопасности на воде

5 часов назад

В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

6 часов назад

В области Абай широко отмечают День Победы

6 часов назад

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

6 часов назад

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

2 дня назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

2 дня назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

2 дня назад

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

2 дня назад

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС